Жемқорлықсыз болашақ

2016 жылдың 5 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Орал қалалық №3 мектебінде «Біздің болашағымыз жемқорлықсыз» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді.
Аталған шараның мақсаты өскелең ұрпақтың өзінің мемлекеті алдындағы жауапкершілік сезімінде тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ашық азаматтық айқындама, сондай-ақ бұл мәселеге қатысты жеке ой-пікірлерін қалыптастыру болып табылады.
10-11 сынып оқушылары сыныптан тыс сабақты дискуссия түрінде өткізіп, тәртіп бойынша үш топқа бөлінді. Тартыс барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері, жемқорлыққа қарсы қозғалыста жастардың рөлі талқыланды.
Сабақ кезінде оқушылар тақырып бойынша ребустар шешіп, ұсынылған оқиғалардан жемқорлық көріністеріндегі жағдайларды қарап, және нұсқап отырды. Сонымен қатар, 11 сынып оқушылары сыбайлас жемқорлық әрекеттері қандай өмірлік қайғы-қасіретке әкеп соқтыратын жағдайларды видеороликке түсірген.
Бұл шараға Департаменттің өкілі М.Харесова қатысып, өз кезегінде, бүгінгі сыныптан тыс сабақтың үлкен мәселені қозғағандығын, ойланатын, айтылатын нәрселердің бар екендігін атап өтіп, оқушыларға өмірдің олардың алдына қойған көптеген мәселелерді шешуде, кез-келген жағдайларда заңнан айналып өтпей, дұрыс шешім қабылдауға тырысу керектігін айтты.
