Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің бірыңғай провайдері

А.ж. 5 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес қоғамы  Ақмола облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бақылау мен мониторинг бөлімінің басшысы А. Құсайыновтың қатысуымен семинар-дәріс өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру.

Кездесу барысында А.Құсайынов бұл жобаның іске қосылуы – Ұлт жоспары талаптарының бірі екеніне тыңдаушыларын назарын аударды. Пилоттық режимде ол   табыспен   іске асырылуда. Бұл Елбасы белгілеген стратегиялық іс-қимыл жоспарының  соңғы, 100-інші қадамы.

Корпорация «Жер кадастрының ғылыми-өндірісітік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы, «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру жолымен құрылғанын атап өткен жөн. Корпорацияның құрылуына уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі.

Іс-шараға 30 адам қатысты

0
0
762

Осы тақырып бойынша