Жемқорлықты жою ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық париотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу туралы айтылған.
Осыған орай, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО департаменті 2016 жылдың 5 ақпан күні Орал қалалық №33 мектептің 9-10 сынып оқушыларына мектеп басшылығымен бірлесіп «Жемқорлықты жою ортақ міндет» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді.
Шара барысында жемқорлық қоғам дерті және онымен жұмыла күресу керектігі жөнінде әңгіме қозғалып, толық мағұлмат берілді.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытында тақырыптық видеороликтер көрсетілді.
