ҚР ДСӘДМ-де Қазақстанда медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жобаны жүзеге асыру Жол картасы жасалды
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Ол өз сөзінің басында Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 80 қадамын жүзеге асыру және Денсаулық сақтау саласын дамытудың "Денсаулық" 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отырғанын еске салды. Президент «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 16 қарашада қол қойды. «Бүгінгі таңда «МӘМС жүйесін енгізу туралы» жобасын жүзеге ас…

