Мазмұнға өту

Жаңа

«Серпін-2050» студенттерімен кездесу

Мамыр айындағы мерекелерге орай  Жастар бастамаларын дамыту орталығы С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің  студенттер үйінде еркін әңгіме жүргізді.

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген студенттер арасында түрлі пікірталастар жүргізіліп, қоғамдағы белен алып жатқан сұрақтарға бірлесіп жауап берді. Сондай-ақ жастармен тренингтер жүргізілді.

Өзге қалаға білім іздеп келген студенттерге бірінші жыл үйренісу қиын екені белгілі. Осы мақсатта орталық  серпіндік студенттермен жиі түрлі форматта кездесулер ұйымдастырады.

Жастар бастамаларын дамыту орталығында өткізілетін іс-шараларға бұл студенттер белсенді қатысады. Орталықтағы тегін жүргізілетін курстарға қызығушылық танытып, үйренуге ниетті. Ал, біз алдағы емтихандарда сүрінбей, өте жақсыға тапсыруларына тілекшіміз.

 
1
0
435

Павлодарда 500-ден аса оқушы салтанатты сап түзеп, әскери әндер шырқады

Павлодарда Ұлы Жеңістің 71 жылдығын атап өту қарсаңында Конституция алаңында облыстық сап түзеу және ән байқауы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

- Аталмыш шараның Отан қорғаушылар күні өткізілуінің де өзіндік маңыздылығы зор. Себебі сап түзеу және ән байқауының негізгі мақсаты жастардың бойында елге деген сүйіспеншілік сезімді дамыту, әскери-патриоттық клубтардағы жұмыстарды жандандыру болып табылады. Айта кетерлігі, жыл сайын қатысушылардың саны артып келеді. Мәселен, бүгінде үш қала мен барлық аудандардан он бес топта 540 оқушы өз дайындықтарын көрсетеді. Кейбір жастар биыл киім үлгілерін талапқа сай түзеп, арнайы тапсырыспен тіккізген. Осындай топтардың бірі - Качир ауданынан келген қыздардан құралған команда, - дейді Павлодар облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Саян Мұқанов.

Качир ауданындағы «Самал» лагері директорының орынбасары, әдіскер Жанат Алитаевтың айтуынша, былтыр облыстық байқауда бірінші орынға ие болған жас өрендерге биыл аудандық білім беру бөлімі арнайы форма сатып алуға қаржы бөлген. Бүгінгі байқауға келген әрбір оқушыға орташа есеппен алғанда жеті мың теңгедей жұмсалған.

Өз кезегінде Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Дмиртий Буцман бірінен соң бірі тізілген командалар арасынан еліміздің нағыз болашақ сарбаздарының келбетін көрсетіп, өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарған жеңімпаздарды 13-18 маусым аралығында Қарағанды облысының Спасск ауылында өтетін  республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жиынына  қатысуға шақырды. Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды Екібастұз қаласы мен Павлодар ауданы иеленді.

Ақбота Сейсенбаева

«www.pavlodarnews.kz»

 
0
0
533

Сәкен Сейфуллиннің нағашы қарындасы Асылгүл Әбіштен бір үзік сыр

Қазақ әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер, ұлтымыздың маңдайына біткен біртуар дара тұлға Сәкен Сейфуллиннің нағашы қарындасы Асылгүл ханым бүгінде халықтың сүйікті қызы, асыл данасы.

«Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан» - демекші, Сәкен Сейфуллиннің біртуған бауыры Мәжіт бір естелік кітабында «Біздің нағашы атамыз Тышамбай қара нардай қайсыпас тік мінезді, шешен, болыс болған кісі еді. Сәкен шешеміз Жамалдың туған інісі, нағашы атамыз Әбішке тартқан. Сәкеннің өзі шешеме Жамекем, мен кімге ұқсаймын деп, мұртын шиырып сұраса, ол Әбіш інімнен аумайсың деп жауап қататын еді, оған Сәкен өзінше бір марқайып қалатын» - деп жазған. Жалпы айтқанда, Сәкеннің нағашы жұртына ұқсастығы жөнінде бұдан да өзге деректер көп. Асылдың сынығындай Асылгүл Әбіштің аяулы ағасына тартқан қырлары да баршылық.

Жас кезінен ұстаз болуды армандап өскен кішкентай Асылгүл әке жолын қуып қанат біткен қиялына жастайынан қол жеткізеді. Әкесі Рахымжан құрметті ұстаз, оқушыларға білім мен тәрбие беру жолында күллі өмірін сарп еткен. Жас қыз студент атанып, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология факультетін үздік тәмамдайды. Сол жылы Қазақ Ұлттық Ғылыми Академиясының «Ботаника» институтына жолдама алып, ғылыммен айналыса бастайды.

Бой жетіп, тұрмыс құрып, балалы болғанда да алуан экспедицияларға шығып тұруға мәжбүр болады. Алматы қаласындағы Халық шаруашылығы институтында ұзақ жылдар бойы экономист маманын даярлап, білім беру жолында аянбай еңбек етеді. Кейіннен құрметті ұстаз – бас маман, методист, оқу бөлімінің басшысы қызметтерін атқарады. Астана шаһарындағы Қазақ Гуманитарлық Заң университетінде құқықтану мамандығы саласында студенттерді оқытады. Сегіз қырлы, бір сырлы сұлу әпкеміз домбыра да шертеді, түрлі тағамдарды да тәп-тәтті әзірлейді.

Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт-берекесі. Әйел-ана отбасы берекесі мен жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңгі болашақ ұрпағын тәрбиелеуші жан. Қазіргі таңда Асылгүл ханым тоғыз немеренің асыл да ардақты әжесі. Тұңғыш ұлы Ержан – экономист,  ҚазТрансГаз саласын басқарып отыр. Ортаншысы – Гүлжан да экономист, ол елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШтың Флорида штатындағы Майами университетінде білім алып жүр. Кенжесі Ердос – заңгер, бүгінде Астананың Жеке сот орындаушысы лауазымында.

«Мен Асылгүл Рахымжанқызы, біріншіден, өзімді – адал жар, мейірімді ана, қадірлі ене және асыл әже ретінде осындай мәртебеге ие болғаныма және тағдыр жүгін қиналмай арқалап келе жатқаныма өзімді бақытты әйел, құрметке лайықты  жан  деп сезінемін! Аллаға шүкіршілік етемін!» - дейді Асылгүл апай.

Бала балдан тәтті демекші, келіндері Жұлдыз бен Жанна: Ерасыл, Әділ, Әбіш, Едіге, Абай, Іңкәр, Жанель, Дария сынды қошақандарды атасы мен әжесіне сыйға тартты деп мәз. Расында да бүгінгі күнде енемен келін тату-тәтті, ұрыс-керіссіз бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатқан картинаны жиі көре бермейміз. Ал Асылгүл апа өзінің даналығымен,  мейірімділігімен осының бәріне түсіністік танытып, қос келініне тамаша тәрбие беріп отыр. Мұндай қасиет Асылгүл ханымның көргенділігінен, тектілігінен. 1999 жылы 12-ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінің №30 баспасында  «Енемді сағынып жүрмін» атты мақала жарық көрді. Мұнда жас келін сағыныштан сарғайып, енесіне деген сүйіспеншілігін, оның әрбір сөзі мен істеген ісіне тәнті болғанын, ол кісіні өзінің екінші анасындай көргені жайлы жазады. Мақаланы зерттеу барысында келесі үзіндіге тап болдық, онда «Күн өткен сайын аяулы анама деген сағынышым ұлғайып, өз енемдей бола алам ба дегенді жиі ойлайтын боп жүрмін» деп жазылған, бұл күнде Асылгүл ханымның жұрт үлгі алардай ене болғанына баршаның көзі жетіп отыр, демек, тағы да бір арманы орындалды.

«Келін – қайынене топырағынан деп атам қазақ біліп айтқандай, келіндерім менен тәлім-тәрбиені қабылдап, өмірлік маңызы зор кеңестерімді орындап отырды. Екеуі де маған ұқсауға тырысады. Меніңше, бұл – заңдылық! Келешекте олар да мен сияқты ақыл-парасаты мол ене болуына сенімім кәміл. Иә, бұл ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық педагогиканың, ұлттық құндылықтарымыздың баға жетпес байлығы» - деп Асылгүл ханымның көңілі хош.

«Отан отбасынан басталады» демекші, кеңпейілді, жан дүниесі кең Асылгүл апа балаларының тәрбиесіне қалт етпей қарап, көп көңіл бөлді. Кеңес өкіметінің ауыр кезеңіне қарамай, үш баласын алысқа жетектеп болса да, қазақ тілді балабақша мен мектептерде оқытты. Оларды сан түрлі үйірмелерге беріп, жан-жақты білім-ғылыммен нәрлендіріп, қазақи тәліммен өсіріп отыр.

«Ұллтық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып баланың бойына сіңуі тиіс. Сондай-ақ туыс-бауырлармен жақындастыру жолында аянбай еңбек еттік. Бұл өте қажет дүние. Қазір нәтижесінде олар өз балаларын тап солай тәрбиелеуде!» - дейді Асылгүл Әбіш.

Атадан балаға жалғасатын ұстаным, ата дәстүр, сана сезім бала еңбектегеннен бастап өсіп-өніп, өмірге қалыптасу жолында аса маңызды фактор болмақ.

«Халық болу отбасынан  басталады, ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілесің деген сздің жаны бар. Әрбір отбасы бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлсе, бала-шағамыз мықты болады. Қазір не көп, қылмыс, тәртіп бұзушылық көп. Балаға жас, албырт кезінде көңіл аудармасақ қиындыққа душар болуымыз әбден мүмкін. Біздің жұдырықтай жұмылған отбасымыздан үлгі алып, шыққан тегіміз бен тарихымызды жиі айтып, музей-театрға барып тұруды әдетке айналдырыңыздар» - деп әңгімесін аяқтады.

Мадина Абдукадирова

 
0
0
2617

Жаратқаным, күш қуатты, күш қуатты бере гөр «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Светлана Цалова «Природа»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте - http://vk.com/public56982889

 

https://www.youtube.com/watch?v=KfJ1kD_PB4Y

     

Жаратқаным, күш қуатты, күш қуатты бере гөр,

Тар жолыңда, адасудан, адасудан сақтай гөр.

Байлық емес, бақытыңды, біттей бақыт бере гөр,

Иманымды, жүрегімде, жүрегімде сақтай гөр.

 

Сұрағанға, ренжімейтін, ақылыңды бере гөр,

Құлап жатқанды, көтеруге, ықыласыңды бере гөр.

Жылағанды жұбататын, маған ақыл, бере гөр,

Адасқанға, жол сілтейтін, маған жарық бере гөр.

 

Дұрыс жолдан, тайып кетсем, оң жолыңды сілтей гөр,

Мен ұмытсам, бес уақытта, калимаңа сала гөр.

Тәубе деген, серігімді, жүрегімде сақтай гөр,

Көкірегімді, менің басып, құлшылыққа сала гөр.

 
1
1
615

Меркі, Мерке, Merke Природные парки Казахстана «Мой Казахстан»

Автор стихов – Айгүл Сағымбайқызы

Автор музыки – Айбек Бекбосынов «Саржал»

Автор видеоматериала – Андрей Антоненко «Мерке»

Авторы фотоматериалов – Взятый из различных источников «Неизвестный»

Редактировал – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – http://vk.com/public56982889

www.youtube.com/watch?v=m49kyhFmAC8

Нам остается, восхищаться,

Той, первозданной красотой.

Для нас, Всевышний постарался,

Такой создать, нам рай земной.

 

Страна волшебная, она,

Мерке, на троне красоты.

Заворожила, закружила,

Нас в волшебстве, где есть мечты.

 

Как много грации и света?

Огромный мир, земных цветов.

Высоты, горного хребта,

Нам щедро, дарит силу слов.

 

Творить здесь хочется, писать,

Земля, блаженная моя.

Здесь просто, хочется летать,

Открыв всю душу, не тая.

 
1
1
1234

Ұрпақтар сабақтастығы

6 апреля текущего года в Петропавловском городском парке культуры и отдыха состоялась встреча молодежи с ветераном Великой Отечественной войны Луневым Иваном Григорьевичем. Данная встреча прошла в рамках партийного проекта «Ұрпақтар сабақтастығы». Её организатором выступил Северо-Казахстанский областной филиал Молодежного Крыла «Жас Отан» при партии «Нұр Отан».  Активисты Молодежного Крыла  традиционно заботятся о ветеранах в рамках другого партийного проекта «Ардагерлерді ардақтайық»: «чистят снег, колят дрова, помогают по дому»,- с благодарностью говорит Иван Григорьевич.

В ходе беседы ветеран затронул не только тему войны, но и рассказал о своем нелегком детстве – о раскулачивании, о сталинских репрессиях, в ходе которых расстреляли отца Ивана Григорьевича.  Вспоминал он и о тяжелом периоде восстановления разоренной войной страны, о своей послевоенной деятельности – ветеран проработал более сорока лет в торговой сфере. Рассказал о своей семье: сыне – строителе, проживающем в Российской Федерации, дочери – учителе, находящейся подле отца в Петропавловске, сестре, живущей в Алматы. Свое мнение высказал он и о современном Казахстане. Так Иван Григорьевич считает, что за годы Независимости страна смогла не только сохранить, но и приумножить свои богатства.

Лишь одну тему старались не затрагивать в разговоре с ветераном. Ребята не стали тревожить слабое сердце пожилого человека расспросами о войне. Они и так знали многое, знали ,что Иван Григорьевич прошел путь от Сталинграда до Берлина, был дважды ранен, вернулся домой в Казахстан в числе последних, офицерский состав, а Иван Григорьевич встретил войну в звании майора артиллерии, демобилизовался позже остальных.

Кроме воспоминаний о войне еще одна тема вызывает слезы у старика, то, что ветеранов  становится все меньше и меньше. И хотя эту печальную тенденцию не изменить, молодое поколение может скрасить старость людей, проливавших кровь ради будущего своих потомков.

1
0
699

Ұлттық спорт түрлерін дамыта отырып...

Ағымдағы жылдың 6 мамырында «Бурабай» спорт кешенінде ұлдар мен қыздар арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мен Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығының құрметіне   «Тоғызқұмалақ»   ойынынан  облыстық турнир  өтті. Турнирге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің   басшысы Қ. Жапақов қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Қ. Жапақов турнирге қатысушыларды атаулы мерекелермен құттықтай отырып, «Дәстүрлі спорттық шараға айналған тоғызқұмалақ сайыстарын өткізу өңіріміздегі спорттың ұлттық түрлерін дамыту ісіндегі  тың  қадам болып отыр», - деп атап өтті.

Турнирге облыстың барлық өңірлерінің өкілдері қатысты.Іс-шараның қорытындылары бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Турнир аяқталғаннан кейін облыс өңірлерінің тоғызқұмалақтан жаттықтырушыларына арналған  семинар өткізілді.

Қ. Жапақов салтанатты түрде «Ақмола облысының тоғызқұмалақ федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті болып сайланды.

0
0
410

БҚО білім саласы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу семинары өткізілді

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қай мемлекеттің болмасын өзекті мәселесіне айналып отыр. Оның алдын алу үшін әр мемлекетте бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Соның ішінде елімізде жүргізіліп жатырған реформалар мен заңдардағы өзгерістер.

Аталған өзгерістерді түсіндіріу мақсатында, 2016 жылдың 5 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаменті мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы БҚО бойынша департаментімен бірлесіп, білім саласы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың  алдын-алу семинары өткізілді.

Семинарға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Мұхамбетов, облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева, Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы С.Бахишева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық басқармасының маманы Г.Мурзакаева, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, колледж, қалалық жалпы орта білім беретін мектептер мен мектептен тыс тәрбие беру орталықтарының директорлары қатысты.

Шара барысында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу привенциялары және білім саласындағы сыбайлас жемқорлық жағдайы» тақырыбында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Д.Тұрғанбаев мазмұнды баяндама жасап, видео роликтер көрсетті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» тақырыбы бойынша департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Г.Мурзакаева баяндама жасады. Баяндамада білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру, оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудың жүргізілуі бойынша мәліметтер берілді. Баяндама арнайы жасалған слайд сүйемелденді.

Семинарды қорыта келе, төрағалық етуші М.Мұхамбетов аталған шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға айтылған мағұлматтардан сабақ алып, қоғамның дерті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытуға шақырды.

     

0
0
383