Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Адвайзер-көрмесінің нәтижелері

9-11 сыныпта оқитын түлектердің көбін мектептен кейін қай оқу орнына барған жөн деген сұрақ жиі мазалайды. Болашақта қоғамда қажетті маман атану үшін қандай арнайы орта немесе жоғарғы оқу орнында білім алған дұрыс деген ойлар толғандырады.

Осыған орай Павлодар қаласында алғашқы рет Жастарға қызмет көрсету орталығында апта бойына созылған Павлодар облысының 15 колледжі мен ЖОО-ры: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Инновациялық Еуразиялық университет, Екібастұз қ. академик Қ.И. Сатпаев атындағы инженерлік-техникалық институттарының белсенді қатысуымен  адвайзер-көрмесі өтті.

Сонымен қатар, адвайзер-көрмеге Республикалық жоғарғы оқу орындары шақырылды: Д. Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университеті, Қарағанды Мемлекеттік техникалық университеті, Семей қ. Мемлекеттік медициналық университетінің Павлодар филиалы.

Павлодар қаласының №42 мектебінің түлектеріне колледж бен ЖОО-ның өкілдері өз оқу орындарының қызметін таныстыру мақсатында презентация өткізді. Белгілі факультетке түсу үшін қандай емтихан тапсыру керектігін, өз мекемелерінде қандай мамандықтарға оқытатыны туралы ақпарат берді.

Павлодар қаласы 9 және 11 сыныптарының1218 мектеп оқушылары адвайзер-көрмеге келіп, өздеріне қажетті мәлімет алды.

Сонымен қатар оқушылар кәсіптік бағдарда өзін-өзі тануда онлайн-тесттен өтті

1
0
569

Осы тақырып бойынша

Адвайзер-көрмесінің нәтижелері - Yvision.kz