EXPO-2017 көрмесінің билеттері сатылымға шықты

Елімізде өтетін халықаралық бірегей жоба EXPO-2017 көрмесін асыға күтіп жүргендерге жағымды жаңалық. Көрмені көруге билет алу үшін, Астанаға барып, кассаның ұзын-сонар кезегінде тұрмасаңыз да болады. EXPO-2017 көрмесіне онлайн билет алу жүйесі іске қосылды. Билет құны 4000 теңгеден басталады. Егер билетті 10-20 маусым аралығында сатып алсаңыз 50 % жеңілдік, 21-31 маусым аралығында алсаңыз 30%, 1-10 шілде аралығында 20% жеңілдік беріледі. Сондай-ақ бағалы сыйлықтар ойынына қатысуға мүмкіндік аласыз. Айтпақшы, ҰОС ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне КӨРМЕге кіру тегін. 6 жасқа толмаған балаларыңызға да көрмені тегін аралатып, селфиге түсуге болады. 89 елдің мықтылары қатысатын халықаралық көрмені шетелдіктер келіп көреміз деп отырғанда, өзіміздің ауылдағы ата-апаларды көрмеге алып бару маған міндет :) Сол үшін жеңілдікпен ертерек билет алып қою керек. Олар да тарихи оқиғаның куәсі болуы керек деп шештім. Билет алу үшін төмендегі сілтемеге өтесіз
