Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Саяси партиялар үгіт-насихатты қалай жүргізді?

Бүгін Алматыда бас қосқан саясаттанушылар мен сарапшылар Мәжіліс пен барлық деңгейдегі сайлауға қатысуға құлшына кіріскен алты саяси партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қалай жүргізгенін бағалап, олардың өз бағдарламаларында нақты қандай мәселелерге назар аударғандығы туралы ойларын ортаға салды.
Бүгін сайлауға қатысты үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күні. Сондықтан да осы саяси науқанға байланысты жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстарын еліміздің саясаттанушылары мен саяси сарапшылары мүлтіксіз қадағалап, әр партия бағдарламасының қандай ерекшеліктері бар екендігін саяси басқосуда ашық айтып жеткізді.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық
зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Юрий Булуктаев өзінің сөзінде саяси додаға бел шеше кірісуге қызу дайындалып, Орталық сайлау комиссиясында арнайы тіркеуден өткен «Нұр Отан», «Ауыл», «Ақ жол», «Бірлік», ҚКХП және ЖСДП секілді алты партияның қазіргі уақытта үгіт-насихат жұмыстарын анағұрлым ширата түскеніне жан-жақты тоқталды.
Саяси додаға қатысуға рұқсат алған алты саяси партия жүргізіген сайлауалды үгіт-насихат шараларына көз жүгірткен әрбір адамның сөз жоқ, енді бір күннен соң өткізілгелі отырған Мәжіліс және әр деңгейдегі мәслихаттар сайлауының барынша тартымды өтетініне шек келтірмесі анық. Ең бастысы, еліміз аймақтарында бірталай кездесулер өткізген осы саяси партиялардың әрқайсысы өздерінің жандарына анағұрлым жақын мәселелерді сайлауалды бағдарламаларында тұжырымдаған. Жалпы үгіт-насихат шараларының барынша қарқынды жүргізілуі алдымызда өте ғаламат саяси дода күтіп тұрғанын аңғартып отыр. Ашығын айтсақ, әр партияның тұжырмдамасы өздерінің алға қойған мақсат-мүдделеріне қарай мазмұны, игі идеялары және сондай-ақ, әлеуметтік бағыт-бағдарларымен ерекшеленді. Мысалы, сайлауалды тұжырымдамасында Бірлік, Тұрақтылық, Жасампаздық тәрізді асыл мұратты басты ұран етіп алған, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев төрағасы болып табылатын «Нұр Отан» партиясының мемлекет басшысы белгілеп берген «Нұрлы жол», «Ұлт жоспарын» жүзеге асыруды қолға алуының өзін көзі қарақты әрбір азамат жоғары бағалайды. Елімізде бірлік пен тұрақтылық мәңгі салтанат құрып, жасампаздық орнайды. Ал бұл Қазақстанды «Мәңгілік елге» айналдыруға жол ашады. Жасыратыны жоқ, еліміздегі көкейкесті проблемалар, қауіпсіздік, тұрғындардың, студент-жастар мен зейнеткерлердің, мүгедектер мен асырушысыз қалған балалардың әл-ауқатын жақсарту сынды бірталай асқаралы міндеттер мен
жасампаз істер сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан «Нұр Отан» партиясының әруақытта да шоқтығы биік.
Реті келгенде айта кетсек, соңғы уақытта зейнетақы мен шәкіртақыны, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға берілетін жәрдемақы көлемін көбейтіп, олардың да парасатты өмір сүруіне мүмкіндік жасап отырған партияның бірі - «Нұр Отан» партиясы. Сондықтан Елбасы айтпақшы, «Халық «Нұр Отанға» сенеді, ал «Нұр Отан» халыққа сенеді. Мұның өзі бұйыртса, алдағы сайлауда «Нұр Отан» партиясының мерейі биік болатынының дәлелі. Орталық сайлау комиссиясында өткізілген жеребе қорытындысында № 2 болып тіркеліп, «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» ұранын басты бағдар етіп алып, еңбек адамының атқаратын рөліне ерекше назара аударып жүрген Қазақстан коммунистері халық партиясының үгіт-насихаттың соңғы күндері маркизм-лениниз идеяларын ел арасында насихаттауы кейбір сайлаушыға қызық болып көрінуде. Қалай десек те, мұның өзі сайлауда додаға түсетін партиялардың арасында бәсекенің қызу болатынын айқындайды, деді саясаттанушы Юрий Булуктаев.
Ал «Еуразия әлемі» қоғамдық қорының жетекшісі, танымал саясаттанушы һәм сарапшы Эдуард Полетаев ЖСДП партиясының «Верни себе голос, верни себе страну» деген ұранынң тұрпайылау естілетінін тілге тиек етті.
Тоқсан ауыз сөздің түйіні, «талай-талай жүйрік бар, әліне қарай шабады» демекші, алдағы сайлауда қай партияның неғұрлым басым дауыс жинап, қарапайым халықтың зор сеніміне ие болатынын саяси дода қорытындысы көрсететіні ақиқат. Сарапшылардың айтар ойы да осы!

Бүгін Алматыда бас қосқан саясаттанушылар мен сарапшылар Мәжіліс пен барлық деңгейдегі сайлауға қатысуға құлшына кіріскен алты саяси партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қалай жүргізгенін бағалап, олардың өз бағдарламаларында нақты қандай мәселелерге назар аударғандығы туралы ойларын ортаға салды.Бүгін сайлауға қатысты үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күні. Сондықтан да осы саяси науқанға байланысты жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстарын еліміздің саясаттанушылары мен саяси сарапшылары мүлтіксіз қадағалап, әр партия бағдарламасының қандай ерекшеліктері бар екендігін саяси басқосуда ашық айтып жеткізді.Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Юрий Булуктаев өзінің сөзінде саяси додаға бел шеше кірісуге қызу дайындалып, Орталық сайлау комиссиясында арнайы тіркеуден өткен «Нұр Отан», «Ауыл», «Ақ жол», «Бірлік», ҚКХП және ЖСДП секілді алты партияның қазіргі уақытта үгіт-насихат жұмыстарын анағұрлым ширата түскеніне жан-жақты тоқталды. Саяси додаға қатысуға рұқсат алған алты саяси партия жүргізіген сайлауалды үгіт-насихат шараларына көз жүгірткен әрбір адамның сөз жоқ, енді бір күннен соң өткізілгелі отырған Мәжіліс және әр деңгейдегі мәслихаттар сайлауының барынша тартымды өтетініне шек келтірмесі анық. Ең бастысы, еліміз аймақтарында бірталай кездесулер өткізген осы саяси партиялардың әрқайсысы өздерінің жандарына анағұрлым жақын мәселелерді сайлауалды бағдарламаларында тұжырымдаған. Жалпы үгіт-насихат шараларының барынша қарқынды жүргізілуі алдымызда өте ғаламат саяси дода күтіп тұрғанын аңғартып отыр. Ашығын айтсақ, әр партияның тұжырмдамасы өздерінің алға қойған мақсат-мүдделеріне қарай мазмұны, игі идеялары және сондай-ақ, әлеуметтік бағыт-бағдарларымен ерекшеленді. Мысалы, сайлауалды тұжырымдамасында Бірлік, Тұрақтылық, Жасампаздық тәрізді асыл мұратты басты ұран етіп алған, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев төрағасы болып табылатын «Нұр Отан» партиясының мемлекет басшысы белгілеп берген «Нұрлы жол», «Ұлт жоспарын» жүзеге асыруды қолға алуының өзін көзі қарақты әрбір азамат жоғары бағалайды. Елімізде бірлік пен тұрақтылық мәңгі салтанат құрып, жасампаздық орнайды. Ал бұл Қазақстанды «Мәңгілік елге» айналдыруға жол ашады. Жасыратыны жоқ, еліміздегі көкейкесті проблемалар, қауіпсіздік, тұрғындардың, студент-жастар мен зейнеткерлердің, мүгедектер мен асырушысыз қалған балалардың әл-ауқатын жақсарту сынды бірталай асқаралы міндеттер мен  жасампаз істер сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан «Нұр Отан» партиясының әруақытта да шоқтығы биік. Реті келгенде айта кетсек, соңғы уақытта зейнетақы мен шәкіртақыны, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға берілетін жәрдемақы көлемін көбейтіп, олардың да парасатты өмір сүруіне мүмкіндік жасап отырған партияның бірі - «Нұр Отан» партиясы. Сондықтан Елбасы айтпақшы, «Халық «Нұр Отанға» сенеді, ал «Нұр Отан» халыққа сенеді. Мұның өзі бұйыртса, алдағы сайлауда «Нұр Отан» партиясының мерейі биік болатынының дәлелі. Орталық сайлау комиссиясында өткізілген жеребе қорытындысында № 2 болып тіркеліп, «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» ұранын басты бағдар етіп алып, еңбек адамының атқаратын рөліне ерекше назара аударып жүрген Қазақстан коммунистері халық партиясының үгіт-насихаттың соңғы күндері маркизм-лениниз идеяларын ел арасында насихаттауы кейбір сайлаушыға қызық болып көрінуде. Қалай десек те, мұның өзі сайлауда додаға түсетін партиялардың арасында бәсекенің қызу болатынын айқындайды, деді саясаттанушы Юрий Булуктаев. Ал «Еуразия әлемі» қоғамдық қорының жетекшісі, танымал саясаттанушы һәм сарапшы Эдуард Полетаев ЖСДП партиясының «Верни себе голос, верни себе страну» деген ұранынң тұрпайылау естілетінін тілге тиек етті.Тоқсан ауыз сөздің түйіні, «талай-талай жүйрік бар, әліне қарай шабады» демекші, алдағы сайлауда қай партияның неғұрлым басым дауыс жинап, қарапайым халықтың зор сеніміне ие болатынын саяси дода қорытындысы көрсететіні ақиқат. Сарапшылардың айтар ойы да осы!

http://aikyn.kz/ru/news/show/21912-sayasi_partiyalar_g_t-nasihatty_alai_zh_rg_zd_

6
0
2001

Осы тақырып бойынша

Саяси партиялар үгіт-насихатты қалай жүргізді? - Yvision.kz