Кiтапхана және менiң балалығым.
Балалық - бiздiң ең шуақты, бақытты күндерiмiз. Балалық - пәктiк, таза ой мен ниет, өмiрге деген шынайы көзқарас. Бала күннен бастап баланың бойына бар жақсыны сiңiретiн, үйрететiн ата-ана, және жаманды да көрсететiн де сол ең жақын жандар.
Мен мақтанышпен айта алатыным, әке-шешем өте қарапайым кiсiлер болғанымен маған өнердi, кiтаптарды сүюдi үйреттi. Иә, әкемнiң кiтаптарға деген құштарлығын көрiп, менде кiтап оқуға талпынатынмын.
Менiң айқын есiмде қалғаны, мектепте оқып жүрген кездерi балалар далада ойнап абыр-сабыр болып жатса, мен терең ойға батып кiтапханада жүретiнмiн. Мен үшiн кiтапхана киелi мекен едi. Жүрегiм, жан-дүнием шаттанатын.
Әкемнiң менiң бойыма сiңiргенi кiтаптарға деген шексiз махаббат. Бала күнiмде өте көп кiтап оқыдым, ол кезде компьютер, планшеттердiң болмағанына кейде қуанамын.
Мектеп қабырғасында жүрiп А.Дюма, Э.Хемингуей сияқты авторлардың кiтаптарын оқыдым. Дюманың романдары мен үшiн бiр керемет әлем едi. Қазiрде ұнатып оқимын, мен бұрында оқыған кiтаптарымды қайта оқығанды ұнатамын. Сөздiң ашығы қазiргi заманауи авторларды көп оқымаймын, себебi оларды ұнатпағаным емес, тек маған сол ескi шығармалардың ұнайтындығы.
Бұл постымда айтпақ болған ойым бала күнде өз балаңызға ненi үйретсеңiз, ол өмiр бойы соны өзiмен бiрге алып өтедi.
Мен екi ұлдың анасымын, Аллаға мың шүкiр. Үлкен ұлым төрт жаста, оның кiтап оқығанды ұнататындығы, оларды мәпелеп ұстайтыны менi қатты қуантады. Ұлдарымда өзiм сияқты кiтапханаларды, кiтаптарды сүйiп, ұнатса екен деймiн.
Тыныштық, кiтаптардың иiсi, әрбiр сөрелерде маңызы өте зор тарих сақталып тұрған жер, тарих тұнған жер кiтапхананы мен сүйемiн.
