«Өзіне-өзі қызмет көрсету орталығының артықшылықтары»
Қазіргі таңда ХҚКО-тарында өзіне өзі қызмет көрсету атап айтқанда «Connection Point» алаңдары жұмыс жасайды. Онда қазақстандықтар, операторды күтпей-ақ, өз беттерімен электрондық қызметтерді пайдалана алады.
Тұтынушы мемлекеттік қызметті алғаш рет пайдалана бастаса, оған міндетті түрде ХҚКО-ның операторы кеңес беру арқылы көмектеседі.www.egov.kzэлектрондық үкімет порталының «Connection Point» секторларынан азаматтардың ең жиі пайдаланатын қызмет түрлерінің бірі. Атап айтқанда, қозғалмайтын мүліктерінің бар-жоқтығы туралы анықтамалар, мекен-жай жөніндегі анықтамалар, зейнетақылардың аударымы туралы анықтамалар және т.б. анықтамаларды алуға болады. ХҚКО-ның қызметін пайдаланушылар өз бетімен нәрестені балабақша кезегіне қойып, ата-тегі мен есімін өзгеруге өтініш беріп, жеке кәсіпкерлігін тіркей алады.Сонымен бірге кеңесшілер мемлекеттік баж, салық, жол қозғалысын бұзғандығы үшін айыппұлды, коммуналдық қызмет ақысын қалай төлеуге болатындығын түсіндіріп береді. Біздің Тараз қалалық №3 бөлімінде өзіне-өзі қызмет көрсету орталығы ғаламторға қосылған 4 компьютер құрал жабдықтармен, картридерлермен қамтылған. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген адам кезек күтпей «Connection Point» аймағының кеңесшілері арнайы жабдықталған орында қызметті электрондық үкімет порталында өздігіңізден жұмыс істеуіңізге қолғабыс етіп, кеңес береді.
Тараз қалалық №3 бөлім инспекторлары
