Кiтапхана және менiң балалығым.
Балалық - бiздiң ең шуақты, бақытты күндерiмiз. Балалық - пәктiк, таза ой мен ниет, өмiрге деген шынайы көзқарас. Бала күннен бастап баланың бойына бар жақсыны сiңiретiн, үйрететiн ата-ана, және жаманды да көрсететiн де сол ең жақын жандар. Мен мақтанышпен айта алатыным, әке-шешем өте қарапайым кiсiлер болғанымен маған өнердi, кiтаптарды сүюдi үйреттi. Иә, әкемнiң кiтаптарға деген құштарлығын көрiп, менде кiтап оқуға талпынатынмын. Менiң айқын есiмде қалғаны, мектепте оқып жүрген кездерi балалар далада ойнап абыр-сабыр болып жатса, мен терең ойға батып кiтапханада жүретiнмiн. Мен үшiн кiтапхана киелi мекен едi. Жүрегiм, жан-дүнием шаттанатын. Әкемнiң менiң бойыма сiңiргенi кiтаптарға деген шексiз махаббат. Бала күнiмде өте көп кiтап оқыдым, ол кезде компьютер, планшеттердiң болмағанына ке…