Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

қоғам дерті

Мен қала орталығындағы асханалардың бірінде жұмыс істеп жүргеніме бір жылдан аса уақыт өтті. Студент болғандықтан, әсіресе ақыла бөлімде оқитындықтан кішкене болсада күнделікті шығындарымды жабатын қосымша жұмыс істеуге тура келеді.

Асхана шағын болғандықтан көбінесе таксистер мен жанында орналасқан базардың жұмысшылары келіп тамақтанады. Асхана ішінде 2 ойын автоматтары орналасқан. Қазіргі тілмен айтқанда лохотрон. Осыдан бір жыл бұрын 2 түн қатарынан ұрылар кіріп, сол автоматтарды сындырып тынды. Енді міне, орнына жаңа жәшіктер келді. Келушілердің жартысынан көбі соның  жанында шыбын сияқты таң атқаннан кешке дейін үймелеп жиналады. Соңғы кездері байқағаным кейбіреулері тек сол автоматтар үшін ғана кіреді. Бірінші жұмыстан шығып, екінші жұмыстарына келгендей. Бар тапқан таянғандарын сол жәшікке салып тынады. Сол бір жәшік миллиондап ақша беретініне сенеді. Соңында керісінше өздері бар ақшасын салады. Кейбіреулері жолым болсын деп 200 теңгеден бастайды. Сол ақшаны салмаса жолдары болмай қалады ма деп ойлайсын. Әрбір жеңіліс адамның ызасын келтіреді. Ойыншылардың ашуы түсіп жеңілісті қайтсем де шығарамын деп тағы да ақшасын салады. Осылайша жеңістің жолы жеңіліске апарады. Ал, аз да болсын жеңгендер қанағаттанбай ары қарай ойнайды. Ақыры не өз ақшасы, не жеңген ақшасы жоқ. Сырттынан бақылайтындарға баланың ісі болып көрінеді. Бір ұққаным жеңілмесен, жеңбейсін.

 
1
0
449

Осы тақырып бойынша

қоғам дерті - Yvision.kz