БҚО білім саласы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу семинары өткізілді
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қай мемлекеттің болмасын өзекті мәселесіне айналып отыр. Оның алдын алу үшін әр мемлекетте бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Соның ішінде елімізде жүргізіліп жатырған реформалар мен заңдардағы өзгерістер.
Аталған өзгерістерді түсіндіріу мақсатында, 2016 жылдың 5 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаменті мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы БҚО бойынша департаментімен бірлесіп, білім саласы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу семинары өткізілді.
Семинарға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Мұхамбетов, облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева, Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы С.Бахишева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық басқармасының маманы Г.Мурзакаева, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, колледж, қалалық жалпы орта білім беретін мектептер мен мектептен тыс тәрбие беру орталықтарының директорлары қатысты.
Шара барысында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу привенциялары және білім саласындағы сыбайлас жемқорлық жағдайы» тақырыбында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Д.Тұрғанбаев мазмұнды баяндама жасап, видео роликтер көрсетті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» тақырыбы бойынша департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Г.Мурзакаева баяндама жасады. Баяндамада білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру, оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудың жүргізілуі бойынша мәліметтер берілді. Баяндама арнайы жасалған слайд сүйемелденді.
Семинарды қорыта келе, төрағалық етуші М.Мұхамбетов аталған шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға айтылған мағұлматтардан сабақ алып, қоғамның дерті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытуға шақырды.

