Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Полиция қызметкерлерінің кәсіби-психологиялық дайындығын шыңдауға бағытталған тренинг өткізілді

Психологиялық тренингтер – әлеуметтік құзіреттілікті жоғарылату, тұлғааралық қатынастарды қалыптастырып, бірлесіп іс-әрекет жасауға, қақтығыстарды конструктивті түрде шешуге ықпал ететін функционалды әдіс. Сондай-ақ, қызметтік жұмысты жетілдірудің негізгі талабы кәсіби-психологиялық дайындықты жетілдіріп, эмоционалды бұзылыстарының алдын алуда, қызметкерлердің  күрделі жағдайларда дұрыс әрекет етуде де алар орны зор. Оның дәлелі ретінде психологиялық тренингтер жүргізу арқылы тұлғаның танымдық белсенділігін дамытуға тиімді қол жеткізуге болады.

Осы мақсатта ағымдағы жылдың мамыр айының 26-сы күні 30 полиция қызметкерінің қатысуымен кезекті психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг Қызылорда ОІІД «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының кешенінде  департаменттің Кадр жұмысы басқармасының инспектор-психологы С.Мырзахметованың жетекшілігімен жүргізілді. Тренингтің мақсаты – қызметкерлердің коммуникативтік белсенділігін дамыта отырып, ортақ мақсатқа, ортақ көзқарасқа бірігуге баулу, қызметкерлердің  сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастырып, стресске қарсы тұра білуге дағдыландыру болып табылады.

Қызметкерлермен өткізілген тренинг барысында көптеген жаттығулар, ойын элементтері аралас тапсырмалар қолданылды. Бұл ұжымның бір мақсат, бір көзқараста жұмыс жүргізуіне ықпал ететіні сөзсіз. Тренинг бір-бірімен сәлемдесу ойынын жүргізумен басталып, «Салат» ойыны, «Есте сақта», «Переправа», «Айсберг», «Командаға сену» ойындарын жүргізумен жалғасын тапты. Бұл барлық психологиялық ойындар өзін-өзі бағалауды үйретуге, қарым-қатынаста тепе-теңдікті  сақтауға, байқампаздықты дамытуға, қасындағы жолдасына жауапкершілікпен қарауға, бір-біріне сенімді болуға, қатысушылардың ұйымшылдығын және бір-біріне деген қарым-қатынасын сақтауға бағытталды.

Тренинг соңында рефлексия өткізіліп, талқыланған мәселенің жалпы қорытындылары бірігіп тұжырымдалды. Қатысушы қызметкерлер шарадан өте жақсы әсер алып, тренинг олардың күткендерінен  асып түскендігін жеткізді.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
1407

Осы тақырып бойынша