Уақыт...
Мен күнде өкінемін. Неге менің уақытым маған мүлде керек емес, әрі пайдасыз нәрселерге кетіп жатқанын. Мен қазір 9-сыныпта аяқтап қалдым. Оқу жылы бітуге 2 ай ғана қалды. Сол баяғы бітпейтін тесттер, түкке тұрғысыз ақпараттарды жаттау, сондай нәрселерге күні түні дайындалу....Мен егер уақытты кері шегеруге болса, мектепке бармаушы едім. Мектеп-бұл білімнің ошағы дейді. Бірақ мен тоғыз жыл мектеп қабырғасында жүрсемде, үйренгенім шамалы ғана....Ол үйренгімнің өзі қайдағы бір формулалар, өмірге қажетсіз ақпараттар. Біз мұның бәрін тек мектеп бітірген соң оқуға түсу үшін ғана оқимыз. Ал одан кейін мұның бәрі ұмытылады. Қаншама жыл қиналып жаттаған нәрселерің түкке жарамай қалады. Ал оның орнына бір музыкалық аспапты жетік меңгергенім,немесе ағылшын тілін жетік білгенім артық еді деп күрсінемін.
Егер өзімді айтатын болсам, өте қиын адаммын. Неше түрлі ойларым, алға қояр мақсатым көп. Тек кейде өз-өзімді артқа тартам. Осы уақытқа дейін көзге түерлік бір жетістігім жоқ.Жасым болса 15 те.Ағылшын тілі 4 сыныптан бастап оқыдық. Ал мен қаншама жыл өтсе де әлі ағылшынша сөйлей де алмаймын.Бәрі кеш. Ал менің шетелдік университеттерде оқығым келеді.Бірақ уақытты бекер өзкізіп қойдым.Осы жылы РФМШ ға тапсырайын деп едім, ол мектептің заңдары өзгеріп кетіпті. Оныншы сыныпқа оқушы қабылдамайтын болыпты. Мұны естіп біраз жылап алдым. Сол мектепте оқу арманым еді.
Мен қаншама уақыт ойлана келе, осы бүгіннен бастап ағылшын тілін қолға алуды жөн көрдім. Әлеуметтік желілер адамға қатты кедергі жасайтынын түсіндім. Олар өте көп уақытты алады. Әсіресе ВК.Оларға көп кірмеуге тырысамын. Ағылшынды жақсылап меңгеріп, әрі қарай бәрі ойдағыдай болады деген ойдамын.Сіздерге айтатыным, уақытты бекер өткізбей, өзіңіздің бағытыңызды анықтап, тезірек соны меңгеру керек...Кейін өкінбес үшін...
