Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Олжас Сүлейменов Павлодар облысының құрметті азаматы атанды

Бүгін С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінде Қазақстанның халық жазушысы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойына арналған кездесу өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Салтанатты жиын барысында сөз алған аймақ басшысы Болат Бақауов мерейтой иесін мерекесімен құттықтап, арқасына шапан жапты.

- Бүгінгі кездесу Ертіс-Баян өңірінің халқы үшін естен кетпес тарихи оқиға. Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында Олжас Омарұлы 80 жасқа толып отыр. Облыс алдында сіңірген еңбегіңіз үшін сізді Павлодар облысының құрметті азаматы атағымен марапаттауға рұқсат етіңіз, - деді Б. Бақауов.

Сондай-ақ С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың ректоры Арын Өрсариев О. Сүлейменовты мерейтойымен құттықтап, Олжабай бабасының суреті мен кітаптарды сыйға тартты.

Айта кетерлігі, шара барысында білім ордасында Олжас Сүлейменов атындағы аудитория ашылды.

Аталмыш аудиторияның қабырғасында мерейтой иесінің суреті салынып, қанатты сөздері жазылған. Суретті салған С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің ақпарат және ақпараттандыру департаментінің жетекшісі Руслан Билялов.

Абзал Қабдраш

Ақпарат  pavlodarnews.kz сайтынан алынды

   
1
0
643

Осы тақырып бойынша