Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мәңгілік Ел» пойызы Павлодарда болып қайтты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлауға арналған іс-шаралар шеңберіндегі«Мәңгілік Ел» пойызы өз сапарын жалғастыруда. Кеше, 24 ақпан күні ол Павлодар қаласында болып қайтты.

Поезд құрамында – Қазақстан халық ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, сарапшылар, докторлар бар. Жалпы алғанда, шамамен  96 адам. Делегаттар Павлодар химия-механикалық колледжінде «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын студенттермен танысып, эксперементті алаңдарды көріп қайтты.

Кейін, пойызының өкілдері Бизнес колледж студенттерінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Сонымен қатар,  делегаттар әртүрлі бағытта жұмыс жасайтын жас мамандар, облысымыздың жас белсеңділері қатысқан «Мәңгілік Ел» ашық алаңында және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысқан өзара қарым-қатынас жөніндегі дөңгелек үстелге қатыстысып үлгерді.

Павлодар облысының жастар саясаты

мәселелері жөніндегі басқармасы.

0
0
475

Осы тақырып бойынша

«Мәңгілік Ел» пойызы Павлодарда болып қайтты - Yvision.kz