Мазмұнға өту
sharapat2895

Шарапат Турлыбекова

@sharapat2895

Сайтта 2016 ж. 24 ақпанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

6

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

9

Жарылардай жүрегім сағыныштан...

 
Жарылардай жүрегім сағыныштан
От сезімді қайтейін алып ұшқан?!
Үміт сыйлап жаныма келген едің
Құтқарып қап кеудемдегі тарылыстан…
Күнім болдың сәулесін,нұрын шашқан
Өр кеудемде тұтқындап бұлттар басқан.
Айым болдың жарығын сыйға тартып,
Көз жанарды арылтқан ыстық жастан.
Түсінбедім бұл күйді өзім мүлде
Айналғандай бар ақылым жанып күлге.
Махаббат па?Сағыныш па?Құштарлық па?
Сан ой салып мазалайтын əр кез түнде…
Бұл-сағыныш, махаббатпен ұласқан
Құштарлық бар сезімдермен жыласқан
Əй,білмедім ұқпадым бұл күйімді
Жүрегім мен ақыл-ойым сынасқан...
0
0
1558

Кең даласы әкемнің,құшағынан аумаған...

Туған жерім,мен перзентің боламын, Сенде туып,сенде өскен баламын. Сағыныштан ой мазалап мені көп Өзің жайлы сыр жазуды қаладым... Сағыныш...Бір ғана сөздің ішінде қандай мағына жатқанына таң қаласың.Адам баласы болған соң әртүрлі сезім жетегінде жүреміз ғой,шіркін.Қазіргі сәттегі күйімді сағыныш деген сөз ғана сипаттай алады...Түн ұйқым ұзақ ойға жалғасып барады... Оқушы кезім.Күн сайын мектепке барып,келіп ҰБТ дейтін үлкен сынаққа дайындалып жүрген шағым.Сол кезде өмірдегі ең маңызды сынағым деп ойлағаным ақымақтық екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді...Пенде болған соң қателеспей тұрмайтынымыз рас екен.Сол сынақтан сүрінгендегі күйімді айтудың өзі артық болар еді.Өмірімнің бар мағынасы кеткендей болып,өзімді ұзақ уақытқа жоғалтып алғаным-ай...Бар уайымым,қайғым сол болған еді. «Уақыт-емш…

0
0
723

15 сәуір «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күні

Махаббат...Сегіз әріп, бір арман...Ия...Расында да осы бір ғана сөз адам өмірінің мәніне айналатынына таң қаласың.Махаббатты әркім әрқалай түсінеді...Біреуге махаббат мұң,біреуге жыр,біреуге бақыт,енді біреуге қайғы әкеледі дейді.Мүмкін...Бәрі де мүмкін...Бірақ сол бір сиқырлы сезімнің дәмін татпаған адамды бақытты деуге бола ма?Менің ойымша,жоқ.Бағзы заманнан бері бұл отқа өртенбеген жан баласы кем де кем шығар.Мысалыға алатын болсақ,Ромео мен Джульетта деп алысқа кетпей-ақ өзіміздің Абай мен Тоғжанды,Баян сұлу мен Қозы Көрпешті,Қыз Жібек пен Төлегенді тағы сол сияқты талай ғашықтарды еске түсіруге болады.Бұлардың махаббаттары ұрпақтан ұрпаққа аңыз болып өз табынушыларын табуда.Олардың ғашықтық хикаяларын естігенде, шынайы махаббаттың бар екеніне және ол кез келген адамға қона бермейтін…

0
0
4133

Махаббатым,арманым,асылым ең...

Махаббатым,арманым,асылым ең,
Бір сәтке қауышуға асығып ем,
Ақылымның айтқанына ешбір көнбей
Қиялымда бірге едік сенімен мен.

Білмеп ем сезім мұндай болатынын,
Бір қуантып,бір мұңайтып алатынын,
Сен менің бұл сырымды білгеніңмен
Мен сен үшін соңғы орында қалатынмын...

Уақыт деген зымырап ағып жатты,
Балалық армандарым артта қапты.
Ал сезім ше?Сезімім қайда қалды?!
Сөйтсем,ол,жүрегімде паналапты...

1
0
1085