Мазмұнға өту

Жаңа

Тұрғындармен байланыс орнатудың тиімді жолы — жеке қабылдаулар

Ағымдағы жылғы 26 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғ.С. Тұрсынбаев және аймақтық Кәсіпкерлер палатасының директоры Т.С. Ысқақов бірлесіп, Есіл ауданындағы «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарды жеке қабылдауларын өткізді.

Қабылдауға 6 адам жазылды. Аудан тұрғындарын толғандырған мәселелердің басым көпшілігі мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін есептеу, тәлімгерлік институты, сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысуға бел буғандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың түрлеріне қатысты болды.

Қабылдау барысында қойылған сұрақтардың барлығына тиісті түсіндірмелер берілді.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен өткізілетін мұндай кездесулер тұрғындармен кері байланыс орнатудың тиімді құралы болуымен қатар, азаматтардың мәселелерін дер кезінде шешуге септігін тигізуде.

 
0
0
564

Есіл ауданындағы кездесу

Ағымдағы жылғы 26 мамырда Есіл ауданының әкімдігінде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойынша департаменті басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.С. Тұрсынбаевтың қатысуымен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру жөнінде семинар өткізілді.

Жиынға аудан басшылығы, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтер әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жетекшілері мен мамандары, этномәдени бірлестіктер, саяси партиялар және БАҚ өкілдері қатысты.

Департамент басшысы Ғ.С. Тұрсынбаев, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының Бірінші институционалды реформасын жүзеге асыру аясында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарына, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне тоқталып, жиылғандарды Министрліктің функциялары және оның алдына қойылған міндеттермен таныстырды.

Баяндама барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын қатаң сақтануларына ерекше назар аударылды. Өйткені, күні кеше ішімдікті асыра пайдаланған аталмыш ауданның қызметкері қоғамдық орында дөрекі мінезімен танылып, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірген болатын.

Сондықтан Ғалым Тұрсынбаев мемлекеттік қызметшілер жұмыстан тыс уақытта да жалпыға міндетті әдеп нормаларын қатаң сақтанып, қоғам тарапынан сын сөз естімеу үшін мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекеттерден аулақ болуларын ескертті.

Кездесу соңында Департамент басшысы қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, кәсіби мемлекеттік аппарат бұқара мен мемлекеттің тығыз байланысы арқасында ғана қалыптасатындығын тілге тиек ете кетті.

 
0
0
418

Қазақстан жылқының африкалық обасынан таза статусын иеленді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

27.05.2016 ж.                                                                                   Астана қ.

IMG-20160526-WA0000

Париж қ. 22 мамыр мен 27 мамыр аралығында 180 қатысушы мемлекеттердің қатысуымен Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ) 84-сессиясында Қазақстан вакцинациясыз аусылдан таза аймақ ресми мәртебесін алды.  Бұл мәртебе елімізде халықаралық ат спортын дамытуға мүмкіндік бермек.
Бұған қоса, Халықаралық эпизоотиялық бюросы Қазақстанның аусылмен күресу бойынша ұлттық бағдарламасын бекітті.

Бас Ассамблеяның ұлттық делегаттарымен  ұсақ күйіс қайырушы жануарлар арасында оба және құтыру ауруларын алдын алу, бақылау аясында әдістер талқыланды.

ХЭБ – жануарлардың денсаулығына жауапты үкіметаралық ұйым. ХЭБ консультациялық ұйым ретінде Дүниежүзілік сауда ұйымымен мақұлданған. Штаб-квартирасы Париж қ.(Франция) орналасқан. ХЭБ-тың негізгі мақсаты бүкіләлемдік жануарлардың денсаулығын  қамтамасыз ету және қорғау. Бүгінгі таңда ХЭБ құрамына 180 мемлекет кіреді. Қазақстан ХЭБ-ға 1993 жылы қосылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz

 
0
0
424

БҚО-да ауыл мектептерінің түлектерін мектеп бітірулерімен құттықтады

2016 жылдың 25 мамырда біздің еліміздің барлық мектептерінде          11 сынып түлектеріне арналған соңғы қоңырау соғылды.

Осы күні, Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаҺандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауының іске асыру барысын облыс тұрғындары арасында түсіндіретін облыстық ақпараттық топтары мүшелері соңғы қоңырау салтанатты шараларына қатысты.

Аталған мерекенің шеңберінде Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша Департаменті басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы М.Нұртазин және оның орынбасары А.Жұбаныш Қаратөбе аудандық Жамбыл атындағы мектебі мен Сырым ауданындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің түлектерін, ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтады.

Өз сөздерінде олар түлектерге жылы тілектерін айтып, олардың әр бастамаларына сәттілік тіледі.

Мектептегі соңғы қоңырау күніне арналған салтанатты шарадан кейін Департамент басшылығы жергілікті тұрғындар мен ауылдық әкімдіктегі мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

 

0
0
555

ҚР ДСӘДМ-де көші-қон саясаты мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Вице-министр Біржан Нұрымбетовтың басшылығымен «Қазақстанның жаңа көші-қон саясаты» атты дөңгелек стол өтті.

Шараға орталық және жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек стол барысында 2015 жылдың 24 қарашасында Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында қарастырылған көші-қон заңнамасындағы өзгерістер талқыланды.

Өз сөзінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов  көші-қон үрдістерін реттеудегі жаңа әдістердің еліміздегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын жаңғыртуға, сондай-ақ, әлеуметтік-демографиялық жағдайды жақсартуға, мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын ұлғайтуға бағытталғандығы туралы атап айтты.

Сонымен, этникалық қазақтарды тарихи отанына оралуын ыңталандыру мақсатында келесі шаралар қарастырылады: этникалық қазақтарға қоныстану өңіріне қарамастан оралман мәртебесін беру; жұмыспен қамтудың белсенді шаралары аясында Үкімет белгілеген өңірлерге қоныстанған жағдайда әлеуметтік пакетке ие болу; уақытша тұру ықтиярхатын алғаннан кейін бір жылдың ішінде ҚР азаматтығын беру.

«ҚР аумағында халықты орналастырудың диспропорциясына байланысты ішкі көші-қон мәселелерін шешу мақсатында жұмыс күші мол аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшетін адамдар үшін әлеуметтік пакет енгізіледі», - деп хабарлады Вице-министрі.

Сонымен қатар, ол 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдік жұмыс күшін тарту (әрі қарай - ШЖК) шараларының жеңілдетілгенен атап айтты.

«Біріншіден, жұмыс берушілерге рұқсаттама беру идеологиясы түбегейлі қайта қаралады. Енді алымдар ел бюджетіне өндірілетін болады. Ол мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға, оны аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуына бағыттауға мүмкіндік береді. Олардың мөлшерлемесі қызметкерлердің санаты мен саласына қарай сараланатын болады. Қызметкердің санаты төмен болған сайын мөлшерлеме көлемі де төмен болмақ. Сонымен бірге, ШЖК тарту квотасы экономикалық белсенді тұрғындардың есебінен емес, салас көрсеткіштерінен құралатын болады. Нәтижесінде, қандай шетелдік жоғарғы білікті маман қай салаға шақырылғандығын біліп отыратын боламыз», - деді Біржан Нұрымбетов.

Қазақстанға келетін шетелдік мамандар экономиканың басым салаларында талап етілген мамандықтар тізбесі бойынша біліктілігінің сәйкестігі туралы 3 ай ішінде берілетін анықтама негізінде кез келген жұмыс орнына мамандығы бойынша орналасуына мүмкіндік алады. Шетелдік маман оның білім деңгейін, жұмыс өтілін, практикалық тәжирибесін және де өзге де біліктілігін растайтын параметрлерін айқындайтын балдық жүйе арқылы бағаланатын болады.

Сонымен бірге, ішкі корпоративтік ауыстыру процедурасын жетілдіру қарастырылып отыр. Мұндай шетелдік жұмыс күшін тарту тәсілі жалпыға бірдей әлемдік стандарттарға, Дүниежүзілік сауда Ұйымының талаптарына сәйкестендірілетін болады.

«Сондай-ақ, аталған жаңалықтарды іске асыруға бағытталған ақпараттық-сараптамалық жүйені құру жоспарланып отыр. Ол жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін айтарлықтай жеңілдетіп, рұқсаттама беру процедураларын біршама жылдамдататын болады. Егер аталған шаралар қазіргі таңда 30-40 күнге созылса, ұсынылып отырған тәртіп бойынша орта есеппен 5 күнге дейін қысқаратын болады», - деп мәлімдеді ол.

Кездесу соңында қатысушылар этникалық, ішкі көші-қон саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған жұмысты әрі қарай жалғастыру туралы уәделесті.

 
0
0
379

Мүмкіндігі шектеулі балалар гала-концертке шақырады!

23 мамыр, Республикалық «ВІ-Жұлдызай 2016» фестиваліна мүмкіндігі шектеулі балалар қатысып  өз бақтарын сынап көрді. Байқау жеңімпаздарына қымбат сыйлықтар мен сертификаттар табысталды. Қазақстанның әр жерінен келген қатысушылар өздерін жан-жақты қырларынан көрсетті. Мүгедек балалардың жұлдызды сәттерінің жануына себепкер болған  «ВІ-Жұлдызай» қорының директор орынбасары Танирберген Алтынай: «Осы фестивальдің арқасында былтыр 120 мүмкіндігі шектеулі балаларға операция жасалды, 1500 балаға оңалту шаралары жүргізліді. Жыл сайын шетелден дәрігерлер шақырылып балаларға денсаулықтарына байланысты кеңестер өткіземіз».

Бурабай демалыс орнында өткізген 7 кундерін балалар байқаудың екінші іріктеу турына дайындықпен өткізді. Оралдан келген егіздер Аяжан мен Айман Калгалиевалар: «Үйімізден Бурабайға дейін 2 күн жүрдік. Қатты шаршағанымызға қарамастан бүгін бар өнерімізді көрсетуге тырыстық».

Қазылар алқасы Қазақстанның 16  қаласынан көзге түскен ең талантты балаларды іріктеп алды. Жыл сайын өткізілетін бұл шараға эстрада жұлдыздары да өз үлестерін қосуда. Ринат Малцагов: «Қатысушыларды барынша әділ бағалауға тырыстық. Олардың киген киімдері мен таңдаған әндеріне үлкен мән бердік. Әрине, қолымды жүрегіме қойып тұрып  балалардың денсаулықтарына қарамастан өте дарынды екендерін айта аламын. Болашақта да осы шараға барынша ат салысуға тырысамыз».

Фестивальға қатысушылар өз көрермендерін гала-концертке шақырады. Халықаралық балаларды қорғау күні, яғни маусымның 1 жұлдызында Астана қаласы, Орталық концерт залында өтеді.

 
0
0
2680

«ҚазАгро» аграрлардың кооперативтерге бірігуін ынталандырады

IMG_5106

Павлодар облысында аймақтың өндіруші-шаруашылықтарымен ертіс маңында алғаш рет кооператив құрылды. Жаңа бірлестік – «Ертіс Агро» ӘКК облыстың алты негізгі астық өсіруші аудандарында жалпы алаңы 140мың га 44 ауылшаруашылық тауар өндірушілері кірді.  Шаруалар дер кезінде қаржыландырудың арқасында егістік алдындағы   топырақты өңдеуді аяқтады және дәнді және азықтық дақылдардың егістігін бастады.

Қазақстанда кооперациялар принципіндегі республиканың шаруа қожалықтарының бірігу процессі қарқын алуда.  2015 жылы «ҚазАгро» ұлттық холдингі шағын және орта агробизнес үшін несие ресурстарына қолжетімділікті кеңейту мақсатында ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландырудың жаңа схемасын әзірлеп және пилоттық режимде іске қосты.  Ұсынылған шешімкооперациялар мен ортақ жауапкершілік принциптерінде астық өндірушілерді біріктіруді болжайды. Бұдан басқа, «ҚазАгроның» бастамасы ауылдағы қаржыландыру процессіне екінші деңгейлі банктерді белсенді тартуды ынталандырады.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры Қанат Жауымбаев айтқандай, шаруашылықтардағы кепілдік базасының жетіспеушілігі, ал кейде шаруашылықтарда кепілдік базасының толық болмауы көптеген  ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің  қаржы қаражатын алуы кезінде қиындық туғызатын басты себептердің бірі болып табылады. Несие ресурстарының жетіспеушілігі, ауылдағы шағын және орта бизнестің басқа проблемаларының – техникалық әлсіз жарақтану мен өндірістің ұсақ тауарлығының     алғышарттары болады. «Осы мәселенің маңызды шешімдерінің бірі «ҚазАгроның» кооперациялар принциптеріндегі аграрлық шаруашылықтарды біріктіру жөніндегі бастамасы болды.  Оның мәні, шаруалар біріге отырып несие қаражаттарын алады, ал олардың қайтарылуының кепілдігі кооператив мүшелерінің бір-бірінің алдындағы жауапкершілігі болып табылады» – деді Ұлттық холдингтің өкілі.

Өткен жылы үш кооперативтің базасында іске асырылған жоба, астық өндіруші- шаруашылықтарды біріктіру жөніндегі қозғалысқа дейін өсті.   Бүгінде республикада «ҚазАгроның» қаржылай қолдауымен 10 ауылдық өндірістік коопративтер құрылып және  егістік жұмыстарына кірісіп кетті, олар елдің төрт астық себуші аймақтарында 222 шаруашылықты біріктіреді.

«Ертіс Агро» ӘКК кооперативінің қызметінің негізгі бағыты – дәнді, майлы және азықтық дақылдарды өндіру мен қайта өңдеу.  Бірлестік шаруашылықтары бидай, арпа, қарақұмық, зығыр және т.б. өсіреді.  Кооперативтің Басқарма төрағасы Ерлан Тоқтышақовтың айтуынша, бірлестіктің мақсаты – бұл астық кластері мен ауылда бәсекелес ортаны құру. Міндеттерді іске асыру үшін ӘКК болашақтағы жоспарында – егістік алаңдарын ұлғайту, дақылдарды өсіру процессіне жаңа технологияларды енгізу, кооператив өсірген өнімдерді сақтаумен, қайта өңдеумен байланысты өндірістерді күштерін біріктіріп құру және онымен экспорт нарықтарына шығу.  Кооперативтің басшысы айтқандай, қаржы институты ретінде, «Ертіс Агро» ӘКК әріптестік қатынасының негізінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі желісі бойынша қаржыландыруды іске асыратын оператор болып «Bank RBK» АҚ таңдалды.

«Біз ауылшаруашылық кооперативтерін қаржыландыру банк бизнесіндегі аса перспективалық бағыт деп есептейміз. Аграрлық секторды несиелеу қашанда жоғары тәуекелмен байланысты, сондықтан коммерциялық банктер осындай жобаларға сақтанып қарауға мәжбүр. «ҚазАгро» холдингімен ұсынылған схема фермерлердің бірігуін ынталандырады, осы ретте несие беруші ретіндегі банктердің тәуекелдері айтарлықтай төмендейді. Банктердің ауылшаруашылық кооперативтерімен табысты ынтымақтастығының алғашқы мысалдары елдің барлық аймақтарындағы фермерлерді белсене біріктіруге әкеледі деп үміттенеміз, оның нәтижесінде отандық аграрлық сектор қажет көлемде қолжетімді несиемен қамтамасыз етіледі, ал банктер ауылшаруашылық тауар өндірушілерін тарту есебінен клиенттер базасын біршама ұлғайта алады», – депатап өтті  «Bank RBK» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Раушан Секербаева.

«ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялары тобымен ағымдағы жылғы көктемгі-егіс жұмыстарының барысында егін егу жұмыстарын жүргізу үшін және жалпы республиканың аграрларын қолдауға 60 млрд.теңге бюджеттік несие қаражаты бағытталғанын еске саламыз, оны қарыздар түрінде Холдинг пен Екінші деңгейлі банктер арасында бөлу болжанады. Бүгінгі күнгі жағдайда КЕЖ қаржыландыру шеңберінде Холдинг компаниясына республиканың ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен жалпы сомасы шамамен 48 млрд.теңгенің  1 555 өтінімі келіп түсті.  Түскен өтінімдер санының қазіргі уақытта  1 515  өтініші мақұлданды, оның жиынтық сомасы 49,9 млрд. теңгеге  1 410 өтінімі бойынша қаржыландыру жүзеге асырылды.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық    компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді. 
_______________________________________________________________________
«ҚазАгро» холдингі» АҚ Баспасөз қызметі  
+7 701 460 91 82,  [email protected] тел: (7172) 70-56-39,  
www.kazagro.kz

   
0
0
529

«АНК» АҚ көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін АӨК субъектілерін 4,6 млрд. теңге көлемінде қаржыландырды

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

26 мамыр 2016 жыл                                     Ақмола облысы

BAM_1524

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Республикалық бюджет қаржысы, Ұлттық қор қаражаты және бюджеттен тыс қаржы есебінен, Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау мақсатындағы іс-шаралар аясында 940 ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне көктемгі егін және күзгі жиын терім жұмыстарын жүргізу үшін 43 млрд теңге қаржы бөлді. Бұл сома биылғы жылы диқандардың 2 млн. гектардан аса егіс алқабында көктемгі егіс және күзгі орақ науқанын жүргізуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін Ақмола,  Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне уақтылы несие берілді.

Корпорация несие серіктестіктерін қорландыру аясында жыл басынан бері көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 372 агроөнеркәсіп кешені субъектілерінен келіп түскен құны 4,6 млрд.теңгенің өтінішін қаржыландырды.

Бұдан өзге, биылғы жылы Корпорация қаражаты есебінен Оңтүстік Қазақстан облысындағы  фермерлер «Ырыс» ЖШС шағын қаржы ұйымы мен «Максимум» ЖШС аймақтық инвестициялық орталықтарынан көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржыға ие болды.

Ауылшаруашылығы тауар өндірушілері алған қаржысы арқылы жанар-жағармай материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу үшін қосалқы бөлшектер мен материалдарды, минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға және өнімді отырғызу мен жинау бойынша өзге де қажетті шараларды уақтылы жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

«ТНС-Агро» ЖШС бизнес анықтамасы:
Директоры – Қазбеков Айбек Қадыржанұлы

Ақмола облысының Аршалы ауданында орналасқан «ТНС-Агро» ЖШС, 2011 жылғы 28 желтоқсан күні тіркелген.  Негізгі қызметі – егін шаруашылығы, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеумен айналысады. Шаруашылық Берсуат ауылдық округімен шектеседі. Жалпы жер аумағы –  31 319 га, оның ішінде егістік алқап көлемі – 13 069 га, шабындық жер – 16 804 га, және өзгесі  – 1 446 га.

Шаруашылық бүгінде қажетті материалды-техникамен (трактор, егін жинайтын комбайндар, ауыл шаруашылық жабдықтары) жабдықталған Серіктестіктегі жұмысшы саны 50 адам.

«ТНС-Агро» ЖШС  2013 жылғы 22-ші ақпаннан бері «Аршалы» несие серіктестігінің қатысушылары құрамында.

Анықтама:
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, 2001 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – аграрлық саланы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіпкешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы индустриаландыру және әртараптандыру. «ҚазАгро» Ұлтық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.

   
0
0
552

Полиция қызметкерлерінің кәсіби-психологиялық дайындығын шыңдауға бағытталған тренинг өткізілді

Психологиялық тренингтер – әлеуметтік құзіреттілікті жоғарылату, тұлғааралық қатынастарды қалыптастырып, бірлесіп іс-әрекет жасауға, қақтығыстарды конструктивті түрде шешуге ықпал ететін функционалды әдіс. Сондай-ақ, қызметтік жұмысты жетілдірудің негізгі талабы кәсіби-психологиялық дайындықты жетілдіріп, эмоционалды бұзылыстарының алдын алуда, қызметкерлердің  күрделі жағдайларда дұрыс әрекет етуде де алар орны зор. Оның дәлелі ретінде психологиялық тренингтер жүргізу арқылы тұлғаның танымдық белсенділігін дамытуға тиімді қол жеткізуге болады.

Осы мақсатта ағымдағы жылдың мамыр айының 26-сы күні 30 полиция қызметкерінің қатысуымен кезекті психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг Қызылорда ОІІД «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының кешенінде  департаменттің Кадр жұмысы басқармасының инспектор-психологы С.Мырзахметованың жетекшілігімен жүргізілді. Тренингтің мақсаты – қызметкерлердің коммуникативтік белсенділігін дамыта отырып, ортақ мақсатқа, ортақ көзқарасқа бірігуге баулу, қызметкерлердің  сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастырып, стресске қарсы тұра білуге дағдыландыру болып табылады.

Қызметкерлермен өткізілген тренинг барысында көптеген жаттығулар, ойын элементтері аралас тапсырмалар қолданылды. Бұл ұжымның бір мақсат, бір көзқараста жұмыс жүргізуіне ықпал ететіні сөзсіз. Тренинг бір-бірімен сәлемдесу ойынын жүргізумен басталып, «Салат» ойыны, «Есте сақта», «Переправа», «Айсберг», «Командаға сену» ойындарын жүргізумен жалғасын тапты. Бұл барлық психологиялық ойындар өзін-өзі бағалауды үйретуге, қарым-қатынаста тепе-теңдікті  сақтауға, байқампаздықты дамытуға, қасындағы жолдасына жауапкершілікпен қарауға, бір-біріне сенімді болуға, қатысушылардың ұйымшылдығын және бір-біріне деген қарым-қатынасын сақтауға бағытталды.

Тренинг соңында рефлексия өткізіліп, талқыланған мәселенің жалпы қорытындылары бірігіп тұжырымдалды. Қатысушы қызметкерлер шарадан өте жақсы әсер алып, тренинг олардың күткендерінен  асып түскендігін жеткізді.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
1514

БҚО-да кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелері талқыланды

2016 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен бірлесе кәсіпкерлік мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар жұмысына Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш, БҚО кәсіпкерлік палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның БҚОФ, аудандық және Орал қалалық кәсіпкерлік бөлімдері, кәсіпкерлерді қолдау Орталығы өкілдері қатысты.

Шараға қатысушылар кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарының қорытындысы, төртінші бағытты (қаржылық емес қолдау) жүзеге асыру және «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің жаңа кестесін талқылады.

Сондай-ақ, отырыста кәсіпкерлік субъектілеріне бөлінген бюджет қаражаттарының мақсатты пайдаланылуының және игерілуінің толықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын-алу бойынша облыста қабылданған шаралар бойынша сұрақтар қарастырылды.

МҚІМ БҚОД басшысының орынбасары А.Жұбаныш өз сөзінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру үшін кешенді түрде алдын-алу жұмыстарын жасау керектігін атап өтті. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты проблемалық сұрақтарға тоқталды.

Өз кезегінде, БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы М.Сатқанов, басқармамен тұрақты түрде отырыстар өткізіліп, онда өз функцияларын жүзеге асыруда және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қарастырылатындығын атап өтті.

Шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарының қорытындысын және осы бағыттағы алдағы жоспарларды талқылады.

   

0
0
822