Мазмұнға өту

Жаңа

АҚШ-тағы қазақ патриоттары кімдер?

Белгілі орыс жазушысы әрі қоғам қайраткері Солженицын КСРО саясатын сынға алған санаулы тұлғалардың бірі болған. Ол елінде саяси көзқарастары үшін құрметке ие бола алмаған болса да, өзге елдерден саяси пана сұраған емес. Керісінше, КСРО территориясында қалып, коммунистік көзқарасты сынға алатын жазбаларын баспадан шығаруға тырысқан. Дегенмен де, КГБ қызметкерлері оның паспортын алып қойып, ФРГ территориясына шығарып салады. Патриот өз үгіт-насихатын ел сыртында да жалғастырады. Кейіннен КСРО ыдыраған соң, бірден Ресейге қайтып оралды. Міне, оны өз ұлтының патриоты деуге болады. Көпке белгілі, өзге елден "саяси пана" сұраған кезде сол елдегі билікке қарсы екеніңді анық білдіре алуың керек. Ал билік ауысса ше? Ондай сәтте оппозиционер патриоттар кіндік қаны тамған жерін аңсап, елге оралуы т…

0
1
404

Қызылордада полиция қызметкерлері оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Қазіргі таңда барлық білім беру орындарында өткізілетін «Соңғы қоңырау» салтанатынан кейін мектеп бітіруші түлектердің автошеру ұйымдастырып, автокөлік жарыстыруы дәстүрге айналып барады. Бұл тек жолдағы кедергілерге ғана емес, жол қозғалысына қатысушы басқа да тұлғалардың қауіпсіздігіне кері ықпал етіп, апаттылық жағдайдың жоғарылуына себеп болып отыр. Осыған орай, ағымдағы жылдың 23 мамырында Қызылорда қаласындағы №101 орта мектептің мәжіліс залында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Жаукеевтің, Қызылорда қалалық Білім беру басқармасының басшысы А.Есжановтың, сонымен қатар, мектеп директорлары мен ата-аналар комитеті төрағаларының, полиция қызметкерлерінің қатысуымен жиын болып өтті. Жиында бітіруші түлектердің автошеру өткізуіне тыйы…

0
0
567

Бейбіт Шүменов — қос салмақта да әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов отандық кәсіпқой боксшылар арасында бірегей жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.



Бұған дейін жартылай ауыр салмақта сынға түсіп, әлем чемпионы атанған Бейбіт кеше ғана Лас-Вегастың шаршы алаңында америкалық Джуниор Райтты 10-раунда техникалық нокаутпен жеңіп, бірінші ауыр салмақта WBA чемпиондық белдігін иеленді. Күні бүгінге дейін бірде бір қазақстандық кәсіпқой боксшы мұндай жетістікке (қос салмақ дәрежесінде де әлем чемпионы атану) қол жекізбеген еді.

0
0
666

TOi BiZNES.kz тауар белгісін ресми түрде тіркеді

Достар, жақсы жаңалықпен бөлісеміз! «TOi BiZNES.kz» интернет порталы тауар таңбасын ресми түрде тіркеді! Біздің мақсатымыз жобаны дамыту және елімізде ғана емес, шетелде де бренд танымалдығын арттыру. Бүгінде бізді Қазақстан танып келеді. Алдағы уақытта біз халықаралық нарыққа шығуды да жоспарлап отырмыз! Осыған орай, әріптестеріміз ұсынған тауарлар мен қызмет түрлерін жарнамалауға, мереке-думан ұйымдастырушыларға тауар және қызмет түрлерін іздеу сервисін дамытуға білек сыбана, мықтап кіріскенімізді атап өтпекпіз. Біздің басты мақсатымыз өзгеріссіз қалады – Бір шертумен ТОЙ жасау! Ескертпе: Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі №456-I Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бап, 8-бөліміне сәйкес тауа…

0
0
602

Атақты «Келін» телехикаясында Ананди рөлін сомдаған актрисаның өліміне қатысты іс жалғасын табуда

Телехикаялар жұлдызына айналған Пратюша Банерджидің отбасы мен достары қыздың өлімініе кінәлі адамды жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Қазір, Пратюшаның анасы Тергеу Орталық Бюросы арқылы қызының қайтыс болу себептерін іздеп зерттеу жүргізуде. Сома Банерджи жұма күні change.org платформасында онлайн− петицияны іске қосты. "Жиырма бес жастағы Пратюша Банерджи Сәуірдің 1−ші жұлдызында Мумбай қаласында өз өзіне қол жұмсаған. Тез арада ауруханаға жеткізілгенімен қызды ажал алдынан құтқару мүмкін болмады", деп хабарлайды Today.kz. Сома онлайн−петициялар жеткілікті жиналған соң оны премьер−министр Нарендра Моди мен Ішкі істер министрі Раджнатх Сингхка өткізуді жоспарлап отыр. Осыған орай Пратюшаның әкесі: «Иә, біз онлайн−петицияны қызымыздың өлімінен кейін әділдік орнату мақсатында іске…

1
0
2434

Екі жасар Эллина Кульдинаның денесі жансыз күйінде табылды

"Нұра өзенінің бойынан 10 мамырдан бастап жүзден аса адам іздеуге кіріскен екі жасар Эллина Кульдинаның денесі табылды", деп хабарлайды Today.kz. 10 мамырда Эллина Кульдинаның жоғалғаны жайында ақпарат түсті. Бұл жайтты естіген адамдар бірден ғаламтор желілерін дүр сілкіндірді. Көмекке құтқарушылар, сүңгуіршілер, полиция және жүзден аса волонтерлар келді. Бір жарым аптаға созылған бұл іздеу жұмыстары мамырдың 21-ші жұлдызында тоқтады. Қыздың денесін жергілікті балықшы өзен бойынан тапқан. Эллинаға арнап кішігірім болса да қоштасу рәсімін жасауға отыз шақты азамат ат салысты. Өзен бойына шырақ жағып, гүлдерді суға жібергендер сәбимен қимастықпен қоштасты. Қолға түскен қосымша ақпараттарға қарағанда, сәбидің жерлеу рәсімі 23-ші мамырда Астана қаласында өтті. Эллинаның жақындары қызды іздеуг…

0
0
595

Тиімді қызмет – табыс кепілі.

2016 жылғы 20 мамырда ҚР МҚІМ СҚО бойынша Департаментінің қызметкері СҚО Экономика басқармасының қызметшілерімен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауға қатысты семинар өткізді. Семинар тақырыбы өзекті болғандықтан, келіп түскен сауалдар аз болмады. Олардың барлығына Департамент маманы өз жауаптарын берді.

0
0
549

Егер сіз мықты кәсіпкер болғыңыз келсе, жаңа мүмкіндіктерге ашық болыңыз!

Егер сіз мықты кәсіпкер болғыңыз келсе, жаңа мүмкіндіктерге ашық бол және ешқашан өзінің кішкентай мүмкіндігіңді жіберіп алма. Маған өте жақсы болған күнді ешқашан ұмытпаймын, содан кейін мен кез келген мүмкіндікті жібермейтін болдым және өмір маған сыйлап жатқан әр оқиғаны бірден іске асыратын болдым. 2011 жыл, «Атамекен- start-up» байқауы болатын. Мен Қазақстан үшін сол кезде революциялық өнім болатын IP-АТС жобасымен қатыстым. Фавориттер қатарында болдым, қазылар алқасының мүшесі – ірі медициналық компанияның басшысы маған серіктестікті ұсынды. Ол менің жасаған жаңалығымды өз компаниясының 20 филиалына орнатқысы келді және менің визиткамды сұрағаны бар. Мен презентациямды аяқтап, ештеңе болмағандай өз орныма отырдым. Бірнеше минуттан соң қазылар алқасы жобаларды ортаға салуға кетті. Же…

2
3
1216