Аңсағанның зияны
Мен бүгін «Ұялы телефонның адамға кері әсері» жайлы әңгіме айтамын. Ұялы телефон ҒТР (Ғылыми-техникалық революция) заманы дамығаннан бері сәл уақыттың ішінде адамды өзіне бағынышты етіп алды. Қазіргі кезде көбінесе балалар қауымы ұялы телефонды яғни смартфондарды, планшеттерді көп қолданады, кейде тіпті тәулік бойы отыратындарда аз емес, осылайша балалар ұялы телефонның өзіне зиянын тигізіп жатқанын сезбейде қалады. Сондықтан да бұл мәселені ата-ана қолға алғаны жөн. Кейбір ата-аналар телефонды баланы жұбату құралы ретінде қолданса, кейбір ата-аналар телефон бар болса да мүлдем тығып тастап жатады. Менің ойымша айтылған екі іс те қате. Егер сіз балаңыздың телефонын қолданбайтындай алып қойсаңыз, ол баланың психологиясына кері әсерін береді, бірақ телефонды қолдануға беріп, қадағалап отқан жөн! Ұялы телефонның тағы да бір үлкен зияны — ата-анаңмен, достарыңмен, туысқандарыңмен т.б. жақын адамдарыңмен қарым-қатынасты жою. Телефонға бағынышты адам өмірін сол қараң қатқыр дүниесіз елестете алмай қалады. Және ол өзінің жақын адамдарымен қарым-қатынаста болуды, тіпті жәй ғана далаға шығып серуендеуге де зауқы соқпай қалыпта жатады. Кейбір адамдардың (балалардың) уақыты тек тамақ жеуге ғана босайды, және қайтадан телефонына оралады. Сол телефонына жіберетін уақыттың 1/10 бөлігін ғана анасына жіберіп, я болмағанда тамағын жасап бергеніне болса да «рақмет» деген сөзді айтуды ұмытып жатады.
Түйін: «Уақыт — алтыннан да қымбат» Уақытымызды дұрыс қолдана білейік!
"Көшбасшылар" клубының мүшесі,
10-шы сынып оқушысы Жанәлі Данияр
