МЖӘ дамыту мәселелері талқыланды
2016 жылдың 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мирболат Сүйеуұлы Нұртазин мемлекеттік-жекешелік әрістестікті дамыту сұрақтары бойынша семинар-кеңеске қатысты.
Семинар облыс әкімінің орынбасары И.Стексовтің, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту фонды» АҚ, БҚО кәсіпкерлер палатасы өкілдері және облыстағы аудандық әкімдер мен кәсіпкерлердің қатысуымен өтті.
Семинар-кеңес жұмысында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуда мемлекеттің көрсетіп жатырған көмегі мен алға қойған мақсаттарды жоспарлы түрде орындау мәселелері қозғалды.
