Мазмұнға өту

Жаңа

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызметшілердің моделін қалыптастыру

2016 жылдың 26 мамыр күні Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мәжіліс залында инспекция және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызметшілердің моделін қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңес оздырылды. Шараға «Нұр Отан» партиясы, прокуратура, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы өкілдері қатынасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өз ойларын білдірді. Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілдері қатысушыларға еліміздегі сыбайлас жемқорлық…

0
0
608

1 маусым күні еліміздің емханаларында балалар үшін ашық есік күндері өтеді

1 маусымда Халықаралық балалар құқығын қорғау күні еліміздің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында кішкентай пациенттер үшін бейінді мамандарды шақыру арқылы (педиатрлар, невропатологтар¸ эндокринологтар, окулистер, хирургтар, ортопедтер, кардиологтар, нефрологтар, иммунологтар, балалар жасындағы ауруларды біріктіріп жүргізу бойынша мамандар және т.б.), Кетле бойынша дене салмағын, бойын, артериалды қан қысымын, көзінің көруін тексеру шараларын қамтитын ашық есік күндері өтеді. Бұл күні болашақ аналар үшін емізуді қолдау бойынша «емізудің 10 қағидасы» атты семинарлар өтеді. Дені сау бала кабинеттерінде балалар мен мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналар үшін имуннологиялық профилактика, дұрыс тамақтану, жеке гигиена бойынша шаралар, медициналық кабинеттерде – бит…

0
0
458

31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Бүгін - ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Атаулы күн Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысы қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзі…

0
0
2622

Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)

Тарихқа тұнған Тараз Негізі Таразда ең алғаш рет 2007 жылы болдым. Сонда "жы" әрпін "джы" деп айтатын тұрғындарға таң қалғанмын. Ол кезде қала мен тарихи орындар туралы танысуға уақыт болмады. (Бұл да тарих)Араға тоғыз жыл салып, Тараздың топырағына қайтадан табан тиді.Блогқұрылтай деп Сыр елінен салып-ұрып келдік. Сөздің шыны, бізде әлі блогер ұғымға қатысты толықтай түсінік қалыптаспай жатыр. Интернетте отырып, бір-екі оқыс оқиға мен биліктің «қоя салшы» деген жұмыстарын сынайтындарды блогер деп атап жүргені сол. (Орыс тілінде жазып жүргендерді айтпағанда)(Артық кетсем айып етпеңіздер...)Блогер дегеніміз кімдер?Олардың мақсаты не?Блогер қандай болуы керек?Блогерлер қай салада жазады?Иә, қоя берсең сұрақ таусылмайды.Осыған орай блогқұрылтай болады дегеннен Қызылордада қазақ тілінде сапал…

4
2
4242

Әлем чемпионатының алқа иегерлері

Әлем чемпионатының алқа иегерлері Жарияланды: 15.12.2015 Маңғыстау облыстық ІІД «Арлан» арнайы жасағының сарбаздары Ресейдің Медын қаласында әмбебап жекпе жектен өткен Әлем Чемпионатында қола жүлделерге ие болды. Елге келіп, қызметіне кіріскеннен соң жүлдегер сарбаздарды департамент бастығы Қайрат Дәлбеков марапаттады. Чемпионатқа әлемнің 39 елінен 150 сайыскер қатысқан екен. Қазақстаннан аталған жарысқа Астана, Алматы, Байқоңыр және Ақтау қалаларынан 13 спортшы барыпты. Маңғыстау облыстық ІІД «Арлан» арнайы жасағының сарбаздары Айболат Мұратұлы мен Асхат Амановтар үшін бұл аталған спорт түріндегі алғашқы жеңістері емес еді. Әмбебап жекпе жек дегеніміз – спорттың кешенді түрі. Мұндағы бірінші сынақ – кедергілер жолағынан өту. Қатысушылар азғана уақыттың ішінде бірнеше спорттық снарядтарда…

0
0
408

Наурыз мерекесінде Маңғыстау облысының орталығында «Динамо» спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Спорт кешені облыс әкімдігінің қолдауымен тұрғызылды. Салтанатты шарада облыс әкімі Алик Айдарбаев жаңа кешеннің тәртіп сақшыларының денешынықтыру дайындығын арттырып, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында салынғандығын атап өтті. «Барлық құқық қорғау органы қызметкерлерін бүгінгідей айтулы оқиғамен құттықтаймын. Ішкі істер органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру саласы қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыс деңгейін төмендету мақсатын көздейді. Ендеше, полиция қызметкерлері өздеріне жүктелген тұрғындардың сенімін ақтап, өз міндеттерін әділ де адал атқарады деп сенеміз», – деді ол. «Динамо» спорт кешенінің жаңа ғимараты облыстық ІІД-нің аумағында орналасқан. Екі қабатты ғимаратта волейбол, футбол, бокс, пантратион, қоян-қолтық ұрыспен айналысуға болады. Жекпе-жек, күрес, теннис зал…

0
0
578

2003 жылдан бері Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына 10,7 млрд. теңге төленді

.2003 жылдан бері Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 10,7 млрд. теңге төленді. «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негiзсiз қуғын-сүргiндерге ұшыраған және осы заңға сәйкес ақталған адамдарға, республикалық бюджет қаржысынан олардың аталған орындарда болған әр айы үшiн әлеуметтiк қорғау органдарына өтiнiш жасаған сәтiнде қолданылған Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген айлық есептік көрсеткіштің төрттен үш бөлiгi есебiнен, бiрақ заңмен белгiленген 100 айлық есептік көрсеткiш есебiнен ақшалай өтем төленедi. 2003 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 2,9 млрд. теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. 2016…

0
0
469

ҚР ДСӘДМ Тахмина Әбішованың шетелде емделуге жіберу мәселесін қарастыруда

Қазіргі таңда ҚР азаматтарын шетелде емделуге жіберу мәселелерін қарастыратын жұмыс органы («Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ) 29.09.2013 жылы туған диагнозы «Туабіткен лимфобласты лейкоз» деп анықталған Тахмина Әбішованы емдеу туралы шетелдік емханалардың өкілдерімен белсенді келіссөздер жүргізуде. Ағымдағы жылғы 29 наурызда аталған пациентті шетелде ем алуға бағыттау туралы өтініш жұмыс органына Павлодар облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасынан келіп түсті. Сол күні ҚР ДСӘДМ-нің штаттан тыс бас онколог/гематологы Риза Боранбаева «Пациент туыс емес донордан гемопоэздік дің жасушаларын аллогендік транспланттау шарасын өткізу мақсатында шетелде ем алуға мұқтаж» деген тұжырымдама берді. 2016 жылғы 22 сәуірде ҚР ДСӘДМ ҚР азаматтарын шетелдік медициналық ұйымдарға емдеуге жібе…

0
0
507

«Араша» не үшін араша түсіп жүр?

Мамыр айының жиырма алтыншы жұлдызында, Алматыда «Араша» комитеті құрылды. Бұл комитеттің мақсаты: 21 мамырда санкцияланбаған митингтерді өткізбекші болған және сол әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған белсенділердің құқықтарын қорғамақшы. Комитеттің құрамына мына азаматтар кірген екен: Евгений Жовтис, Гүлжан Ерғалиева, Әміржан Қосанов, Маржан Аспандиярова, Жанболат Мамай. Олардың мәлімдеуінше: - «Қазақстанда қуғын-сүргін науқаны жүріп жатыр!».., және осы сандырақ әрі қарай жалғасып, шынайы жағдаймен еш жанаспайтын түрде аяқталады. Бірден осы азаматтардың 25 жылдық тәуелсіздігіміздің тұғырымызда орны барма? Болса қандай? – анықтап алайық. Қылмыс жасап адамның өмірін қиған Жовтисті айтпай-ақ қоялық, осы бейбақ өз арын танып-біліп алса қалай. Ал, Гүлжан Ерғалиева «Свобода Сло…

0
0
643

Қазақстанның Жоғарғы Сотына ресейлік сот органдарының делегациясы жұмыс сапарымен келді

Астанаға ресейлік сот органдарының делегациясы жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамына Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот департаменті Бас директорының орынбасары Виктор Агеев, Костромск облыстық және Солтүстік Кавказ округтік әскери соттарының төрағалары, Сот департаменті басқармаларының бастықтары, сондай-ақ «Правосудие» Мемлекеттік талдамалық жүйесін қолдаудың ақпараттық-сараптамалық орталығы» федеральдік мемлекеттік бюджеттік мекемесінің басшысы Леонид Юхневич (толық тізіммен осы жерде танысуға болады) енген.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kazakstannyn-zhogargy-sotyna-reseylik-sot-organdarynyn-delegaciyasy-zhumys-saparymen-keldi

0
0
261