Жүргізуші куәлігін қалай алуға болады?
Мамандандырылған ХҚКО ашылған бері «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызметі 2 сағат ішінде көрсетіледі, ал мемлекеттік авто инспекцияда 6 сағат шамасында уақыт кететін.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама жіберіледі. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің 125 пайызын құрайды
ЖК алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады
орталыққа жүгінген кезде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖК алуға немесе ауыстыруға бланк;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жүргізуші курстарын бітіргені туралы куәлік (жүргізуші куәліктерін ауыстыру және жоғалғанның орнына беру, сондай-ақ жол жүрісінің шетелдік қатысушысына оларды ауыстыру және беру жағдайын қоспағанда);
4) мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
5) медициналық анықтама;
6) бұрын берілгені жоғалған кезде уақытша ЖК;
7) «Д», «Е» санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама);
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін шетел мемлекеті берген, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы нотариалды куәландырылған ЖК;
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін шетел мемлекеті берген, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы нотариатта куәландырылған ЖК;
тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде, азаматтың сауалнамалық деректерінің өзгергенін растайтын құжат;
ЖК жоғалтқан кезде, жоғалтудың мән-жайлары туралы жазбаша түсініктеме;
Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушысы үшін).
ЖК алу үшін:
- басып шығарылған хабарламаны;
- бұрын берілген жүргізуші куәлігін;
- жеке басын куәландыратын құжатты;
- медициналық анықтаманы ұсыну керек.
Тараз қалалық №3 бөлім
