Мазмұнға өту

Жаңа

Аға достар арасында

Аға достар арасында Қыс ортасынан былай Шоқан орыс тiлiндегi әдебиет кiтаптарын құныға оқитын болып алды. Бiрақ, ондай кiтаптар Шоқан қолына көп түсе бермейдi. Әсiресе корпус кiтапханасында әдебиет кiтаптары жоктың қасы. Ал аздаған кiтаптар рота балаларының қолынан босамайды. Кiтапханада корпус балаларына көбiрек ұсынылатын кiтаптар патша генералдарының өмiрiнен жазылған шығармалар болатын. Ондай кiтаптар Шоқан, Григорий сияқты ойшаң балаларды қызықтырмайды. Шоқанның, Григорийдiң қызығып оқыған кiтап-тары Палластың және Рычковтың жањанкез өмiрле-рiнен жазылған күнделiктерi болды. Оның өзiн де кезек күтiп әрең дегенде қолдарына түсiрдi. Осы кiтап-тардың әсерiнен болар, Шоқан мен Григорий екеуi Азияны аралап, жер сырын, ел жайын бiлгiлерi келедi. Екеуi хиялдап көп әңгiмелеседi. Шоқан мен Гр…

0
0
3241

Екiншi қыста

Екiншi қыста Көп ұзаған жоқ, корпус балалары жатақ үйлерiне орналасып оқу басталды. Шоқан корпус тәртiбiне түсiнген, оқу жайына да жаттыққан бала қатарында, класс iшiнде көзге көрiне бастады. Өткен жылдары екi топқа бөлiнген балалардың жiктелуi кәдуiлгiдей балалар арасына көңiлсiздiк туғызған. Әсiресе рота балалары Шоқандардың яки эскадрон балаларына өктемдiк көрсетедi. Олардың кемсiте бой көрсетуiне Шоқан шыдамай, бiрнеше рет өзiне ерген балаларды бастап, қарсы тұрып қайрат көрсеттi. Бiр күнi рота баласының бiреуi «киргиз, калбит» дедi. Шоқан оған: – Сен алдымен айтатын сөзiңдi бiлiп алып айтсаңшы, сүзек болған кiсiдей естiгенiңдi сандырақтамай. Мен киргиз емеспiн, қазақпын. Және калбит деген араб елiнiң бiр тайпасы, ол қазақ емес. Айта алмайтын сөзiңе тiлiңдi жаныма, босқа жауыр болады,…

0
0
1262

Көңiлсiз көрiнiстен кейiн

Көңiлсiз көрiнiстен кейiн Осы бiр күнгi көрген барлық жайды Шоқан өзiнiң күнделiк дәптерiне жазып, Мүсәпiр мен Мұсағұлдың бiр күнi деп астын сызып қойды. Шеген атасының зорлығы, оның өзi түгiл жылқышыларының маңайдағы кедей көпшiлiкке iстейтiн өктемдiгi, Шоқан ойынан ұмытылмайтын, әрдайым көз алдында тұратын орын алды. Ауыл күзекке қонысымен Шоқан қалаға оқуға жү-руге әзiрлендi. Ол күзекке қонған күнi былтырғы Мы-сық үйi отырған қорық iшiне барып қайтты. Бейсеннiң айтқаны рас. Мысық көшiп кетiптi. Шеше өлген, әке жалшы, қандай күйде екен деген ой Шоқанның көкi-регiнде бiраз уайымдай болып сезiлдi. Бiрақ Мысықты iздер, табар талап ойлана қойған жоқ. Ол ауылға келiсiмен Әлiбайға, Мұқанға тағы бiрнеше ойыны бiрге балаларға: – Бүгiн кешке алтыбақан әткеншек теуiп ойнаймыз, соны құратын аспапт…

0
0
731

Аңсаған ауылға оралғанда

Аңсаған ауылға оралғанда Оқу аяқталған кезде ауылдан ат алып келген Бей-сендi Шоқан Васил ағайдың үйiнде жолықтырды. Қыстай қала iшiнде iшi пысып ерiгiп қалған бала, далаға қарай қанат сермеген түз құсындай ынтықты. Корпус оқуына қыс ортасына дейiн жаттыға алмай келген Шоқан оқу жылының аяғындағы сынауда алдыңғы балалар қатарында болды. Алыстағы қыр қазағы ауылдан келiп, алдыңғы қатарға талпынған сергек Шоқанның ерекше алғырлығы оқытушыларын аса разыландырып едi. Ауылға қайтарында рұқсат ала барған Шоқанға мектеп директоры: – Қымбатты Уалиханов, ауылыңды қимай оқудан қалып қойма! – дедi. – Келуiме, кешiкпеуiме сенiңiз, – дедi Шоқан ширақ жауап қататын әдетiмен. Шоқан аулына келгенде, жайлауға көтерiлер өлке бойына көшiп қонған ел басын қоса, жаз қызығына кiрiсе бастаған едi. Алдынан жүгiр…

0
0
1706

Дала сұңқары қиырға қарайды

Дала сұңқары қиырға қарайды Жазғы салымғы Сiбiр өлкесiнiң ұзақ жылмың күн-дерi басталды. Сабақ ерте бiтедi. Балалар далаға шығып, корпус қасындағы үлкен алаңда доп ұрып ойнайды. Тапқыр, ықшамды Шоқан өз класындағы балалардың iшiндегi ең жатық шебер ойнайтын бала болып алды. Ойын үстiндегi айтыс-тартыс сөздер Шоқанның тiлiн бұрынғысынан әлдеқайда жаттықтырып, жолдасын да молықтырды. Көп ұзаған жоқ, көктем жылуы басталып, Ертiс үстiнен қызыл су жүрiп, жаз лебi есе бастады. Неге екенi мәлiмсiз Шоқан бұл жексенбiде Сергей ағайдың да, Васил ағайдың да үйiне бармай, Ертiс бойына баруды ойлады. Өткен күзде ғана Омбыға келiп оқуға түскен кiш-кене Шоқан, дегенмен қаланың қамау көше, тар үйiне әлi жете үйрене қоймап едi. Оның есiл дертi кең дала, еркiн жүрiс, сахара ауасы. Ол көктем басталғалы саба…

0
0
16997

Жаңа достар арасында

Жаңа достар арасында Шоқанның ауылдағы әдетiмен таңертеңгi ұйқыға маужырап жатқанын көрiп Уәсiл ағай оятуға қимай сәл бөгелiп қалды. – Шоқан, Шоқан, – деп дыбыстады. Өзi де оқу ойында болып, сергек жатқан Шоқан басын жастықтан жұлып алды. – Шоқан, сен ендi тұр, жуын, киiн. Тамақтанайық, оқуға бару керек, – деп Васил ағай жұмсақ қана жымия сөйледi. Шоқан мектепке баратыны есiне түсiп, сергектене орнынан тұрып, киiнiп, сыртқа шықты. Ал-ғашқы оянған бойында сыртқа шыққанша әкесiн де, Бейсендi де есiне түсiрiп ойланбаған едi. Күнде қораның iшiнде тұратын пәуеске, пысқырынып лапас астында тұратын үш күрең ат бiр де бiрi жоқ. Қора iшi қоңылтақсып босап қалыпты. Қырдың жер тарпыған сәйгүлiктерi, жол шаңының тозаңын жамылған пәуеске, шапаны қолпылдап, бөркiн жымырайта маңдайына тұқырта киiп күлiм…

0
0
1563

Ұядан ұлы жолға

Ұядан ұлы жолға Төре аулы жайлаудан қайтқалы, Шоқанның ойында Омбы қаласына деген жүрiс жолы елестеп, асығу да бар. Әсiресе Сергей ағайдың қала жайынан қызықтырып айтқан әңгiмелерi есiне түседi. Ал қалаға жүрсе мына ауыл өмiрiнен бөлiнедi. Ойыны бiр құрдастан, тентек те болса, бауырлас Жақыптан бөлiнедi. Ыржия күлiп, қорғана тiл қатып, балшықтан мүсiн жасап ойынына талшық еткен Мысықтан көз жазады. Қатар отырып жазу салыстырған, ойын тобықта үнемi қасында болып, мұрнын тартып қойып, «Шоқа» дейтiн құрдасы Әлiбайдан бөлiнедi. Осындай ойларға оралған Шоқан күн санап анадағы бастаған күнделiк дәптерiне әрбiр ойын жазып жүрдi. Ол жаздағы нағашы аулына барған сапарынан көрген-бiлгендерiн тегiс есiне түсiрiп жазып қойды. Әсiресе Етекбай сөзiн, Зерендi түсiнiгiн жазды. Ауыл Қосқималыға келген күн…

0
0
4201

Нағашы ауылына саяхат

Нағашы ауылына саяхатХан ауылы қыстаудан көтерiлiп, жайлауға бет алды. Сергей аттанғаннан берi Шоқан сол кiсiден көрген жобасымен сурет салуға құлықтанып алған-ды. Әсiресе Сергейдiң Жүкеннiң асау күрең байталды ұстаған суретiн салғаны Шоқанға қатты ұнаған-ды. Сергей сол суретiнiң алғашқы жобасын Шоқанға берiп кеткен. Соған қарап Шоқан жылқының, желiдегi құлындардың, Құсмұрын қырқасындағы жартастың суретiн салып ермек етiп жүрдi. Осы көктемнен берi Шоқан Әбубәкiр молдадан сабақ алуды тоқтатып, атқа мiну, көктемдегi Қанғожаның қаршыға салу серуендерiне iлесiп, түз өмiрiне бой ұрып, мүлде сергектенiп алды. Керей, Есеней елiнде болған бiр үлкен дауға шақырылып кеткен Шыңғыс ел жайлауға келерде ғана оралды. Ондай келелi үлкен жиынға барып қайтқанда Шыңғыс алдымен ханымға келiп сәлем берiп, шеш…

0
0
2110

Сенат ҚР мен Корея Республикасы арасындағы азаматтардың ішкі корпоративтік ауысулары туралы келісімді ратификациялады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында палата депутаттары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы азаматтарының ішкі корпоративтік ауысулар шеңберіндегі уақытша еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңын қабылдады. Аталған келісім өзара ішкі корпоративтік ауысулар қағидасы бойынша білікті мамандарды шақыру тәртібін жеңілдетуге бағытталған. Заң екі елдің азаматтарын ішкі корпоративтік ауысулар аясында жұмыс істеуге арналған рұқсаттың негізінде уақытша еңбек қызметін реттейді. Аталған келісімге сәйкес, ішкі корпоративтік ауысулар барысында бір мемлекеттің азаматтары ішкі корпоративтік ауысу турал…

0
0
438

Қазақстан Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясына кіруге ниет білдірді

Бүгін Жалпы істер жөніндегі кеңес отырысы мен Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының саясаты барысында Нидерланд корольдігінің Сыртқы істер министрлігі өкілдеріне Қазақстан Республикасының Гаага конференциясына кіру ниеті туралы хатты берудің ресми рәсімдері өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kazakstan-halykaralyk-zheke-kukyk-zhonindegi-gaaga-konferenciyasyna-kiruge-niet-bildirdi

0
0
405