Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Сыр сақшылары салтанатты жиын өткізді

Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Күн мен түн теңеліп, жер-көкке жан бітіп, адамдардың аузы аққа тиіп, Жер-Ана бусанып, жақсылыққа жол бастайтын «22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні» мерекесі қарсаңында қызылордалық тәртіп сақшылары мерекелік жиын өткізді. Жиынға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Әзірбекова Аманкүл Жорабекқызы шақырылып, департаменттің басшы құрамы мен жеке құрамы, ардагерлері қатысты.

Шара барысында Аманкүл Жорабекқызы Шығыс халықтарының ортақ мерекесі – Наурыздың шығу, қалыптасу тарихы, дүниежүзі халықтарында тойлау дәстүрі, бұл мейрамның қазақ халқы өмірінде алатын орны турасында маңызды ақпараттар беріп, өз пікірін білдірді, жиналғандарды мұсылман халқының Жаңа жылымен құттықтады.

Сонымен қатар, салтанатты жиын барысында ішкі істер органдары қатарына жаңадан қабылданған қызметкерлерге арнаулы атақтар беру рәсімі өтті. Осындай Ұлы мейрам қарсаңында иықтарына жұлдыз қондырған жас полиция қызметкерлері өздерінің қуаныштарын жасырмай, «Қазақстан Республикасына адал қызмет етемін» деп өз Анттарын берді. Бұдан бөлек, 13 наурыз күні Наурыз мейрамы қарсаңында ҚР ІІМ-нің Қызылорда облысындағы дербес департаменттері мен бөліністерінің құрама командалары арасында өткізілген волейбол жарысында үздік ойын өрнегін көрсеткен полиция қызметкерлері марапат биігінен көрініп, департамент бастығы полиция полковнигі Жанат Сүлейменовтің «Грамотасымен» марапатталды.

Шарада Қызылорда ОІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мылтықбай Пейсов сөз алып, Наурыз мерекесінің қазақ халқы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен ардагерлерді мерекемен құттықтап, игі тілегін жеткізді.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

   
0
0
614

Осы тақырып бойынша

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Сыр сақшылары салтанатты жиын өткізді - Yvision.kz