Мазмұнға өту

Жаңа

Жемқорлық қоғамды шіртеді!

Жемқорлық қоғамды шіртеді! Елдікті сақтау үшін, биліктегі жемқорлық жойылу керек! Сондағана бірлік болады. Ал Төлебидің сөзі: "Бірлік болмай, тірлік болмайды"- деген. Тіршілік жүрмейді, жемқорлық бар жерде. Қазақстан бойынша билікте жемқорлық жайлап кеткен. Биліктегі жемқорлық қоғамды шіртеді. Назарбаев алдап отырма? Қазақстанда жемқорлық жайлап кеткен. Назарбаевқа жазып жүрген арыздарымыздың бірі. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мырза, Сіз халықты алдап отырсыз ба? Жемқорлық қашан жойылады? Жемқор судьялардың жасаған қылмыстары Сізге абырой әпереді ме? Біздің арыз-шағымдарымыз, материалымыз бойынша Республикамыздың миллиондаған жұрты, бүкіл Парламент және мемлекет - қоғам қайраткерлері жемқор судьялардың жасаған сыбайластық қылмыстарына таңғалып, "Судьялар қашан қылмыстық жазаға тартылады?"-…

0
4
729

Көкшетау қаласының ұстаздар қауымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруда бірыңғай көзқарасты ұстануда

Ағымдағы жылдың 19 мамырында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Қ. Жапақов №1 жалпы орта білім беру мектебінде №2 ОМ, №3ОМ, №6ОМ жыне Көкшетау қ. «Таңдау» көпбейінді гимназиясының педагогикалық ұжымдарымен кездесті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары бойынша түсініктеме жұмысын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру. Қуаныш Асылбекұлы өз баяндама…

0
0
538

Өзіңнен баста!

2016 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Ақмола облысының еңбек инспекциясы басқармасында (Бұдан әрі – Басқарма) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар- кеңес өткізді. Семинар-кеңестің жұмысына Басқарманың және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік және азаматтық қызметшілері қатысты. Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысына және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелері…

0
0
911

«Адал жол – Честный путь» эстафетасы Бұланды ауданында

Ағымдағы жылдың 20 мамырында Бұланды ауданында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақовтың, аудан әкімі Қ. Іспергеновтың қатысуымен идеологиялық актив өткізілді. Активке аудан әкімінің орынбасарыБ. Тасылбекова қатысты, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік қызметшілер, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Қ. Жапақов өзінің баяндамасында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының қатысушыларына алғыс білдірді және өткізіліп жатқан іс-шаралардың мақсаты – Ақмола облысы тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы м…

0
0
540

Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

2016 жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Ақмола облысының білім басқармасында (Бұдан әрі – Басқарма) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар- кеңес өткізді. Семинар-кеңестің жұмысына Басқарманың және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік және азаматтық қызметшілері қатысты. Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысына және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.…

0
0
378

Қазақстанда жемқорлық жайлаған.

Жемқорлық.
Елдікті сақтау үшін,  биліктегі жемқорлық жойылу керек! Сондағана бірлік болады. Ал ұлы Төлебидің сөзі: "Бірлік болмай,   тірлік болмайды"- деген. Тірішілік еш жүрмейді, жемқорлық бар жерде. Қазақстан бойынша билікте жемқорлық жайлап кеткен. Биліктегі жемқорлық қоғамды шіртеді.
Усенов Жақсыбай.

Елдікті сақтау үшін,  биліктегі жемқорлық жойылу керек! Сондағана бірлік болады. Ал ұлы Төлебидің сөзі: "Бірлік болмай,   тірлік болмайды"- деген. Тірішілік еш жүрмейді, жемқорлық бар жерде. Қазақстан бойынша билікте жемқорлық жайлап кеткен. Биліктегі жемқорлық қоғамды шіртеді.                                                 Усенов Жақсыбай.

0
0
289

Жалпықазақстандық диктант

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Мәңгілік ел» атты патриоттық актісіне арналған қазақ тілінен жалпықазақстандық ашық диктант жазылды. Ассамблея төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, аталған шараға республика бойынша 20 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Жалпықазақстандық диктант республиканың барлық облыс пен аудан орталықтарында өтті. Ол үшін аталған бастамаға қатысуға ниет білдірген азаматтар кітапханалар мен жоғары оқу орындарында жиналып, бір уақытта қазақ тілінде диктант жазып шықты. «Бүгінгі диктант «Мәңгілік ел» тақырыбына арналды. Біз бір жарым беттік диктант жазып шықтық. Сосын филолог мамандардан құралған комиссияға тапсырып қойдық. Жауабы ертең болады деді», - дейді «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Көлік персоналын ба…

0
0
1349

Мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидалары тікелей эфирде талқыланды

2016 жылдың 18 мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Мұратов «ТДК-42» телеарнасының «Шындықпен бетпе-бет» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Бағдарламаның негізгі тақырыбы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары, қызметтік қатынастардағы және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлықтың жалпы стандарттары және Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі жөнінде болды.

Бағдарламада Жақсат Мұратов мемлекеттік қызметшілер өздерінің моральдық-адамгершiлік бейнесiне жоғары талаптар қоя білуі керектігін айтып, мемлекеттік қызметшілер өздерінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін қызметіне жұмсай отырып, іскерлік қасиеттерге ие болу керектігін атап өтті.

0
0
578

БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2016 жылдың 17 мамырында өткен кезекті отырысында Теректі, Сырым, Зеленов, Тасқала, Казталов аудандарының бірқатар мемлекеттік қызметшілеріне қатысты тәртіптік істер қаралды. Алдымен, Теректі аудандық прокуратурасының шаруа қожалығына жалға берілген жер телімінің пайдалану мерзімін ұзартудан заңға сыйымсыз бас тарту мәселесіне қатысты ұсынысы негізінде Теректі ауданының жер қатынастар бөлімінің бас маманы А.М.Губанов пен Теректі ауданының сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы А.Н.Шукеевтың, сонымен қатар Зеленов аудандық прокуратурасының егін шаруашылығын дамытуға субсидия беру үшін шаруа қожалықтарынан құжаттар қабылдау барысында белгіленген Қағида талаптарын бұзу мәселесіне қатысты ұсынысы негізі…

0
0
582

Адалдық пен әділдік

2016 жылдың 19 мамырында №42 мектеп-гимназиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сабақтан тыс шара оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдану арқылы өтті.

ОЖСИОД технологиясы оқу мен жазу барысындағы ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырудың тұтас жүйесін құрайды. Ол ашық ақпараттық кеңістіктің негізгі дағдыларына, мәдениаралық әрекеттестік енгізілген ашық қоғамның азаматтық мінез-құлықтарын дамытуға бағытталған. Бұл технология білім саласындағы мәселелердің үлкен шоғырын шешуге негізделген.

Мектеп басшылығы мен Департамент өкілі оқушылармен бірге тренингке қатысты.

Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин оқушылар алдында «Адал жол адастырмайды» тақырыбында баяндама оқыды.

0
0
564