Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызмет — өмірлік ұстаным

Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңдардың негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жұмыстарын жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың 24 маусымында  департамент басшысы Қ. Жапақов Еңбекшілдер ауданында  «Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.

Іс-шараға  аудан басшылығы, мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер,  «Жас Отан» ЖҚ, жастар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, соның ішінде мемлекеттік аппараттың кәсібилігін түбегейлі арттыруға, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуға бағытталған 15 қадамды  талқылады.

Дөңгелек үстелдің мақсаты мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуына, қоғамда мемлекеттік қызмет институтының рөлі мен миссиясының ашылуына, мемлекеттік қызмет имиджінің артуына бағытталған.

Сындарлы сұхбатқа құрылған  іс-шара барысында туындаған барлық сұрақтарға  егжей-тегжейлі,  толық жауап берілді.

Дөңгелек үстел аяқталған соң, қатысушылар өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін  мемлекеттік қызметтің әрі қарай дамуына бағытталған Манифестке қосты.

   
0
0
810

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызмет — өмірлік ұстаным - Yvision.kz