БҚО-да кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелері талқыланды
2016 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен бірлесе кәсіпкерлік мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Семинар жұмысына Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш, БҚО кәсіпкерлік палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның БҚОФ, аудандық және Орал қалалық кәсіпкерлік бөлімдері, кәсіпкерлерді қолдау Орталығы өкілдері қатысты.
Шараға қатысушылар кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарының қорытындысы, төртінші бағытты (қаржылық емес қолдау) жүзеге асыру және «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің жаңа кестесін талқылады.
Сондай-ақ, отырыста кәсіпкерлік субъектілеріне бөлінген бюджет қаражаттарының мақсатты пайдаланылуының және игерілуінің толықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын-алу бойынша облыста қабылданған шаралар бойынша сұрақтар қарастырылды.
МҚІМ БҚОД басшысының орынбасары А.Жұбаныш өз сөзінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру үшін кешенді түрде алдын-алу жұмыстарын жасау керектігін атап өтті. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты проблемалық сұрақтарға тоқталды.
Өз кезегінде, БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы М.Сатқанов, басқармамен тұрақты түрде отырыстар өткізіліп, онда өз функцияларын жүзеге асыруда және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қарастырылатындығын атап өтті.
Шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарының қорытындысын және осы бағыттағы алдағы жоспарларды талқылады.
