Мазмұнға өту

Жаңа

«Нұр Отан» партиясының қалалық қоғамдық қабылдау бөлмесі

«Нұр Отан» партиясының қалалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде қалалық кірістер бөлім басшысы Мұсаев Мейрам Мырзанұлы қала тұрғындарын қабылдады. Қабылдауда болған Биготанов Қайсар Сұлтанұлы өз тарапынан қойылған жеке сұрақтары бойынша толықтай жауап алды. «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының қоғамдық қабылдау жұмысы бүгінде тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелерін анықтап, оларды оңтайлы шешу жолдарын қарастыруда жоғары маңызға ие. Сондықтан бүгінгі қоғамдық қабылдау кезінде көтерілген мәселелердің барлығы жауапсыз қалмай, жақын арада шешімін табады, – дейді Мейрам Мырзанұлы.

0
0
1465

Ақмола облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарманың мәліметтері негізіндегі 2015 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстар және құқық бұзушылық жасаған мемлекеттік қызметшілер мен лауазымды тұлғаларға қатысты мониторинг

Сыбайлас жемқорлықтың нақты жай-күйін, оның пайда болуының, болмысының нақты себептері мен жағдайларын білмей, оған қарсы тиімді күрес жүргізу мүмкін емес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 16 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын» басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент), 2015 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және құқық бұзушылықтар жасаған мемлекеттік қызметшілер мен лауазымды тұлғаларға қатысты мәліметтерді өңдеді. Бұл мәліметтер Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ақмола облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасына (бұдан әрі – Қ…

0
0
1342

«25 қайырымды іс» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасын табуда.

«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының ұйымдастыруымен, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асыру мақсатында «25 қайырымды іс» акциясы аясында ҰОС және еңбек, тыл ардегерлеріне көмек көрсетуді қолға алды. Бұл жолы акциямен ҰОС ардагері, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Хасан Хисматұлы Боранбаевты 9-Мамыр Ұлы Отан соғысы күні қарсаңында мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті. Мерекелік құттықтау, жылы лебізді тілектермен қоса күнделікті тұрмыста тұтынантын азық-түліктің бірнеше түрімен қамтамасыз етті. Ардагер құрмет көрсетіп, елеп-ескерген партия қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Атап өтеттін болсақ, аталмыш акция 2016 жылы партия жобасын жүзеге асырудағы маңызды бағыттың бірі – ҰОС, тыл ардагерлері, жалғызбасты қарттардың әлеуметтік-мәдени өмірл…

2
0
1406

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында сәби өлімінің көрсеткіші 3 есеге төмендеді

Қазақстанда тәуелсіздік жылдары диагностикалау мен нәрестенің бойындағы патологияларды ерте кезеңде анықтаудың заманауи тәсілдерін қолдану нәтижесінде сәби өлімін 1991 жылы 1000 тірі туылғандарға шаққанда 27,4-тен 2015 жылы 9,39-ке дейін 3 есеге төмендеді. Республикада күн сайын 1 мыңнан астам, жыл сайын 400 мыңнан аса сәби дүниеге келеді. Туу көрсеткіші соңғы 5 жылда 3%-ға өсті. Елімізде сәби өлімін азайтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде салмағы 500 грамм және одан асатын шала туған балалар өмір сүруге мүмкіндік алды. 5 жылда салмағы 1500 граммға дейінгі санаттағы балалардың тіршілікке қабілеттілігі 30%-ға өсіп, 60%-ға жуық көрсеткішті құрап отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу мен өлі туу өлшемдерін енгізуді есепке ала отырып елімізде стационарлық қызметті, тә…

0
0
509

Жас маманға тәлімгерден қолдау бар

Ағымдағы жылғы 3 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жергілікті департаментімен «Солтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ ұжымында семинар өткізілді. Кездесуде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын реттейтін заңнамада орын алған өзгерістер, әңгіме арқауына айналды. Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Ф. Степаненко мекеме қызметкерлерін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі жаңашылдықтарымен таныстырып, тәлімгерлік институтының жүзеге асырылу тетіктеріне кеңінен тоқталып өтті. Бұдан былай, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған маман жұмыс орнына «судай сіңуі» үшін, оған сол мекеменің тәжірибелі қызметкері тәлімгер ретінде тағайындалатын болады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қ…

0
0
401

Ел есінде!

«Елу жылда ел жаңарады»- дейді қазақ.Ал Ұлы Отан соғысының аяқталғанына быил 71 жыл болады. Қазір, әсіресе жастар арасында «Соғыста Гитлер жеңгенде тамаша өмір сүретін едік» деген ойға сыймайтын сөз жүр. Освенцим, Майданек, Бухенвальд – бұл өлім лагерлері дүние жүзіне мәлім. Гитлердің саясаты бойынша еврейлер, цығандар, азиаттар, яғни төменгі раса өкілдері жер бетінде қалмау керек еді. Миллиондаған адамзат пешке тірідей жағылды, адам өліктерінің тау болып үйіліп жатқанын, адам тәніне жасалған жан түршігерлік тәжірибелердің болғанын білеміз. Жеңіске жеткен жағдайда Гитлер осы науқанды жалғастырар еді. Қазақ даласында немістердің жоспары бойынша Освенцим, Майданек, Бухенвальд сыяқты қазақтарды жағып тастайтын пештері бар өлім лагерлері салынатын еді. Сондықтан ата-бабамызға мың да бір рахме…

0
0
546

Киіктерге ел бойынша санақ жүргізіліп жатыр

Зерттеушілер әлі күнге нақты тоқтамға келген жоқ. Қатары сиреген ақбөкендерге Ауыл шаруашылығы министрлігі санақ жүргізді. Астанадан 160 шақырым қашықтықтағы Баршын тас жолында Ауыл шаруашылығы министрлігі тікұшақпен Бетпақдалаға қарай бет алып, жылына бір рет киіктерге санақ жүргізеді. Сәкен Сейфуллин сахараның ботакөзіне балаған ақбөкендердің былтыр 150 мыңнан астамы өлді. Қынадай қырылған киіктерді Бетпақдала әлі күнге жоқтайтындай. Кезінде төскейінде жүз мыңдап жортқан жануардың бүгін жүздік шоғырын көзіңіз сирек шалады. Ауыл шаруашылығы министрлігі сәуірдің басынан санақ жүргізуді бастаған. Орал мен Ақтөбедегі ақбөкендер түгенделді. Енді Бетпақдаладағы жануардың есебі жүргізіліп жатыр. Нариман Жүнісов, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының орынбасары: - Б…

0
0
377

Қарағандының қайраушылары кім?

Қызылордада 1 мамырда кейінгі кезде көп көтеріліп жүрген «жер мәселесіне» байланысты бей-берекет бой көтерген белгіленбеген митинг жаппай тәртіпсіздік пен полициямен арадағы қақтығысқа ұласты. Кейбіреу жазықсыз жапа шекті. Осындайда: «Қоғамдағы қақтығыс, жөнсіз жіктелу кімге керек? Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде Қызылорда көшелерінде қасақана ұйымдастырылған «мағынасыз әрі аяусыз» аласапыранның арандатушылары кімдер?» деген қисынды сұрақ туады. Олардың кім екені соншалықты құпия да емес. Қоғамдық мүдденің көлеңкесін қалқаланған олардың көздегені — келешектегі қарабасының қамы. Шындығында, олар көксеген қоғамда парасатты және адал азаматтарға орын жоқ. Өйткені, олардың арманы — еліміз бен орталық-азия аймағын бауырластар бірін-бірі қырғынға ұшырататындай соғыс жағдайына келтір…

0
0
796

«Қытайдан қорқамын!»

"Қытайдан қорқамын"-деп көз жасы көл болған қызды неге жұбата алмаймыз?! Кішкентай ойын баласы болсада өз қорқынышын жасыра алмаған қызды айтсаңшы. КСРО уақытында дүниеге келген анасына: "Сен қорлық көрмей өстің менің Қытай болғым келмейді"-деп еңіреп отыр, бар-жоғы 9- сынып оқушысы. Есімде жоқ бірақ оқығаным бар еді "Қазақ еліне қызыл құрт түседі"- деген сөзді. Бірақ мен де сол кезде қызыл құртты қытайлықтарға теңегенім бар еді. Анасы бәлкім барлық аналар сияқты:"Қызым қытайдың заттардын жей бермей, мектепте ыстық тамақ алып іш"- дейтіні бар шығар. Содан білсе керек кішкентай қыз еліміздегі барлық тауарлардың Қытай елінен келетіндігін. Осындай қарқында жүре берсек, бір күні өзімізді де басып алады деп айтқысы келсе керек. Қорыққанынан Бөгенбай, Қабанбай сияқты алып батырларымыз көз алдын…

1
0
405

Маңызды мамандықтардың бірі — «Қоғаммен байланыс»

Бүгінде билік жүйесі жаңа ғылыми технологияны пайдаланып, ғаламтор желісі, элекртонды қызмет түрлері сияқты адам санасы тудырған жетістіктермен жүзеге асырылуда. Жаһандану заманында халық пен билікті бір-бірімен байланыста ұстау үшін екі жақтық көзқараспен санасатын мамандар қажет. Мемлекет пен қарапайым жұртшылық арасындағы дәнекерші «Қоғаммен байланыс» саласы. «Кімде ақпарат болса сол әлемді билейді» демекші, ақпараттық қоғамда өмір сүріп отырған кез келген мемлекет - ақпараттық мамандықтар дайындайтын салаға аса үлкен мән беруі керек. PR-маманының кәсіби құзіреті – коммуникативтілік, креативтілік, шығармашылық көзқарас, жазу қабілеті, іскерлік қарым-қатынас, сөйлеу мәдениеті, шешендік өнер, көпшілікпен тез тіл табысу, идеяларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру екендігі мәлім. Еліміздегі қ…

0
0
1507