Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті мәселелері

Ағымдағы жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы біліктілігін республикалық курстар арқылы шыңдап жатқан педагогтарға дәріс оқыды.
Дәрістің негізгі тақырыбы – 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымдықтары мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының жаңашылдықтары, сонымен қатар халықаралық және қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілері.

Дәріскер тыңдаушыларды Стратегияның негізгі бағыттарымен таныстырып, жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралармен хабардар етті.
Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері, әсіресе білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытудың мән-жайлары да талқыланды.
Дәріс соңында туындаған сұрақтар пысықталды.

