Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Тарихқа тұнған Тараз Негізі Таразда ең алғаш рет 2007 жылы болдым. Сонда "жы" әрпін "джы" деп айтатын тұрғындарға таң қалғанмын. Ол кезде қала мен тарихи орындар туралы танысуға уақыт болмады. (Бұл да тарих)Араға тоғыз жыл салып, Тараздың топырағына қайтадан табан тиді.Блогқұрылтай деп Сыр елінен салып-ұрып келдік. Сөздің шыны, бізде әлі блогер ұғымға қатысты толықтай түсінік қалыптаспай жатыр. Интернетте отырып, бір-екі оқыс оқиға мен биліктің «қоя салшы» деген жұмыстарын сынайтындарды блогер деп атап жүргені сол. (Орыс тілінде жазып жүргендерді айтпағанда)(Артық кетсем айып етпеңіздер...)Блогер дегеніміз кімдер?Олардың мақсаты не?Блогер қандай болуы керек?Блогерлер қай салада жазады?Иә, қоя берсең сұрақ таусылмайды.Осыған орай блогқұрылтай болады дегеннен Қызылордада қазақ тілінде сапал…