Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызметшілердің моделін қалыптастыру

 

2016 жылдың 26 мамыр күні Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мәжіліс залында инспекция және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызметшілердің моделін қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңес оздырылды.

Шараға «Нұр Отан» партиясы, прокуратура, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы өкілдері қатынасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өз ойларын білдірді.

Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілдері қатысушыларға еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстармен таныстырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті қалай жүргізу жөнінде түсіндірді.

Шара барысында сауалнама жүргізілді.

 

 

0
0
605

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызметшілердің моделін қалыптастыру - Yvision.kz