БҚО-да ауыл мектептерінің түлектерін мектеп бітірулерімен құттықтады
2016 жылдың 25 мамырда біздің еліміздің барлық мектептерінде 11 сынып түлектеріне арналған соңғы қоңырау соғылды.
Осы күні, Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаҺандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауының іске асыру барысын облыс тұрғындары арасында түсіндіретін облыстық ақпараттық топтары мүшелері соңғы қоңырау салтанатты шараларына қатысты.
Аталған мерекенің шеңберінде Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша Департаменті басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы М.Нұртазин және оның орынбасары А.Жұбаныш Қаратөбе аудандық Жамбыл атындағы мектебі мен Сырым ауданындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің түлектерін, ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтады.
Өз сөздерінде олар түлектерге жылы тілектерін айтып, олардың әр бастамаларына сәттілік тіледі.
Мектептегі соңғы қоңырау күніне арналған салтанатты шарадан кейін Департамент басшылығы жергілікті тұрғындар мен ауылдық әкімдіктегі мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.
