Мазмұнға өту

Жаңа

Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, онда Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстерге енгізілетін түзетулер талқыланды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/zandylykty-kukyktyk-trtipti-zhne-kylmyska-karsy-kuresti-kamtamasyz-etu-zhoninde-20

0
0
427

«Тарих беттерін парақтасақ: Ыбырай Алтынсарин кезеңі»

19 ақпанда «Тарих беттерін парақтасақ: Ыбырай Алтынсарин кезеңі» атты іс-шара өтті. Ұлы жазушы, педагогтың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған тарихи калейдоскопқа №2 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушылары қатысты. Кездесу мақсаты - қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин туралы, оның қазақ қоғамында қандай орын алатыны туралы, оқу және әдебиет саласына қанша үлес қосқаны туралы балаларға айтып беру. Қазақстанның ХІХ ғасырдағы халықтық білім беру деңгейімен таныстыру. Сонымен қатар Алтынсариннің сол ауыртпалығы мол жылдардағы өмірі мен еңбек жолы туралы, сол қиындықтарға қарамастан өзінің жеке тұлғалық қасиеті арқасында тұтастай халық мектептері желісін ұйымдастырғаны туралы да сөз болды. Кездесу барысында «Ыбырай Алтынсарин - ұлт мақтанышы», «19 ғасырдың техникалық жаңалы…

0
0
1175

ЭТНОПЕДАГОГИКА МҰРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ОРНЫ. М.қыдырбайұлы

ЭТНОПЕДАГОГИКА МҰРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ОРНЫ Мұхамедрахим Қыдырбайұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Астана, [email protected] Данный материал представляет собой выявление эффективного направления систематизации и практического применения материалов этнической педагогики с использованием Интернет ресурсов в условиях современной системы образования в Казахстане This materials is the identification of the effective direction of systematization and application value ethnic pedagogy using Internet resources in a modern system of education in Rebublic of Kazakhstan Этнопедагогика ғылымының бүгінгі зерттелу барысын ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары мен медиа құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Ғылым мен техника жетістіктерінің уақыт өткен сайын қолжетімді болуы, осы б…

Көркем мінез — көрігің

Адам мінезінің ең көріктісі - қарапайымдылық.  Шынымен,  қарапайым адамды көрсең көңілің жайланып қалады.  Ол адаммен тілдескеннің өзі бір ғанибет қой,  шіркін.  Мінезі көркем адамның өзі де көркем келетін сияқты ма,  қалай?!  Бірақ кейде аузын ашса жұлып жердей болып тұратын қыз-жігіттерді де кезіктіресің.  Тіпті,   сол мінездерін мақтаныш көретіндер де бар арасында.  Жұмыста өзін мойындау үшін керек па екен,  бәлкім?!  Кейбіреулері "қанға сіңген мнезім,  енді қайтем?!", - деп ақталғандай болады. Айтқым келгені, қандай заман болмасын мейірімділік,  сабырлылық,  кішіпейілділік сияқты көркем мінездерді бойымыздан арылтпайық.  Əр айтқан сөз,  жүріс-тұрысымыз мінез қалыптастырудың критерийлері.  Оны қадағалап,  жөндеуге болады ғой.  Ендеше,  іске сəт.  Əрқайсысымыз өзімізден бастайық!

0
0
1072

Бесік жыры 2, «Әлди, әлди бөпешім»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Колыбельная «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Балапан телеарнасы «Айжұлдыз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Өміріме, нұр берген,

Гүл жайнатып, тербеткен.

Бақ нұрымен, төгілген,

Тәй – тәй басып, жүгірген.

 

Әлдилетіп, ән айтып,

Қараймын мен, сүйсіне.

Күнде, барады қайтып,

Ұйықтаймын деп, үйіне.

 

Аспандағы жұлдыздар,

Тек жымиып, тұрғандай.

Соған қарап, ойыншықтар,

Шаршап, ұйықтап жатқандай.

 

Әлди – әлди, бөпешім,

Еркелетіп, иіскейін.

Ұйықтай қойшы, көкешім,

Өскеніңді көрейін.

1
1
2842

Әлеуметтік желі — баланың тәрбиесі

Біздің санамызда қалыптасқан «тәрбиесі төмен балалардың» ата-аналары өте өзекті мәселелердің мән-жайын талқылап, өзгеше ойларын бөлісіп, жазып жүр екен. Мені қызықтырған мақала «Should Children Be Allowed on Facebook?», яғни «Балаларға Фэйсбукты қолдануға рұқсат берген дұрыс па?» деп аталады. Қысқаша айтып кететін болсақ, жасы 13-ке толмаған жасөспірім, Фэйсбуктың саясатына сай сайтқа тіркелуіне тыйым салынған. Енді, жақында ғана Марк Цукербергтің айтып кеткеніне қарағанда, олар осы шектеуді алып тастап, 13-ке дейінгі балалардың да Фэйсбукты қолдануға рұқсат беруді жоспарлап отыр екен. Олардың келтірген дәлелдері, «онсыз да, бүгінгі күннің өзінде, сол сайтта 12 жасқа толмаған 7.5 миллион балалар заңсыз тіркеліп, қолданып жүр». Егер кішкентай қолданушылардың сайттағы әрекеттерін заңдастырс…

0
0
722

Қазақстанда туберкулездің алдын алуға арналған айлық басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күніне орай туберкулездің алдын алу жөніндегі айлық басталды. Ол 2016 жылғы 24 ақпан мен 23 наурыз аралығында өтеді. Айлық өткізудің мақсаты – медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдары дәрігерлерінің туберкулезді ерте анықтауға қатысты қырағылығын арттыру; профилактикалық шараларды күшейту; салауатты өмір салтын ұстануға және профилактикалық тексерістерді уақытында өтуге жағдай жасау; тұрғындардың туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында емделудің тиімділігі, темекіден, есірткіден, алкогольдік ішімдіктерден бас тарту, дұрыс тамақтану және физикалық белсендік, профилактикалық шаралар туралы хабардарлығын арттыру болып табылады. Айлық аясында республика бойынша МСАК ұйымдарында фтизаиатрлар мен өзге де маманд…

0
0
336

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ КӨНЕАТБЕГІЛЕРІ – ЕУРАЗИЯ ЖАЗИРАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ТУРИСТЕРІ . М.Қыдырбайұлы т.б

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ КӨНЕАТБЕГІЛЕРІ – ЕУРАЗИЯ ЖАЗИРАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ТУРИСТЕРІ Мұхамедрахим Қыдырбайұлы, профессор. «Qazaq Folk Academy» қорының Президенті, Әлия Ескермесқызы, география ғылымдарының кандидаты, доцент «Тұран-Астана» университеті «Туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі, [email protected] Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл толған Ұлы мерейтой жиынында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұдан былай Қазақстанды бүкіл әлем жұртшылығы «Ұлы Дала Елі» деп тануы тиіс деп атап өтті. Тарих қойнауына үңілсек, ерте уақытта, әсіресе Парсы империясы, Ұлы Араб Халифаты, Рим империясы және оның мұрагері Византия дәуірлерінде тарихи, мәдени, саяси һәм діни маңызы бар мемлекеттік ақпараттарды жан-жаққа таратуда «Жібек Патшалығы» (Қытай), «Пілдер Патшалығы» (Үндістан) және «Сәйгүліктер патшалығы» мә…

0
0
1894

Мәшине

-Папау маған қашан машина айдауды үйретесіз? -Бір бос кезде айтсаң үйретемғой қызым... алтыншы сынып олимпиядадан қайтып келе жатқан кез еді. Перовалдан өтіп бара жатқанбыз, мен папамның бетіне қарап келе жатырмын бірінші рет көрген адамым секілді. Тағы бір күн. Абай оқуларынан жарысқа қатысып, бірінші орын алып, үйге тәттілер алып мәз боп қайтып келеміз. Сумбеге жақындай бергенде папамның қызының орын алғанына мәз боп отырған сәтін пайдаланып, машинасын сұрадым. -Мен айдап кірейінші өтінемін.... Сөйтіп папам екеміз орын ауысып мен водитель жақа, папа менің орныма отырды. Бір екі рет ағамның машинасын айдаған едім. Папам -білесіңба?, деді -иә! дедім. Механика. Басында оталдырып енді жүрейін деп едім "Ыңқ" етті да өшіп қалды. Бірнеше рет қайталап әйтеуір жүрдім. -Скоростьті үшке сал,- деді…

3
0
1267

Адвайзер-көрмесінің екінші күні

Жастар бастамаларын дамыту орталығында алғашқы рет Павлодар қаласында 2016 жылдың 22 ақпанынан 26 ақпанына дейінгі уақыт аралығында жоғарғы сынып оқушылары мен студенттеріне жастарға кәсіптік бағдар беру және қосымша құзыреттілікті жетілдіру негізінде адвайзер-көрмесі өткізілуде. Басты мақсат - түлектерге кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігін және нәтижелілігін арттыру. 2016 жылдың қыркүйек айында аталмыш кездесуді екінші рет өткізілу күтіледі. Бұл жолы тізімге әскери оқу орындарын қосу жоспарда бар. Шараға өңірлік 15 колледж бен республикалық және облыстық жоғарғы оқу орнының өкілдері қатысуда. Көрме барысында мектеп түлектері жоғары оқу орындарының оқыту шарттарымен танысуға мүмкіндік алады. Бүгін адвайзер-көрмесінің екінші күні. Көрмеге №9, №2, №14, №8 лицей, №4, №39, №5 мектеп оқ…

0
0
469