«Серпін-2050» студенттерімен кездесу
Мамыр айындағы мерекелерге орай Жастар бастамаларын дамыту орталығы С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің студенттер үйінде еркін әңгіме жүргізді.
«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген студенттер арасында түрлі пікірталастар жүргізіліп, қоғамдағы белен алып жатқан сұрақтарға бірлесіп жауап берді. Сондай-ақ жастармен тренингтер жүргізілді.

Өзге қалаға білім іздеп келген студенттерге бірінші жыл үйренісу қиын екені белгілі. Осы мақсатта орталық серпіндік студенттермен жиі түрлі форматта кездесулер ұйымдастырады.
Жастар бастамаларын дамыту орталығында өткізілетін іс-шараларға бұл студенттер белсенді қатысады. Орталықтағы тегін жүргізілетін курстарға қызығушылық танытып, үйренуге ниетті. Ал, біз алдағы емтихандарда сүрінбей, өте жақсыға тапсыруларына тілекшіміз.
