Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үнділер құрлы жоқпыз ба? P.S. Баян Есентаева үшін жазылған пост

16089176400_67895b3eae_oМэри Ком 1983 жылы туған Үндістанның даңқты боксшысы. Бокс сүйер қауым үшін тұлғаға айналған дара спортшы. Мэри халықаралық додалардың жеңімпазы, әлемнің 5 дүркін чемпионы. Лондон олимпиадасының қола жүлдегері. Мэри Ком Үндістанның Манипур штатына қарайтын Кангатхеи ауылында алғаш рет қолына қолғап киеді. Ол ауылда қыздардың спортпен айналысуы әдепсіздік болып саналатын. Ата-аналары рұқсат бермейтін. Бірақ, Мэри бокспен шұғылданып жүргенін әкесіне айтпайды. 2000 жылы Манипур штатында әйелдер арасындағы жарысқа қатысып, жеңімпаз атанады. Әкесі газеттен қызының суретін көріп, бокспен айналысатынын сол кезде бірақ біледі. Аздап ұрыс-керіс болады. Уақыт өте түсіністік танытып, қызына ақ батасын береді. Сол жылдан бастап Мэри әлемдік ареналарда жұдырықтасып, жүлдегер атана бастайды.

mcmarykoml

Боксшының қысқаша тарихы осындай. Биыл Рио олимпиадасында топ жарып, Үндістанға алтын медаль сыйлау басты мақсаты екен. Хош, Мэрриға сәттілік тілейміз. Арманына жетсін.

mary1

Айтайын дегенім, 2014 жылы Үндістан өзінің туын желбіретіп, әнұранын ойнатып жүрген Мэри Комның өмір жолы, спорттағы жетістігі туралы көркем фильм түсірді. Киноны көріп шықтым. Өте керемет, әсерлі туынды болыпты. Үнділердің ұлтжандылығы мен спортшыларына деген қолдауын осы кинодан-ақ біле берсе болатын шығар. Туын желбіретіп жүрген спортшысын насихаттады. Танымалдығын арттырды. Жастарының спортқа қызығушылығын оятты. Ең бастысы Мэриді көзі тірісінде құрметтеді. Рио олимпиадасында алтын алуға деген құштарлығын екі есеге ұлғайтты. Керемет емес пе?!

mary-kom-hindi-movie-poster

1280x720-h5X

28thsri_mary_kom_2082519f

Мынау киноның трейлері

Күшті, иә?! Ал бізде ше?! Біздің елімізде кино түсіруге лайық спортшылар бар ма?! Бұл тақырыпта қоятын сұрақ көп. Сол сияқты жауаптың да түр-түрін естуге болады. Бекзат Саттарханов туралы кино түсіріліп жатыр деп еді. Қазір тым-тырыс. Ермахан Ыбрайымов, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Артаев, Қанат Ислам, Генадий Галовкин, Серік Қонақбаев айта берсең көп. Осылардың әрқайсының алтынға жету жолындағы күресі туралы керемет кино түсіруге болады. Сол кино арқылы ұрпақты тәрбиелеуге болады. Сол кино арқылы жастарды ішімдіктен, нашақорлықтан сақтандыруға болады. Сол кино арқылы ұлтжандылықты оятуға болады.

phoca_thumb_l_4_n_n-650x350

d966c7e089d7b8c7ff8e8d8035b078c5(1)(1)

54dcc5770795ec8c70060952e6e138e2

Өкінішке қарай біз қазір спортшыларды тек клипқа ғана түсіріп жүрміз. Жеңіспен келгенде жаңалықтан айтып, 1-2 ток-шоудан көрсетіп, мектеп оқушыларымен кездестіріп қоямыз. Осымен насихаты бітті. Келесі жарыстан алтын алып келгенше ол туралы естімейміз. Туған ауылындағы билбордта да суреті тұрмайды. Жарайды, бұл басқа тақырып. Киноға оралайық. Бекзат Саттарханов туралы кино түсірілсе, оны көруге бармайтын қазақ болмайды. Көрермен Қанат Ислам туралы киноны іздеп келіп көреді. Егер киноны бизнес деп қарасақ, кеткен шығынды екі есе қылып қайтарып алуға болады.

IMG-20151111-WA0015Біз Үнділер құрлы жоқпыз ба? Олар олимпиаданың қола жүлдегерлеріне кино түсіріп жатыр. Бізде олимпиададан алтын алған спортшылар қаншама?! Еліміздің көк туын желбіретіп жүрген батырлар туралы өзіміз бір кино түсіре алмаймыз ба? Оларды біз дәріптемесек, Болливуд келіп Бекзат туралы, АҚШ келіп Қанат туралы, Француздар Жақсылық туралы кино түсіріп бермейді ғой. Ондай кино түсіру үшін ойдан оқиға құрастырудың да керегі жоқ. Біздің спортшылардың өмірі дайын кино. Шіркін-ай, қазақ спортшылары туралы кино түсіруді біреу қолға алса екен?!
P.S. Баян ханым, бұл жоба сіздің қолыңыздан келеді деп ойлаймын. Биыл не келесі жылы жобаны қолға алсаңыз, қуанар едік!

1
0
693

Осы тақырып бойынша

Үнділер құрлы жоқпыз ба? P.S. Баян Есентаева үшін жазылған пост - Yvision.kz