I. МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН АҚПАРАТ 1. Жерді жеке меншікке кім сатып алады? Бірде бір шетелдік Қазақстан жерінің бір сантиметрінде сатып алуға құқығы жоқ. Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға құқы бар, біріншіден, жеңілдетілген бағамен (50%), жалға берілген жерді 10 жылға ұзартумен және екіншіден аукцион арқылы сатып алуға құқы бар. Шетелдіктер үшін бұндай норма жүрмейді. Мынаны ескерткіміз келеді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы қазіргі айналымдағы 100,8 млн га жердің 1,3 млн га жері Қазақстан азаматтарының жеке меншігінде, ал 99,5 млн га жер жалға берілген. Бұндай жерлерде әртүрлі егістік, майлық, дақылдық, жемдік, көкөністік –бақшалық және өнімдік дақылдар өсіріледі және бұндай жерлерде мал шаруашылығымен және ет-сүт өндір…