Көшпелі ЖҚКО-ры бастау алды
2016 жылдың 09 маусым күні Жастар бастамаларын дамыту орталығымен ұйымдастырылған Павлодар облысы қала және аудан жастарымен кездесулер топтамасы бастау алды.
Мобильді ЖБДО аясында алғашқы болып Лебяжі ауданының тұрғындары Орталықтың әрекет етіп жатқан сервистері туралы ақпарат және жеке консультация алды. Аталмыш шара «Жалын» жастар ресурстық орталығының ұйымдастырылуымен өтті.

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Н.В. Нефедова кездесу барысында қатысушыларға демеушісі Дүниежүзілік банк болып табылатын жастар корпусының даму жобасы туралы түсіндірді.
Кездесудің ресми бөлімінде Орталық бөлімдері мен серсив қызметтерінің негізгі сәттерін баяндайтын бейнеролик ұсынылды.
Содан соң әр инспектор өз сервисінің жұмысы туралы нақты атап өтті. Жұмыспен қамту сервисінің инспекторы бос орындар нысанымен, уақытша, тұрақты және сағаттық жұмыспен қамтылу, сонымен қатар тоқсан сайын өткізілетін бос орындар Жәрмеңкесі жайлы айтты.

Жастар мен жас отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешуде қолдау көрсету сервисінің инспекторы "Өңірлерді дамыту 2020", «29 жасқа дейінгі жас отбасы», «Барлық санаттағы азаматтар үшін жалдамалы тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламалары бойынша тұрғын үйге қол жеткізу сұрақтарын түсіндірді. Заңгер-инспектор жастардың тегін білікті заңды көмек алу мүмкіндігін және сенім телефонының жұмысы туралы ақпарат берді.
Кәсіптік бағдар қызметін ұйымдастыру жөніндегі инспектор «Болашақ» бағдарламасы, шетелдік ЖОО-на түсу мүмкіндіктері және білім беру кредитін алу мүмкіндігі туралы айтып өтті.
Ресми бөлімнен кейін барлық сервистер бойынша жеке консультациялар жүргізілді.
