Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлттық спорт түрлерін дамыта отырып...

Ағымдағы жылдың 6 мамырында «Бурабай» спорт кешенінде ұлдар мен қыздар арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мен Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығының құрметіне   «Тоғызқұмалақ»   ойынынан  облыстық турнир  өтті. Турнирге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің   басшысы Қ. Жапақов қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Қ. Жапақов турнирге қатысушыларды атаулы мерекелермен құттықтай отырып, «Дәстүрлі спорттық шараға айналған тоғызқұмалақ сайыстарын өткізу өңіріміздегі спорттың ұлттық түрлерін дамыту ісіндегі  тың  қадам болып отыр», - деп атап өтті.

Турнирге облыстың барлық өңірлерінің өкілдері қатысты.Іс-шараның қорытындылары бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Турнир аяқталғаннан кейін облыс өңірлерінің тоғызқұмалақтан жаттықтырушыларына арналған  семинар өткізілді.

Қ. Жапақов салтанатты түрде «Ақмола облысының тоғызқұмалақ федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті болып сайланды.

0
0
368

Осы тақырып бойынша

Ұлттық спорт түрлерін дамыта отырып... - Yvision.kz