Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодар облысының Жас ғалым кеңесінің көшпелі іс-шаралары

Ағымдағы жылы Павлодарлық Ертіс өңірінің Жас ғалым кеңесі (бұдан әрі - ЖҒК) жаңартылып, оған 18 табысты жас ғылыми қауымдастық өкілдері енді.

2016 жылға арналған жоспарда:

- «Қазіргі Қазақстанда ғылымның талап етілуі және инновациялық дамуы» республикалық жас ғалымдар конференциясын өткізу;

- «Жастар ғылыми және инновациялық қызметінің негіздері» жас ғалымдардың облыстық жазғы мектебін ұйымдастыру;

- ЖҒК мүшелерімен жұмыс істейтін және ауыл жастары, студенттер қатарынан ғылымға белсенділігін көтеру мақсатында көшпелі акциялар өткізу;

- студенттер үшін университеттерде студенттік ғылыми – тәжірибелік конференциялар және ғылыми конкурстарды өткізуде Облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасына көмек көрсету;

-Облыстың ОАОО және ЖОО студенттері үшін ЖОО-да олимпиадалар өткізу;

- «Жас ғалым 2016» жыл сайынғы облыстық конкурсын өткізу;

- Облыстың ЖҒК мәліметтер базасы бойынша шетелде оқу және ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған  ғылыми шәкіртақы және гранттар алу мақсатындақоғамдық қорлар мен ұйымдардың ұйымдастыратын байқаулар туралы ұстаздар мен жас ғалымдарды ақпараттандыру.

Жас ғалым кеңесі іс-шаралар жоспарын іске асыруға кірісті және ағымдағы жылдың  19 ақпанында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының базасында магистрантар мен 1-2 курс студенттері үшін ғылыми мақалалар жазу және олардың одан әрі жариялану жөніндегі семинарын өткізді.

Одан кейін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде, Инновациялық Еуразия университетінде, сондай-ақ Павлодар мұнай- химия зауытында көшпелі кездесу өтеді. Ауылдық аудандардағы жас ғалымдарда назарсыз қалмайды. Сәуір-мамыр айларында ғылымды белсенді насихаттайтын аудандық орталықтарды семинар-тренингтар ұйымдастырылады.

Павлодар облысының жастар саясаты

мәселелері жөніндегі басқармасы.

1
0
591

Осы тақырып бойынша

Павлодар облысының Жас ғалым кеңесінің көшпелі іс-шаралары - Yvision.kz