Жеңіс күні
9 – мамыр Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Орал қалалық білім бөлімінің №21 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жеңіс күні» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Шараға департамент өкілі Е.Төлепқалиев қатысып, жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру бағытында баяндама жасап, қатысушыларды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.
Шара барысында оқушылардың қатысуымен әр түрлі мерекелік қойылымдары қойылып, соғыс өлеңдері шырқалды.

