Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанда менингококк инфекциясымен сырқаттану 4,7 есеге азайды

Қазақстанда ағымдағы жылдың 2 айында менингококк инфекциясымен сырқаттану өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2015 жылғы 2 айда 100 мың тұрғынға шаққанда 83 жағдай, 2016 жылғы 2 айда 100 мың тұрғынға шаққанда 18 жағдай) 4,7 есеге азайды.

Менингококк инфекциясы – бас миының қабықшасының қабынуымен қатар жүретін жіті жұқпалы ауру. Менингококк инфекциясының клиникалық белгілері: жіті назофарингит, іріңді менингит және менингококцемия. Инфекция ауа тамшылы жолдармен (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде) жұғады. Аурудың тасымалдаушысы сырқаттанған адам немесе инфекция тасымалдаушы болып табылады.  Менингококкты назофарингитпен сырқаттанған адамдар аса қауіпті, себебі, олар қоршаған ортаға қарқынды түрде бактерия таратады. Кенеттен болатын менингококцемиядан болатын өлім қаупі өте жоғары.

Менингококк инфекциясының инкубациялық кезеңі 2 күннен 20 кунге созылады, көбінесе 2-4 күн аралығында. Негізгі клиникалық белгілері: дене қызуының бірден 39°С-қа дейін және одан да жоғары көтерілуі, бастың қатты ауруы, лоқсусыз құсу, геморрагендік бөртпелер, желке бұлшықеттерінің тырысуы, тыныс алудың бұзылуы, тежелу мен естің шатасуы.

Менингококк инфекциясын жұқтырғанда балалар мен ересектер үшін ең қатерлі асқыну түрі – бактериалды менингит болып табылады. Иммундық жүйесі қалыптаспаған балалар ересектерге қарағанда 20 есе көп ауырады. Уақытылы медициналық көмекке жүгінбегенде, өлім жағдайы 50%-дан жоғары болады.

Менингококк инфекциясының кенеттен болатынын және аурудың ауырлығын ескере отырып, оның алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралу керек. Бұл қатерлі асқынудың алдын алып, тіпті, адам өмірін сақтауы мүмкін.

 
0
0
567

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті мәселелері

Ағымдағы жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы біліктілігін республикалық курстар арқылы шыңдап жатқан педагогтарға дәріс оқыды.

Дәрістің негізгі тақырыбы – 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымдықтары мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының жаңашылдықтары, сонымен қатар халықаралық және қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілері.

Дәріскер тыңдаушыларды Стратегияның негізгі бағыттарымен таныстырып, жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралармен хабардар етті.

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері, әсіресе білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытудың мән-жайлары да талқыланды.

Дәріс соңында туындаған сұрақтар пысықталды.

 
0
0
573

Қазақстанның алғашқы тәуелсіздік жылдарындағы ТМД елдерімен қатынасының ерекшеліктері (1991-1995 жж.)

Достастық шеңберіндегі елдердегі ұлтаралық келісімді сақтау, халық тұрмысын төмендетпеуге деген бірлескен шараларды іске асыру қажеттілікке айналды

КСРО тарағаннан кейін оның құрамында болып келген бұрынғы одақтық дәрежедегі кеңестік социалистік республикалардың көпшілігінің еркіндік тұрғыдағы негіздеген экономикалық одағы – ТМД деген атаумен белгілі болды.

ТМД жаңадан өмірге келген тәуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық, әлеуметтік және ұлтаралық қатынастарда терең қарама-қайшылықтар орын алып, дағдарысқа ұшыраған, тұрғындарының барлық салаларда барынша күйзеліске ұшыраған жағдайында өмірге келді. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі орталықтан жоспарланып, басқарылған одақ шеңберіндегі өзара тығыз байланыстардың үзілуі, осының негізіндегі орын алған жаңа күрделі жағдайларды бірлесе шешу жаңа достастыққа мүшелікке өткен мемлекеттердің алдына қойылды. Олардың қатарында Еуразия аймағындағы, әлемдегі қалыптасқан саяси, экономикалық жағдайлардағы бұл мемлекеттердің орнын қалыптастыру маңызды қажеттілікке айналды. Соның ішінде:
- жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық, өндірістік, өзара сауда, т.б. салалардағы өзара қимылдары;
- мемлекеттер арасындағы ортақ баға саясатын белгілеу; - келісілген әскери ынтымақтастық, шекараны бірлесе қорғау ісі;
- Достастық елдері арасындағы көші-қон, азаматтық мәселерін тұрғындардың мүдделеріне сай ортақтаса шешу;
- мәдениет, білім,ғылым денсаулық сақтау бағыттарындағы жүйеленген іс-әрекет, т.б. салалардағы келісімділікті жүзеге асыру міндеттері қойылды.
Осылар арқылы бұл қауымдастықты ХХ ғасырдың соңы-ХХІ ғасырдың басындағы әлемге шаруашылықтары реттелген, саяси, әлеуметтік тұрақты, экономикалары нарық талаптарына сай өркендеуге бағыт алған жаңа мемлекеттер бірлестігі ретінде қалыптастыру мақсат етілді. Осылардың ішіндегі маңыздылардың қатарына Достастық шеңберіндегі елдердегі ұлтаралық келісімді сақтау, халық тұрмысын төмендетпеуге деген бірлескен шараларды іске асыру қажеттілікке айналды. ТМД-ның құрылуы және оның құрамындағы мемлекеттердің заман талабына сай атқаратын қызметтерін айқындаудың басында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бола білді.

Қазақстан жетекшісі ішкі қайшылықтар барынша меңдеген Кеңес Одағы тарамай тұрып-ақ осы көпұлтты мемлекеттегі орын алған нақты жағдайларға тоқтала келе,оларды уақыт талабына сай реттеудің жолдарын ұсынды. Мысалы, 1991 жылдың қазан айындағы Лондонның Корольдік халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев: «...Қазақстан әрқашан Алматыда қабылданған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды, осы арқылы Тәуелсіз мемлекеттердің Одағы туралы шарттың жобасына арналған жұмыстардың қайтадан басталуында маңызды орын алған жаңа одақтың қажеттігі туралы нақты пікірді ұстанып келеді» [1], – деп көрсетті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғауға арналған «Бразилия-92» конференциясында жасаған баяндамасында: «Мен әрқашан рубльдік аймақ республикаларының (оған өздерінің валюталары бар республикалардың қосылу мүмкіндігін жаққа шығармай) Экономикалық одақ құруларын жақтаймын. Мұндай одақтың негізіне тауарлардың, капиталдың, жұмыс күші мен қызмет көрсетудің еркін айналысы принцпі негізделуі тиіс. Келісілген қаржылық, ақша-кредиттік, салық, баға, әлеуметтік, көпукладты экономикалық саясат маңызға ие. Келісімдер негізіндегі мемлекеттер арасындағы өзара байланыстың, жекелеген елдер тарапынан бір жақты, басқалардың мүдделерінен тыс шаралар қабылдауға мүмкіндік бермейтін ұлттық, мемлекеттіктен жоғары тұратын үйлестіру институттарын құрудың ортақ принцптерін негіздеу қажет» [2], – дей келе, құрылғаннан бергі мерзімдегі ТМД-ғы атқарылған істерді саралады.

Толығырақ оқу
 
0
0
1231

Менмұндалаған Мұнанай!

Жалпы, Ресей империясы Қазақ даласының маңыздылығын әуелден ерте түсінген болатын. Соған қатысты 1 Петр патша былай деген болатын: «Хотя оная киргиз-кайсацкая орда степной и легкомысленный народ, токмо всем азиатским странам и землям оная орда — ключ и врата».

Иә, шынында басқа Азия елдеріне өту үшін Қазақ жері арқылы шығу мүмкін еді, сондықтан әуелі қазақтарды бірде қарудың күшімен бірде сауда-саттық арқылы бағындыру қажет еді.

Ресейдің бағзы заманнан қалыптасқан бір дәстүрі бар, ол өзімен іргелес отырған түркі жұртының шабуылынан қорқып, оларға қарсы бекіністер желілерін салатын еді және ол істе көбінесе казактарға сүйенетін.

Мысалы, 1550 жылы далалықтардан қорғану үшін «Засечная черта» деген қорғаныс желісін салады. 1580-1590 жылдары осы желі бойында мынадай тірек пункттері-қалалар салынады: Воронеж, Елец, Ливны, Оскол, Елец, Валуйки және т.б. Бұл қамалдарды салудан кейін Патша Үкіметі өз әскерлерін Ока өзенінің бойынан неғұрлым оңтүсікке қарай жылжытып, Мценск, Орел және Новосел қалаларының төңірегіне шоғырландыра бастайды. Келесі кезекте Чугуев маңында далалықтардың қоныстарына жақындап, одан кейінгі осындай ретпен келесі желіні де сала бастайды.

Қазақ даласында да осы әдіс қолданылды, әуелі Жайық бойынан бастап Сібір жеріне дейін біртіндеп бір желіден келесісін салып отырған.

Сол үшін қазақ пен башқұрт халықтарының арасында сыналап кіріп, тоғыз жолдың торабы болған Троицк маңын (қазақша аты «Мұнанай», аталған мекен қазақтың Орта жүзіндегі Қыпшақ тайпасының қарабалық руының жері болатын) игеру мақсатында Ресейден жүздеген әскер мен арнайы мамандарды алып келіп, Үй өзенінің бойындағы қазақ ауылдарына шабуыл жасап, олардың оңтүстікке қарай, яғни қазіргі Қостанай мен Торғай жеріне жылжуына мәжбүрлейді.

Дәл Троицкіні салудың маңыздылығы туралы өз естеліктерінде Орынбор экспедициясының басшысы, Орынбор губерниясының бірінші губернаторы, қаланың негізін қалаушы И.Неплюев былай дейді: «Устроя крепости и редуты, снабдив гарнизоны, за полезное признали на Уйской линии построить крепость познатнее, для того, что к той крепости
прилегали киргизцы Средней Орды…» (киргисцы Средней Орды деп Орта жүз қазақтарын айтып отыр). Айтқандай кезінде Неплюев Осман империясында Ресейдің елшісі болған екен, соған қарағанда қазақ тілін де жақсы білген болды ғой.

Негізінде дәл осы Троицк қаласының орнынан мұсылман құлпытастары табылған болатын (одан кейінгі тағдыры белгісіз).

Елизавета патшайымының бұйрығымен бригадалық генерал атағы бар И.Неплюев Үй қорғаныс желісінің басты бекінісі ретінде қазақтардан қорғану мақсатында Увелька (этимологиясы Жылға, Үзелгі, Ойық атауларынан шығу мүмкін) және Үй өзендерінің қосылысында 1743 жылы  Троицк мерекесі кезінде салады.

Қала Орал мен Сібірдің арасын байланыстырып тұрғандықтан тез өсіп, уақыт өте келе маңыздылы жөнінен аталған өңірдің Орынбордан кейінгі екінші қаласына айналады.

Өз кезегінде Ресейдегі Ірбіт және Нижегород жәрмеңкелерінен кейін үшінші орын алатын, алайды аталған екі жәрмеңке белгілі бір уақыт аралығында жұмыс істесе, Троицк жәрмеңкесі төрт ай бойы сауда-саттығын үзбеген.

Әуел баста сауда айырбас (меновая торговля) ретінде басталады.

Негізі ата-бабамыз тек соғысып та қоймай, арасында көршілерімен сауда жасап та отырған. Кейін Троицкіде сауда қарым-қатынастарын жасауға Абылай хан мен Шақшақ Жәнібек батыр да рұқсатын берген болатын.

Бұл жерде тағы бір шегініс жасап көрейік, жалпы, Мұнанай деген сөзді Меновой, яғни, айырбас не Меновой двормен байланыстаратынын айттық, ондай айырбас сарайлары Орынборда, Троицкіде болған, қазақтар Орынбордағы Меновой дворды да жиі пайдаланатын болған соң, онымен шатастырмас үшін Троицкінің жер аты Мағынаймен атаған дұрыс болар, негізі Мағынай деген жер аты, ол Қостанай облысының Қарабалық ауданында орналасқан, Троицкінің өзі Қазақстан шекарасынан бар болғаны 10 шақырым қашықтықта орын тепкен. Әрине, бұрынғы өз жеріміз ғой.

Кезінде біраз уақыт Қостанай уезінің орталығы да болған екен

Сауда қатынасы – қала өмірінің басты белгісі

немесе Шығыс пен Батыс қақпасы туралы

Айырбас басында қала ішінде емес, қала сыртында болған ғой, қанша дегенмен «ордалықтардан» (қазақтарды осылай немесе кейде «киргиз-кайсаки» деп те атаған) қауіптенетін болған.

Кейін ол жер өсе келе әртүрлі заттар сататын алаңдарға, көшелерге айнала бастайды.

Мысалы, қазақтар, әрине, мал өнімдерін сататыны белгілі.

Ол туралы жылнамашылар: «Киргизцы (киргизцы деп бұл жерде қазақтарды айтып отыр) в бараньих островерхих шапках, неистово и пронзительно ревут верблюды, вьюченные тюками товаров. Забазарной начинается конная пло­щадь, чтобы покупатели могли видеть или выбирать лошадей по вкусу, табуны постоянно перегоняли с места на место. Кругом табуна носится наездник-джигит на лихом коне. В руках у него длинная, в несколько сажен, легкая лука, взмахом которой джигит на всем скаку накидывает ей на шею длинную веревку. Табун шарахается в сторону, веревка волочится по земле. На всем скаку поднимает веревку, ловко подперев ее концом своей луки, и веревка в его руках, лошадь поймана. За конной площадью тянется верблюжья. Двугорбые верблюды, старые и молодые, красивые и грациозные верблюжата, стоят здесь, привязанные, выжидая покупа­теля. Рев здесь стоит отчаянный.», – дейді.

 

Қаланың сауда орталығы ретіндегі рөлі туралы мақаламыздың басында айтқандықтан енді оның көлеміне тоқтала кетсек. Мәселен, 1787 жылы мұнда сауда жасауға 11780 қазақ келіпті. Сауда тілі қазақ, башқұрт және татар тілінде жүргендіктен қала халқы қазақ тілін қолданыс тілі ретінде пайдаланған екен, оның үстіне жыл өткен сайын түркі тілдес, жалпы мұсылмандардың саны артып, уақыт өте келе олар қала халқының жартысын құрайтын болған. Қала тұрмысына қазақ дәстүрінің мықты енгені соншалық, Ресей бойынша қымызбен емдеу орталықтарының көпшілігі дәл осы қалада орналасыпты.

Әуел баста жылына 3-5 мың қазақ жылқысы айырбасталып отырған, одан қалды Орта және Кіші жүз қазақтары 15-25 мың қой айдап әкелетін еді.

1870 жылы саудаға 27 мың жылқы, 90 мың ірі қара жеткізілген екен. Сол жылы жалпы сомасы 1 453650 сомға сауда жасалған.

Ал 1772 жылы 223 мың қой мен ешкі қазақ сахарасынан әкелініп, айырбасқа түскендігінен-ақ сауданың қаншалықты күшейгенін көруге болады.

Сондай-ақ 1764 жылы 36 707 дана тері де жеткізілген екен.

Мұнанайға жылына жарты жүз керуен келетін болса, оның сыртында жергілікті саудагерлер 10 шақты сауда керуенін жасақтайтын болған.

Сауда керуендері қазақ даласынан басқа Бұқараға, Ташкентке, Хиуаға, Қоқанға, Ходжентке, Қашғарға және өзге де Орталық Азия мен Шығыс Түркістан жерлері мен қалаларына сапар шегетін еді. Одан әрі Үндістан мен Қытайдан, Персия мен Осман империясынан саудагерлер тауарларын жеткізіп жататын. Әрине, Ресейдің Еуропалық бөлігі мен Сібірден келіп жатқан саудагерлер тағы бар.

 

Сауданың қала өмірінде қаншалықты рөлі күшті болғанын мынадай мысал келтіре отыра айтып кетсек.

Мұнанай қаласында Башкиров деген кісі болған екен, бәрін зерделеп, бақылап, ой елегінен өткізген ол баю үшін Торғай қазақтарына керек шай-пай, мата-шата сияқты заттарды керуенге салып алып, Торғай қаласы маңындағы қазақтарға келіп түседі де оларға өз тауарларын ұсынып, көп мөлшерде мал шаруашылығы өнімдерін сатып алады. Елдің жігіттерін оны Мұнанайға жеткізуіне көндіріп, алдын ала келісіп кеткендей ондағы (Мұнанайдағы) жұмысқа дайын тұрған әртүрлі кәсіп иелері бірнеше мың қой мен жылқыны заматта сойып, жүніне дейін қырқылып, ішек-қарнына дейін пайдаланылып, бәрі де бір қарық болып қалады. Не керек, бұрын саудагерлер малды және мал өнімдерін белгілі бір кезеңде әкелетін болса, ол ерте көктемде жеткізіп, барлық бәсекелестерін басып озып, қаланың ең дәулетті тұрғынына айналады. Міне, қазақ қойы мен жылқысы Башкировты осылай бір күнде дәулеттілер қатарына қосады.

Сауда демекші, сол дәуірдегі атақты татар саудагерлері Яушев пен Валеев қалада жәрмеңкеде өнер көрсетуге келген Қажымұқан бабамыздың өнеріне тәнті болғандығы сондай, іші дүние-мүлікке толған үй сыйлап, әйел де алып беріпті.

Әрине, сауда болған соң алдау-арбау да болатыны белгілі, дәл Мұнанайдың түбіндегі Чернушка деп аталатын жердің тұрғындары мың-мыңдап мал айдап алып келген қазақтардың малдарын ұрлап, кейін бірақ ол кәсіптерін қойып, бәрі коммерция жасау ісі жолына түскен деседі.

Ал Золотая Сопка деп аталатын жерде оңтүстікке жол тартқан кірешілерге шабуыл жасалып, ең қымбат дүние мүліктері, ең алдымен, алтындары тартып алынып отырған. Бір қызығы, олар да ол кәсіптерінен бас тартып, кейін заңды кәсіпкерлікке бет бұрған екен.

Бірақ сауда бір сәтте тыныстамай, жыл сайын маусым айынан бастап қазан айына дейін жалғасатын болған.

Қала өміріндегі сауданың рөлін мына цифр айтып тұр, егер 1861 жылы сауда айналымы 6 млн. сомға жасалған болса, атақты Санкт-Петербург коммерциялық банкінің капиталы бар болғаны 7 мың сомды құраған.

Жалпы, бұл қала Ресейдің, қысқаша айтқанда, шығысқа шығатын қақпасы рөлін атқарған.

Мұнанай қаласы халқының тілі – түркі тілі

 

Бұдан бұрын да айтқанымыздай, Мұнанай халқының жартысы қазақтар мен татарлар болатын (әрине, қалада олардан басқа башқұрт сияқты өзге де түркі халықтарының өкілдері де тұрған). Өз кезегінде қазақ-татар тілі түркі халықтарының ғана емес, жалпы қала халқының бәрі түсінетін және сөйлейтін сауда тіліне айналды. Мысалы, сауда уақытын қала халқы «сатовка», яғни сату дейтін. Мәселен, қазақ батырының Алма деген қызы (Плеваконың шешесі) жаугершілік заманда ата-анасынан көз жазып қалып, оның екі күн далада сенделуіне тура келгенін өз естелігінде қартайған жасында еске алады, ата-анасынан ажырап, өзен жағасына келеді, ал өзеннің екінші бетіндегі, ежелгі Қарабалық жерінде орналасқан Мұнанайда (Троицк) оны кеден басқарушысының аспазшысы Алманың жылаған даусын естіп қалып, «әке-шешең қайда, неге жылайсың, қарның ашты ма, балам?» деп жұбата отырып, тап-таза қазақ тілінде сұрайды да бері өткізіп алады. Алма қолымен даланы нұсқап көз жасына ерік бергенін айтады.

Жалпы, казактардың кейінгі кезге дейін кезіндегі «домашний язык» деп түркі тілінде сөйлегеніндей, Троицкінің қарт орыс тұрғындары да өзара қазақ-татар тілінде сөйлескен екен.

Оның үстіне сауда уақытында дала қазақтарынан басқа Орталық Азия елдерінен келетін саудагерлер саны қала халқының санын уақытша болса да тағы өсіріп жібереді және олар бір-бірін түркі тілінде түсінісетіні белгілі.

Мұнанай – түркі жұртының білім, дін ошағы

1866 жылы қалада 537 қазақ тұрыпты, алғашқы қазақ училищесі де осында ашылған болатын. Оның сыртында қазақ даласынан, Орталық Азия елдерінен де келуші қазақтар көп еді. Кейін 30 000 адамды құраған қала халқының жартысы қазақ пен татар, башқұрттан тұратынын басында айтып едік.

Қалада 7 мешіт жұмыс істеп тұрды, осы жерде мынадай қызықты жағдайды айта кетуді жөн көрдім.

Егер Орталық Азия жерлерінде мешіттер әдеттегі үрдіс бойынша салынатын болса, мұндағы мешіттер алыстан менмұндалап, өте көркем архитектурамен салынып отырған, оған себеп православ шіркеулерінің алыстан көзге түсуі болса, мұсылмандардың да олардан кем түспейтіндігін білдіру еді. Әрине, мешіт салу өте зор қиындықтармен жүргізілген, өйткені рұқсат алу қиынның қиыны болған, ал рұқсат алынған жағдайда қаланың мұсылмандары – байы бар, кедейі бар бір кісідей жұмылып, мешітті тез көтеріп алатын болған. Мысалы, Ескендір Бабажанов деген қандасымыз 1835-1838 жылдары қаладағы екінші мешіттің салынуына мұрындық болады.

Дәл осы Мұнанайда 1861 жылы қазақ балаларына арналған мектеп ашылған болатын (Ыбырай Алтынсарин бастамашылығымен ашылған мектептердің бірі).

Сондай-ақ 1850 жылы атақты Расулия медресесі де іргесін қалаған еді.

Сондықтан жалпы түркі халықтарының тарихында, оның ішінде, әрине, қазақ мәдениеті, білімі мен дін, сауда ісі жолында Мұнанайдың алатын орны айрықша.

Мұнанайда 1907 жылы «Қазақ» газеті атты басылым шығарылса, 1911-15 жылдары «Айқап» журналы шығып тұрды.

Қала орыс публицисі Иван Крыловтың, Ресейдің атақты адвокаты Федор Плеваконың, татар ақыны Ғабдолла Тоқай мен башқұрт ақыны Мәжит Ғафуридің туып-өскен және жұмыс істеген қаласы болса, қазақтың атақты зиялылары – Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхамеджан Сералин, Бейімбет Майлин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетілеуов осында оқыса, Сәбит Дөнентаев пен Сәкен Сейфуллиндер осында шыққан «Айқап» журналында шығармаларын жариялатып отырған.

Қысқаша айтқанда, қазақ халқының өмірінде ерекше орын алған қала – Мұнанай (Троицк) осындай болған еді. Қазір РФ Челябі облысына қарайтын 80 мың халқы бар қала.

Фотолар troitsk74.ru сайтынан алынды

0
0
1813

Семей сынақ полигонының зардабы қашан тоқтар???

Семей полигонының зардабы қашан тоқтар???? Осы сауалға жауап беретін адам баласы бар ма екен????  Полигонның зардабынан қаншама жан иесі адам танымастай ауруға ұшырап, емін таппастай дертке шалдығуда.Олардың болашағы қалай болмақ? XXI ғасырда  қоғамдағы орны қандай??? Оларға  қазіргі уақытта көңіл бөлінудеме?

8
9
5834

Қайрат Мәми Сингапур Республикасының Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Сингапур Республикасының Қазақстандағы Елшісі Зулкифли Бахарудинмен кездесті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kayrat-mmi-singapur-respublikasynyn-kazakstandagy-elshisimen-kezdesti

0
0
426

ҚР аумағынан тыс 585,4 млн. тг сомасында бағалы қағаздар жария етілді

Ағымдағы күнге барлығы  1 227,7 млрд. тенге сомасында 81 843 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені  1010,1 млрд. тенге.

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы  828,0 млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін81 272 өтініш (декларациялар) түсті.

- сомасы 622,4 млрд. теңгеге 68 420 тұрғын үй объекті;
- сомасы 195,2 млрд. теңгеге 34 827 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 8 312 млрд.теңгеге 132,4 коммерциялық объект;
- сомасы 6,2 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 30 қатысу үлесі;
- сомасы 4,2 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

76 931 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 614,9 млрд. теңгеге жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1 755,3 млн тенге құрайтын 48 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті.

- сомасы 1 151,7 млн. тг құрайтын 41 тұрғын үй объекті;
- сомасы 8,3 млн. тг құрайтын   3 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде -6,1 млн. тг құрайтын 2 коммерциялық обьекті.
- сомасы  9,9 млн. тг құрайтын, 5 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі;
- 585,4 млн. тг сомасында бағалы қағаздар;

Сомасы 1 176,5 млн. теңгеге 47 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 24.03.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 438,7 млрд.теңге ақшаны жария етуге 557   жинақ шот ашылды, (соның ішінде ішінде шоттан шешілгені  386.3 млрд.теңге) соның ішінде: оның ішінде  заңнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд.теңгеге  2015 жылы 30 қарашаға дейін 179 жинақ шотын ашу арқылы;
317,1 млрд. теңге мемлекеттік кіріс органдарына  344  декларация ұсыну және шот ашу арқылы.

40,8 млрд.теңге әлі декларацияланбады.
394,0 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді, соның ішінде:
2015 жылы 30 қарашаға дейін 80,9 млрд. теңге;
325 декларация бойынша 313,2 млрд.теңге.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 948,5 млн. теңге көлемінде  5 декларация түсті.

25.03.2016 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,4 млрд.теңге түсті.

0
0
494

Электрондық атқару парағы іске қосылды

Жоғарғы Сот Әділет министрлігімен бірлесіп, «Төрелік» сот органдары ақпараттық жүйесі мен атқарушылық іс жүргізу органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл шегінде жаңа қызметті іске қосты. Осының нәтижесінде атқару парақтарын орындау үшін әділет органдары мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына электрондық құжат түрінде жіберуге қол жетті. Сонымен қатар, соттар сот орындаушыларының қаулыларын электрондық санкциялауды іске асыратын болды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/elektrondyk-atkaru-paragy-iske-kosyldy

0
0
783

Ағылшын тілін қалай тез меңгеруге болады?

Мен ағылшын тілін тезірек үйренудің амалдарын іздестірдім. Ең алдымен бір нәрсені нақты қолға алған соң соғын арнайы уақыт арнауың керек. Бұдан бұрын әрине ең алдымен талпыныс,қызығушылық қажет. Мен өзім осы тақырыпты зерттей келе мынадай жолдарды сіздерге ұсынамын:

1.Күніне 5-10 сөз жаттау.

Кез-келген он сөзді алып(күнделікті мектепте оқып журген ағылшын оқулығынан алуыңызға болады), оның оқылуын, жазылуын жаттау керек. Ол сөздер есте қалу үшін  20-30 минуттан , 4-5 сағаттан соң, 2-3 күннен соң, 1 аптадан соң,1 айдан соң әбден қайталау керек.

2. Тыңдау

Тыңдау өте маңызды. Ағылшынша әндерді тыңдап оның мағынасын түсініп бірге айтқан өте пайдалы. Сүйікті фильмдеріңізді де ағылшынша түсініп көруге үйреніңіз.

3. Қоршаған орта

Күнде қазақша немесе орысша сөйлей бермей, арасында ағылшынша сөйлей білуге үйрену керек. Ағылшын тілін жақсы білетін адамдармен сөйлесу қажет.

4. Ғаламтор

Күнделікті 1 сағатыңды ғаламтордағы ағылшын тілін үйрететін сайттарда өткізген дұрыс.Мысалы мына сайттан http://kz.educator.com/ ағылшынша сабақтарды таба аласыздар. Тек қана ағылшын емес сонымен қатар математика, физика, химия т.б пәндерді ағылшынша үйренуге мүмкіндік бар.

Сонымен қатар ұялы телефонға әр түрлі полиглоттарды жазып алған дұрыс. Өйткені кез келген адам қолынан телефонды тастамайды.Көлікте келе жатып осындай нәрселермен айналысқан дұрыс(чем Вк, инстаграм,ватсапқа кіргенше)

Ағылшын тілін  https://lingualeo.com/ru сайтынан керемет түсінуге болады. Оны телефонға көшіріп алуға болады.

Назар аударып, оқығандарыңызға рахмет)))

Күндеріңіз сәтті өтсін!


4
0
5740

Уақыт...

Мен күнде өкінемін. Неге менің уақытым маған мүлде керек емес, әрі пайдасыз  нәрселерге кетіп жатқанын. Мен қазір 9-сыныпта аяқтап қалдым. Оқу жылы бітуге 2 ай ғана қалды. Сол баяғы бітпейтін тесттер, түкке тұрғысыз ақпараттарды жаттау, сондай нәрселерге күні түні дайындалу....Мен егер уақытты кері шегеруге болса, мектепке бармаушы едім. Мектеп-бұл білімнің ошағы дейді. Бірақ мен тоғыз жыл мектеп қабырғасында жүрсемде, үйренгенім шамалы ғана....Ол үйренгімнің өзі қайдағы бір формулалар, өмірге қажетсіз ақпараттар. Біз мұның бәрін тек мектеп бітірген соң оқуға түсу үшін ғана оқимыз. Ал одан кейін мұның бәрі ұмытылады. Қаншама жыл қиналып жаттаған нәрселерің түкке жарамай қалады. Ал оның орнына бір музыкалық аспапты жетік меңгергенім,немесе ағылшын тілін жетік білгенім артық еді деп күрсінемін.

Егер өзімді айтатын болсам, өте қиын адаммын. Неше түрлі ойларым, алға қояр мақсатым көп. Тек кейде өз-өзімді артқа тартам. Осы уақытқа дейін көзге түерлік бір жетістігім жоқ.Жасым болса 15 те.Ағылшын тілі 4 сыныптан бастап оқыдық. Ал мен қаншама жыл өтсе де әлі ағылшынша сөйлей де алмаймын.Бәрі кеш. Ал менің шетелдік университеттерде оқығым келеді.Бірақ уақытты бекер өзкізіп қойдым.Осы жылы РФМШ ға тапсырайын деп едім, ол мектептің заңдары өзгеріп кетіпті. Оныншы сыныпқа оқушы қабылдамайтын болыпты. Мұны естіп біраз жылап алдым. Сол мектепте оқу арманым еді.

Мен қаншама уақыт ойлана келе, осы бүгіннен бастап ағылшын тілін қолға алуды жөн көрдім. Әлеуметтік желілер адамға қатты кедергі жасайтынын түсіндім. Олар өте көп уақытты алады. Әсіресе ВК.Оларға көп кірмеуге тырысамын. Ағылшынды жақсылап меңгеріп, әрі қарай бәрі ойдағыдай болады деген ойдамын.Сіздерге айтатыным, уақытты бекер өткізбей, өзіңіздің бағытыңызды анықтап, тезірек соны меңгеру керек...Кейін өкінбес үшін...

2
0
708