Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауыл шаруашылық басқармасында заңнама өзгерістері талқыланды

Ағымдағы жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекетік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары облыстық Ауыл шаруашылық басқармасының ұжымына семинар-кеңес өткізді.

Басты тақырып – мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер.

Сондықтан Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ә.Б. Мұхамеджанова мен Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Р.С. Байжанов жиылған қауымға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының негізгі ережелері мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің ерекшеліктерін толығымен түсіндірді.

Заңнамада орын алған жаңашылдықтарға қатысты қойылған сұрақтарға Департамент қызметкерлері білікті жауаптарын берді.

 
0
0
458

Осы тақырып бойынша

Ауыл шаруашылық басқармасында заңнама өзгерістері талқыланды - Yvision.kz