Мазмұнға өту

Жаңа

2003 жылдан бері Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына 10,7 млрд. теңге төленді

.2003 жылдан бері Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 10,7 млрд. теңге төленді.

 

«Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негiзсiз қуғын-сүргiндерге ұшыраған және осы заңға сәйкес ақталған адамдарға, республикалық бюджет қаржысынан олардың аталған орындарда болған әр айы үшiн әлеуметтiк қорғау органдарына өтiнiш жасаған сәтiнде қолданылған Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген айлық есептік көрсеткіштің төрттен үш бөлiгi есебiнен, бiрақ заңмен белгiленген 100 айлық есептік көрсеткiш есебiнен ақшалай өтем төленедi.

2003 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 2,9 млрд. теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. 2016 жылы аталған мақсаттарға республикалық бюджет қаржысынан 1,8 млн. теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына, мүгедек болып қалған және зейнеткер болып табылатын, саяси қуғын-сүргiндер салдарынан зардап шеккен адамдарға басқа да әлеуметтік төлемдерден тәуелсіз арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрі АМЖ) 1,07 айлық көрсеткіші көлемінде төленедi (2015 жылы – 2121 теңге).

2005 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 7,8 млрд. теңге сомасында АМЖ төленді. 2016 жылға 987,6 млн. теңге жоспарланған. Ағымдағы жылғы 1 мамырға АМЖ алушылар саны 35 325 адамды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі № 3443 Жарлығына сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргiн құрбандарын Еске алу күнiн атап өтеді.

ХХ ғасырда Қазақстан территориясында ең ірі ГУЛАГ – АЛЖИР, Степлаг, Карлаг лагерлерінің құрылымдары болды. Республика іс жүзінде үлкен түрме айналды. Қуғын-сүргін жылдарында Қазақстан лагерьлеріне 5 млн. адам жіберілген. Кейбір ақпараттар бойынша, жалпы қамалғандар саны бұл саннан едәуір көп.

1921 жылдан 1954 жылға дейінгі аралықта Қазақстанда 100 мың адам қамалды, оның ішінде 25 мыңына ең жоғарғы жазалау шарасы – ату жазасы қолданылған.

1930-1940 жылдарда Қазақстан халқын жаппай депортациялау болған. 1937 жылдың күзінде республикаға мыңдаған көрей, түрік, иран, құрт және әзербайджандар көшірілген. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы кезінде елімізге немістерді, гректерді, шешендерді, ингуштарды, қарачаевтарды, балғарларды, қырым татарларын және басқа елдерді депортациялаған. Олардың саны 1 млн.200 мыңға теңеледі.

 
0
0
506

ҚР ДСӘДМ Тахмина Әбішованың шетелде емделуге жіберу мәселесін қарастыруда

Қазіргі таңда ҚР азаматтарын шетелде емделуге жіберу мәселелерін қарастыратын жұмыс органы («Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ) 29.09.2013 жылы туған диагнозы «Туабіткен лимфобласты лейкоз» деп анықталған Тахмина Әбішованы емдеу туралы шетелдік емханалардың өкілдерімен белсенді келіссөздер жүргізуде.

Ағымдағы жылғы 29 наурызда аталған пациентті шетелде ем алуға бағыттау туралы өтініш жұмыс органына Павлодар облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасынан келіп түсті.

Сол күні ҚР ДСӘДМ-нің штаттан тыс бас онколог/гематологы Риза Боранбаева «Пациент туыс емес донордан гемопоэздік дің жасушаларын аллогендік транспланттау шарасын өткізу мақсатында шетелде ем алуға мұқтаж» деген тұжырымдама берді.

2016 жылғы 22 сәуірде ҚР ДСӘДМ ҚР азаматтарын шетелдік медициналық ұйымдарға емдеуге жіберу мәселелері бойынша комиссиясы Тахмина Әбішованы «Аджибадем» (Стамбул қ., Түркия) медициналық орталығында ем алуға жіберу туралы шешім қабылдады.

Дегенмен, аталған уақытта пациентте лейкоздың тұрақты ремиссиясы байқалмады. Ағымдағы жылғы 29 сәуірдегі Тахмина Әбішоваға «Шаритэ» (Германия) Университеттік медициналық кешеннің профессоры Гюнтер Хенценің және ағымдағы жылғы 3 мамырдағы ҚР ДСӘДМ-нің штаттан тыс бас онколог/гематологы Риза Боранбаеваның қайтадан берген тұжырымдарының негізінде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында (әрі қарай - АБҰҒО) әрі қарай химиотерапияны жалғастыру туралы ұсыныс жасалды. Мұнда пациент 29 наурыздан бастап ем алған болатын.

Қабылданған химиотерапия курстарының нәтижесінде аурудың ремиссиясы анықталды. Ағымдағы жылғы 23 мамырда Тахмина Әбішова АБҰҒО-дан шықты. АБҰҒО мамандары негізгі аурудың ремиссиясы басталғанын айтып, сырқаттанған қыздың жағдайы тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

Ағымдағы жылғы 26 мамырда штаттан тыс бам онколог/гематолог Риза Боранбаева «Пациент туыс емес донордан гемопоэздік дің жасушаларын аллогендік транспланттау шарасын өткізу мақсатында шетелде ем алуға мұқтаж»  деген тұжырымдама берді.

30 мамырда «Аджибадем» (Стамбул қ., Түркия) медициналық орталығы аталған пациентті емдеу үшін Жұмыс органымен бекітілген келісімнің шарттарын алдында келісілген 50%-дық алдын-ала төлемнің орнына 70% қаражатты аванстық төлем түрінде қабылдауды өтініп, бір жақты түрде өзгертуге шешім қабылдаған. Осыған байланысты қазіргі таңда Жұмыс органы өзге шетелдік емхана өкілдерімен белсенді түрде келіссөздер жүргізуде. Жұмыс органыны Тахмина Әбішованы «Медикал парк» (Түркия) медициналық орталығы емдеуге қабылдауға дайын екенін хабарлап отыр.

 
0
0
541

«Араша» не үшін араша түсіп жүр?

Мамыр айының жиырма алтыншы жұлдызында, Алматыда «Араша» комитеті құрылды. Бұл комитеттің мақсаты: 21 мамырда санкцияланбаған митингтерді өткізбекші болған және сол әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған белсенділердің құқықтарын қорғамақшы. Комитеттің құрамына мына азаматтар кірген екен: Евгений Жовтис, Гүлжан Ерғалиева, Әміржан Қосанов, Маржан Аспандиярова, Жанболат Мамай. Олардың мәлімдеуінше: - «Қазақстанда қуғын-сүргін науқаны жүріп жатыр!».., және осы сандырақ әрі қарай жалғасып, шынайы жағдаймен еш жанаспайтын түрде аяқталады.

Бірден осы азаматтардың 25 жылдық тәуелсіздігіміздің тұғырымызда орны барма? Болса қандай? – анықтап алайық. Қылмыс жасап адамның өмірін қиған Жовтисті айтпай-ақ қоялық, осы бейбақ өз арын танып-біліп алса қалай. Ал, Гүлжан Ерғалиева «Свобода Слованы» қаншаға сатқан екен? Еш жерге симайтын Әміржан Қосанов, ЖСДП-ның бұрынғы «Бас хатшысы» не дейді, әлде «оппозиция» - деп, қызметтік мансап пен жақсы жалақы іздеп жүрме? ЖСДП-ның табалдырығын аттап алмай қалғанын тез ұмытып қалған ғой. Жанболат Мамай, бұл бір халық арасында кең тараған анекдотты еске түсіреді, тіпті бір емес бірнеше анекдотты. Аң патшасы арыстан: «Бойдақтар оң жаққа, ерлі-зайыптылар сол жаққа тізіліңдер»- деп бұйырыпты. Сонда жалғыз түлкі: «Ажырасқандар қайда тұрады?»-деп сұрапты. Ия, бұл Мамайдың қылықтары осындай, өз Отанында өзге елдің елшіліктерін аралап, өз еліне топырақ шашып жүрген адам. Азамат болсаң ренжісіңді өз елінде айтсаң дұрыс болар еді.

Құрметті қазақ тілді оқырман! Мен бұл мақаламда «Араша» комитетінің мүшелерін даттайын деген ойым жоқ, бұл нақ олардың қоғамдағы өткен әрекеттері. Бұлардың бәрінің өмірлік ұстаным пәлсәпасы мен идеологиясы өте ұқсас, Е.Жовтис өзінің автокөлігімен қағып мерт қылған адамның тумаларына көп ақша ұсынды – кешірім үшін. Гүлжан Ерғалиева «Свобода Слованы» - көп ақшаға сатты. Әміржан Қосанов –кезкелген партияда жақсы жалақы үшін қызмет атқаруға барады. Жанболат Мамай шетел елшіліктерінің табалдырығын тоздырып – «демократияны дамыту жолында» гранттар сұрап жүр. Сондықтан олар қоғам алдында, қарапайым халық алдында өздерін пиарламақшы.

Олар «кімдер үшін?» комитет құрып жүрген жоқ, ол бесенеден белгілі, тұтқындалған белсенділер заңды бұзды, қоғамның тыныштығын шайқамақшы болды және тиісті жазаларын алады.

«Араша» - «не үшін?» араша түсіп жүр деген сауал дәл болады. Оның жауабы «Араша» комитеті өзіне арзан бедел жинап, Қазақстанның көп жылғы ішкі татулығы мен тұрақтылығы көздеріне тікендей қадалып жүрген шетелдік опасыздардың қаражаттарына қызығып, ауыздары арымдай ашылып жүр.

Жер мәселесі халқымыздың ар-намысы мен абыройын паш етті. Қазақ халқы ерлігі мен жігерін парасатты сабырын ұлықтады. Арандатушы күштерге ерген жоқ, шаңырағы шайқалған жоқ. Лайым солай болғай.

 

Ал шын мәнінде бұл комитет мүшелері біржақты «Жер мәселесі жөніндегі комитеттің» жұмысын даттай жөнелген адамдардан құрылды. Сонда қалай? Олар ашық диалогтан қашып, маңызды жер мәселесін көшеде митингтермен шешпекші ме? Жоқ! Бұл комитетттен үзілді-кесілді келісуге болмайды. Өйткені мейлінше қоғамдық тұрақтылық қымбат! Мейлінше Қазақ еліндегі тыныштығы қымбат! Заң қатаң орындалуы керек, еліміздегі қалалардың көшелерінде адамдар емін-еркін алаңсыз, митингтердің дүрсілінен қорықпай жүру керек. Ал мыналар кімдер, митингтерді жақтаушылар.

0
0
677

Қазақстанның Жоғарғы Сотына ресейлік сот органдарының делегациясы жұмыс сапарымен келді

Астанаға ресейлік сот органдарының делегациясы жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамына Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот департаменті Бас директорының орынбасары Виктор Агеев, Костромск облыстық және Солтүстік Кавказ округтік әскери соттарының төрағалары, Сот департаменті басқармаларының бастықтары, сондай-ақ «Правосудие» Мемлекеттік талдамалық жүйесін қолдаудың ақпараттық-сараптамалық орталығы» федеральдік мемлекеттік бюджеттік мекемесінің басшысы Леонид Юхневич (толық тізіммен осы жерде танысуға болады) енген.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kazakstannyn-zhogargy-sotyna-reseylik-sot-organdarynyn-delegaciyasy-zhumys-saparymen-keldi

0
0
291

Студенттерге арналған Ашық есік күні

Мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тарту, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы түсіндіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2016 жылғы 30 мамырда Ақмола облысының Статистика департаментімен бірлесіп жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған Ашық есік күнін өткізді.

Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру мәселелері бойынша өз баяндамасында Департамент басшысының орынбасары Е.Жайықбаев хабарлады.

Іс-шара өткізу барысында Ақмола облысының Статистика департаментінің қызметкерлері студенттерге өз қызметі бойынша айтты. Өз баяндамаларымен жас мамандармен қатар, олардың мемлекеттік қызметтеріндегі ұстаздары сөз сөйледі.

Студенттердің барлық туындаған сұрақтарға толық жауап берілді.

Ic-шарамен 32 астам адам қамтылды.

0
0
486

Білім беру жүйесіндегі өзекті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тікелей сұхбат

Облысымызда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру жөніндегі бекітілген бірігіп жасалатын іс-шаралар Жоспарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері Департаментінің бастамасы бойынша, а.ж. 30 мамырда Облыстық балалар және жасөспірімдер шығармашылығының орталығында облыстық білім басқармасы және Петропавл қаласының білім бөлімі басшыларының ата-аналар қауымдастығы, облыс орталығы тұрғындарымен  білім саласындағы өзекті мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша кездесуі өтті.

Облыстың білім жүйесінің басшылары білім саласында қазіргі уақытта  32 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оларды көрсету мәселесі уәкілетті мемлекеттік органдардың ұдайы бақылауында екенін айтты.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бар мәселелер туралы Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы М.Қ. Қасымов баяндады, онымен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату жөніндегі жұмысты күшейту, осы қызметті реттейтін нормативті-құқықтық актілерді зерделеу бойынша іс-шаралар қабылдау ұсынылды.

Ата-аналар қауымдастығы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беру, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу бойынша көптеген сұрақтар қойылды, сонымен қатар ата-аналарды жалпы оқыту қорынан қаражаттың реттелуі, білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеу мәселесі, соның ішінде мектептерге баратын жол жағдайы сияқты сұрақтар қызықтырды. Осы шараға облыс орталығының 500 жуық тұрғыны қатысты, кездесу қорытындысы бойынша қажетті ұсыныстар қабылданды.

 
0
0
569

Қазақстандықтар шетелге шыққанды жақсы көреді

Биыл «KIFT-2016″ туризм көрмесіне 31 мемлекеттің компаниялары қатысты. Ал өткен жылы шараға 38-40 елдің компаниялары келген болатын. Шарада биыл алғаш рет Алматы облысының туристік әлеуеті көрсетілді, деп хабарлайды total.kz.

Мамандардың айтуынша, Қазақстандағы ішкі туризм негізінен шет елдіктердің қызығушылығын тудыратын болады. «Инфляцияға байланысты Қазақстандық өнім өзге елдермен салыстырғанда арзанға түспек. Сонымен қатар, 19 елдің азаматтарына визасыз режим енгізу де шет елдіктердің Қазақстанға келіп дем алуына жағдай жасайды. Ал қазақстандықтардың өздерінің қызығушылықтарына келер болсақ, қазақстандықтар демалыс күнлері болмаса, ішкі туризмге арнайы шықпайды», — деп мәлімдеді Қазақстанның туристер ұйымының директоры Райшида Шайкенова.

Осылайша экономикалық құлдырау туризмге оң әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен, әлі де болса қазақстандықтар ішкі туризмнен гөрі шет елге шыққанды жөн көреді. «Сыртқы туризм жағынан қазақстандықтардың сұранысы биыл айтарлықтай деңгейде азайып кетті. Туристердің негізгі бағыттары әдеттегідей Түркия мен Египет, операторлар Ыстық көл мен Біріккен Араб Әмірліктерін де ұмытқан жоқ. Еуропадан Болгария мен Грекияға деген сұраныс бар. Ал Еуропаның өзге елдеріне сұраныс тіпті жоқтың қасы. Ал медициналық туризм жағынан Оңтүстік Корея әлі де сұранысқа ие», — дейді Шайкенова.

 


0
0
887

Известны победители конкурса по книге «Дін мен дәстүр»

С 17 мая в городе Павлодаре  молодые люди в возрасте с 16-25 лет соревновались в необычном состязании, а именно в интеллектуальном конкурсе на знание книги «Дін мен дәстүр» («Религия и традиция»), организатором которого выступила центральная областная мечеть имени Машхур Жусупа.

Конкурс проходил в три этапа. В первом туре участникам необходимо было написать сочинение. На данном этапе  приняли участие более 80 человек из разных регионов Павлодарского Прииртышья.

Во второй тур прошли только 20 молодых людей, среди которых был и сотрудник Центра развития молодежных инициатив – Еркіндік Ақарыс, который любит читать разную художественную литературу. Он отметил, что участие в этом конкурсе – это своего рода испытание на проверку своих интеллектуальных сил и способностей, и что после этих соревнований есть куда стремиться и расти дальше, что в будущем нужно прочитать такие книги, которые воспитывают в человеке, в первую очередь, нравственность и любовь к своей семье, к своему народу.

Однако по итогам трех туров гран-при конкурса и автомобиль Lada Priora выиграл Фархат Амренов - журналист областной газеты «Сарыарқа самалы».

- Первое место и скутер достался студенту ПГУ имени С. Торайгырова Оразбеку Саяхату. Воспитатель медресе Абу Бакир Сыддыка Муратхан Адалбек занял второе место, его приз - домашний кинотеатр. Учитель средней школы села Караоба Актогайского района Жазира Кетикова заняла третье место, выиграв ноутбук, - сообщил пресс-секретарь центральной мечети Машхур Жусупа Амантай Тойшыбайулы.

Напомним, что книга «Дін мен Дәстүр» была выпущена в ноябре текущего года по инициативе Верховного муфтия Ержана кажы Малгажыулы. Книга «Дін мен дәстүр» - это прекрасная возможность узнать больше о традициях своего народа и религии Ислам.

2
0
535

қоғам дерті

Мен қала орталығындағы асханалардың бірінде жұмыс істеп жүргеніме бір жылдан аса уақыт өтті. Студент болғандықтан, әсіресе ақыла бөлімде оқитындықтан кішкене болсада күнделікті шығындарымды жабатын қосымша жұмыс істеуге тура келеді.

Асхана шағын болғандықтан көбінесе таксистер мен жанында орналасқан базардың жұмысшылары келіп тамақтанады. Асхана ішінде 2 ойын автоматтары орналасқан. Қазіргі тілмен айтқанда лохотрон. Осыдан бір жыл бұрын 2 түн қатарынан ұрылар кіріп, сол автоматтарды сындырып тынды. Енді міне, орнына жаңа жәшіктер келді. Келушілердің жартысынан көбі соның  жанында шыбын сияқты таң атқаннан кешке дейін үймелеп жиналады. Соңғы кездері байқағаным кейбіреулері тек сол автоматтар үшін ғана кіреді. Бірінші жұмыстан шығып, екінші жұмыстарына келгендей. Бар тапқан таянғандарын сол жәшікке салып тынады. Сол бір жәшік миллиондап ақша беретініне сенеді. Соңында керісінше өздері бар ақшасын салады. Кейбіреулері жолым болсын деп 200 теңгеден бастайды. Сол ақшаны салмаса жолдары болмай қалады ма деп ойлайсын. Әрбір жеңіліс адамның ызасын келтіреді. Ойыншылардың ашуы түсіп жеңілісті қайтсем де шығарамын деп тағы да ақшасын салады. Осылайша жеңістің жолы жеңіліске апарады. Ал, аз да болсын жеңгендер қанағаттанбай ары қарай ойнайды. Ақыры не өз ақшасы, не жеңген ақшасы жоқ. Сырттынан бақылайтындарға баланың ісі болып көрінеді. Бір ұққаным жеңілмесен, жеңбейсін.

 
1
0
501

Тәлімгерлер кеңесінің отырысы

2016 жылдың 26 мамыры Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде Тәлімгерлер кеңесінің отырысы өткізілді. Тәлімгерлердің қызметшілермен бейімделу жоспарын орындауы бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы туралы аралық есептері тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша тәлімгерлерге ұсынымдар берілді.

 
0
0
475