Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Өзбектер қазақтарға шапан жапты

Қысқа да нұсқа ақпарат!
Шымкент қаласының іргесінде орналасқан өзбек ағайындар көп шоғырланған Сайрам ауылында бүгін берекелі кеш өтті. Оңтүстіктің белгілі айтыскер ақыны Біржан Байтуов пен Нұрлан Есенқұлдың айтысы жиылған жұрттың көңілін көтеріп, ерекше әсер сыйлады. Ақындар елдікті, ұлтаралық татулықты айтып, жырларымен "бірлік жібін" байлап, ұлттық өнерімізге өзбек ағайындарды тамсантты. Сайрам тұрғындары, мешіт имамдары ақындардың сөзіне риза болғаны соншалық құрметтеп қос ақынға шапан жауып, ақсақалдары батасын беріп алғысын айтты. Бұл ұлттық өнеріміздің беделі мен берекесінің дәлелі.


1
0
2629

Осы тақырып бойынша