Мазмұнға өту

Жаңа

Геннадий Головкин Қазақстан экономикасына инвестиция салуда

Геннадий Головкин кәсіби рингте тапқан табысын Қазақстан экономикасына инвестиция есебінде салуда. Қарағандыда боксшының қатысуымен көмір байыту кәсіпорыны ашылатыны мәлім. Бүгін біздің түсіру тобымыз жаңа кәсіпорынды бірінші болып көрді. Құрылтайшылар қатарында жергілікті кәсіпкерлер мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бар, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.

Жаңа өндіріс орнында 150 тұрақты жұмыс орны бар.  Фабриканың жобалық қуаты  жылына 500 мың тонна көмірді құрайды.  Оны 5 шілдеде таныстыру көзделіп отыр. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған.  Бокстан WBA, IBF, WBC нұсқалары бойынша  орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің өзі: «Нұрсұлтан Әбішұлының: «Қарсыластарыңды жеңіп, үйіңе орал» - деген сөздерінен кейін ой келді. Мен Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан экономикасына инвестиция салуға шешім қабылдадым. Өз Отаның үшін жақсы іс жасау керек, яғни парызыңды өтеу қажет»-дейді.

 
0
0
383

Елордадағы «Жерұйық» паркінде қымызмұрындық өтеді

Елорда күнін мерекелеу аясында «Жерұйық» паркінде қазақ ауылы тігіледі. 5 және 6 шілдеде алғаш рет Ұлы дала халқының басты сусыны - қымызға арналған «Қымызмұрындық» халықаралық этнографиялық фестивалі өткізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қалада 1992 жылдан бастап өткізіліп келген бүгінгі этнографиялық мерекенің тақырыбы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «ЭКСПО-2017» көрмесі болмақ. Оны өткізу идеясы еліміздің өзге өңірлерінде де қолдау тапты - Алматы, Павлодар, Тараз, Шымкент және т.б. қалаларда.

Бірнеше күн бойы көк шалғында ұлттық нақышта безендірілген 10 киіз үй тігіледі. Мол дастархан жайылып, көпшілікке ұлттық тағамдар - құрт, бауырсақ, жент, ірімшік, шұбат пен қымыз ұсынылады. Бұдан басқа, қонақтар самауырыннан құйылған хош иісті шай ішеді. Ал кіре берісте қолданбалы өнер көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылады. Сонымен қатар, этноауылда алтыбақандар орнатылып, жігіттер мен қыздар, сауық-сайран құрып, ән айтады. Жақын маңда батырлар мен балуандар күш сынасып, шеберлік байқасады.

Фестивальдің ашылуында қымызды мадақтауға арналған театрландырылған қойылым, қатысушылар шеруі, би мен айтыс өтеді.

Мұнымен қоса, келушілер шара барысында қымыз туралы білімін тексеріп, қымыз ішуден жарысады, армрестлинг, арқан тарту және т.б. сайыстарда күш сынасады.

Ежелден дала халқы жазда бие сауып, қымыз ашытқан. Бұл айтулы шараға ауылдың алты ауызы, туған-туыстар, көрші-қолаң, дос жарандар шақырылған. Жаздағы алғашқы сусыннан дәм татқызу және молшылықтың белгісі ретінде қасиетті сусынды жерге төгу қазақтар үшін тұтастай бір салт-жора. Ұйымдастырушылар фестиваль барысында осы дәстүрді жағыртпақ ниетте. Шараға Қазақстаннан басқа,  Қырғызстан, Омбы, Қалмақ, Алтай аймағы, Новосібір, Якутия, Забайкалье аймағы, Бурятиядан келген шеберлер қатысады.

Этноауыл қонақтары қымыз ішу рәсімін және якутиялық қалыңдықты киіндіру жорасын, Забайкалье аймағының өкілі Жалсанова Дариманың аттың қылынан жасаған үлгілер коллекциясының, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, қазақстандық Қайролла Әбішевтің коллекциясының, Шадапова Ханданың «Байкал маржандары» костюмдер коллекциясының көрсетілімін және т.б. тамашалайды. Мереке күндері «Алтын дала дауысы» бүкілресейлік байқауының лауреаты, созылыңқы қалмақ әндерін орындаушы Эврена Оргаева, нағыз алтай хомусында ойнайтын Игнатьев Виктор Викторович Астанаға арнайы ат басын тірейді.

Қымыз жасау мен оны сақтау туралы білгісі келетіндер, сондай-ақ, ұлттық қуыршақтар жасауды, тоқу мен тігуді үйренуге ниетті жандар шеберлік дәрістеріне қатыса алады.

Сонымен қатар, фестиваль қымыз жасау мен өндіру, қолданбалы қолөнер бойынша жас дарынды шеберлер, суретшілер мен модельерлер үшін жақсы алаңға айналып, өзін-өзі таныстыруға мүмкіндік береді.

 
0
0
546

Той шығынын үнемдеудің 10 тәсілі

Үйлену оңай, той жасау қиын. Той құны жылдан жылға қымбаттамаса, арзандамайтыны анық. Дегенмен, жас отбасының бақыты қымбат  той жасаумен бағаланбайды. Үлкен шығынсыз керемет той өтпейді деу қате пікір. Toibiznes.kz порталы той жасауда шығынды азайтудың келесі кеңестерін ұсынады:

1) Той қамына ерте кірісіңіз. Алдын-ала жоспарланған тойдың шығыны анағұрлым арзан болатынын есте сақтаңыз. Салтанаты келіскен сапалы мейрамханалар мен таңдаулы той жүргізушілері бірнеше ай бұрын тапсырыс қабылдап қоятынын естен шығармаңыз. Мейрамхана мен қажет қызмет түрлеріне тапсырыс беріп, алдын-ала келісіп қою бюджетіңіздің 20-40%-ін үнемдейді. Алайда, ерте тапсырыс берем деп, асығыс шешім қабылдап қоюдан сақтаныңыз.

2) Той жасау уақытын белгілеуде асықпай ойланыңыз. Мәселен, шілде-қыркүйек айында  той жасау қымбат, қараша, қаңтар-ақпан айларында арзанырақ болады. Қолайлы уақытқа тап келсеңіз, қалтаңызды себепсіз жұқарудан сақтайсыз.

3) Мейрамхана таңдауда асығыстық танытпаңыз. Тізімдерді анықтап алып, көңіліңізге жаққан бірнешеуіне қонақ болып қайтыңыз. Мейрамхана әкімшілігімен кездесіп, нақты ұсыныстар мен өтінішіңізді жеткізіп, келісімшарт жасасыңыз. Кей тағам түрлерін өзіңізбен бірге алып баратыныңыз, немесе оның мейрамхана тарапынан дайындалатыны қаншалық айырмашылық көрсететінін есептеңіз! Кейде барлығын мейрамхана қамтамасыз ететін жағдайда кәдімгідей арзанға түсетіні де бар.

4) Тойды аптаның қай күні жасайтыныңызды ойланыңыз. Қазақтың тойы көбіне сенбі-жексенбіге белгіленеді. Ертесі демалыс деп өз-өзімізді алдаусырататынымыз болмаса, көңілді тойдан адам дүйсенбі күні де демалып қайтатынын ұмытпаңыз. Жұмыс күндері той жасау да бүгінгі күні қалыпты жағдайға айналып барады. Есесіне қызмет түрлерін таңдау мен баға жағынан үлкен айырмашылықты сезінесіз. Бұл сіздің бюджетіңізді кәдімгідей сақтайды.

5) Тойға келетін қонақтар санын нақтылаңыз. Кеңпейілділікке салынып, көңілін қимай шақырған біраз қонақтарыңыздың жартысы тойға келмей, босқа шығынға батып қалудан сақтаныңыз. Қонақтар тізімін нақты дайындап болғаннан соң, екі-үш қайтара тексеріп шығуды ұмытпаңыз. Мейрамхана әкімшілігімен келісіп, мейлінше аз орынға тапсырыс беруге тырысыңыз. Той жақындап, қонақтарыңыздың саны артып жатса қосымша орындарға тапсырыс беру оңай. Ал көп қонақ келмей, бірнеше орын артылып қалса да барлығын төлеуге тура келетінін есте сақтаңыз. Сондықтан, тойға 2-3 күн қалғанда қонақтарыңызға хабарласып, нақтылап алғанның да артығы жоқ.

6) Той шығынын азайтуға тырысам деп фото-видео операторлар мен асаба қызметінен үнемдеп қалудан аулақ болған жөн. Өйткені, сіздің көптен күткен қуанышыңыздың басты тұлғалары осылар. Сапалы сурет пен тұнық бейнетүсірілім тойыңыздың өмірлік естелігі. Ал тойыңыздың ойдағыдай өтуі мықты асаба таңдауға байланысты екенін оқыған боларсыз. Зал ішінде дыбыстың да сапалы болғанын міндетті түрде ескеріңіз!  Үнемдеуге болмайды деп қымбатқа ұрыну да жарамайды. Мұнда үнемдеудің жолы — алдын-ала келісіп, тапсырыс беру немесе өзге қызметтер есебінен үнемделген қаражатпен орнын толтыру.

7) Шоу-бағдарламалар мен өнер иелерін таңдауға жақсылап кірісіңіз. Кейде қонақтарыңыздың көңілін әр тойда кездесетін жаттанды өнерпаздар емес, креативті бағдарламалар көтеріп жатады. Мықтап кіріссеңіз көңіліңізге қонымды бағада өнер көрсетететін түрлі таланттарды кездестіресіз.

8) Шақыру билетін дайындау, сыйлықтар, тойбастар дайындау сынды істерге көз жұма қарауға болмайды. Ұсақ шаруа көрінгенімен, қалтаңызға кәдімгідей күш салатынын ұмытпағаныңыз жөн. Мәселен, шақыру билетін өзіңіз жоспарлаған бағада одан да ерекше етіп жасатуға болатын сәттер жиі кездеседі. Яғни, уақыт пен таңдау жеткілікті болса жетеді. Ал тойбастарға салатын сыйлықтар көлемін, санын азайтып, сол бағада сапалы заттармен де толтыруды болады.

9) «Тойға келетін сыйлықтар сомасымен шығынды жаба саламын» деген оймен өзіңізді алдаусыратпаңыз. Қонақтар әкелуі мүмкін сыйлықтар есебін болжап шығарыңыз. Сіздің тойға жұмсайтын бюджетіңіз сол болжанған сыйлық сомасынан көп асып кетпеуін қадағалаңыз. Сонда қалтаңыздан нақты қанша қаражат кететінін шамалап болса жоспарлай аласыз!

10) Ең соңғы негізгі кеңес — той өткеннен кейінгі күнді де ескеріңіз! Тойдың болғанынан «боладысы» қызық екені рас. Ел есінде сақталатын ерекше той жасау – жұмсалған есепсіз қаражатпен емес, ақылмен, есеппен жасалатынын есте сақтаңыз! Сондықтан себепсіз жүйке жұқарту, сабыла уайымдау, бойыңыздағы энергия мен қалтаңыздағы қаражатты бос шашудың орнына өзіңізге Өзіңіз көмектесіп, ақылмен басқара білсеңіз – кез-келген тойды дүркіретіп өткізе алатыныңызға көзіңіз жетеді!

Аталған кеңестерді іске асыра білсеңіз қарызға белшеден батып, несиеге ұрынып, тойдан кейінгі тәтті  күнді сары уайыммен бастамайтын боласыз! Үнемдеу дегеніміз сараңдық таныту деген сөз емес, ысырапшылдықтан сақтану. Керісінше, жомарттығыңыз өз ойлағаныңыздан асып түсетіндей дәрежеге жету деп қабылдағаныңыз абзал!

 
0
0
4859

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ескерту

2016 жылдың 27 маусымда Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрағасы М.Қ.Сисенғалидің төрағалығымен «Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ескерту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына прокуратура, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдері қатысты. Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі М.Харесова «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады.

 
0
0
796

«5 институционалдық реформа — 100 нақты қадам: Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным»

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілгені белгілі.

Аталған мерекені атап өтудің басты мақсаты қазақстандық патриотизм және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік аппараттың жұмысының негізгі мақсаты халыққа қызмет ету екендігін және мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуды қоғамға жеткізу болып табылады.

Осы  мерекеге  байланысты  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен   2016 жылдың 23  маусымында  Ғ.Құрманғалиев  атындағы облыстық филармонияның үлкен залында  Мемлекеттік қызметші күні  мерекесіне орай «5 институционалдық  реформа - 100 нақты қадам:  Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» атты облыстық  конференция  және  мерекелік салтанатты жиын  өткізілді.

Аталған шараға  облыс әкімі А.С.Көлгінов, облыстық деңгейдегі  мемлекеттік органдардың басшылары, персоналды басқару қызметі басшылары, өзге де мемлекеттік қызметкерлер және азаматтық  қоғам өкілдері қатысты.

Конференция жұмысын  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.С. Нұртазин бастап жүргізді.

Мереке аясында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде  Ант қабылдады.   Мемлекеттік қызметтегі мінсіз, адал қызметі үшін еңбегімен ерекшеленген  облыстық, аудандық  мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері ,сондай-ақ ,мемлекеттік қызмет ардагерлері  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің құрмет грамотасымен, облыс әкімінің және Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша  департаменті басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

           
0
0
1253

БҚО-да Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2016 жылдың 24 маусымда Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері ағымдағы жылдың 5 айындағы Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары саласында жемқорлыққа қарсы әрекет ету бағытында атқарылған жұмысы жөнінде талқылады.

Отырыста қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Отырыстың қорытындысы бойынша, кеңес  мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тиімділігін көтеру бойынша мемлекеттік қызметшілерге нақты ұсыныстар беру жөнінде қаулы қабылданды.

 

0
0
308

Еңлік – Кебек, Енлик – Кебек, Enlik – Kebek «В памяти предкам», «Культурное наследие»

Автор стихов – Айгүл Сағымбайқызы

Автор музыки – Павел Панин «Октябрь»

1 Автор видеоматериала – Седьмой канал «Знаки. Степные легенды»

2 Автор видеоматериала – Рустам Кочкаров «Еңлік - Кебек»

Редактировал – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – http://vk.com/public56982889

     

Какая преданность любви,

Так стойко, приняли беду,

Не испугались, не просили,

Пощады, от людской злобы.

 

Пусть мало и короткий век,

Но это было, вечность чувств.

Не каждый может, человек,

Пройти и выдержать судьбу.

 

Судьба злодейка, посмеялась,

Бросая вызов, им в лицо.

Енлик – Кебек не удалось,

Сломить, поставить на колени.

 

Здесь до сих пор, любовь живет,

Как птица, в воздухе парит.

И ветер тихо, напевает,

О боли, где душа кричит.

 

Придя сюда, услышишь душу,

И сердце ты свое, поймешь.

Любовь, она ведь сила свыше,

Взглянув в себя, ответ найдешь.

 

Молитву, в памяти прочтем,

Найдем, мы нужные слова.

Здесь, покровительства найдем,

Ведь память, все еще жива.

 

Народ, приходит к вам всегда,

Да будет, вечная хвала.

Пусть будет пухом, Вам земля,

Покой Вам, Енлик-Кебек.

 

https://www.youtube.com/watch?v=fvRWtu32gK8

 
2
1
1627

Аймақтық журналистиканың дамуының бүгіні мен ертеңі

2016 жылдың 28 маусым күні «Болашақ» БҚО бойынша корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Орал қаласында «Аймақтық журналистиканың бүгіні мен ертеңі» атты Батыс Қазақстан журналисттерінің форумы өтті.

Форум жұмысына журналисттер, ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметіне жауапты мамандар және Астана қаласынан арнайы шақырылған Нартай Әшім, Максим Рожин, Артур Нигметов қатысты.

Форумда баспасөзді дамыту, әлеуметтік желілердің қазіргі қоғамдағы маңыздылығы, блогерлердің рөлі және тағы басқа мәселелер талқыланды.

 

0
0
709

Алматы қаласының 21 мыңнан астам медициналық қызметкерлеріне медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері түсіндіріледі

ҚР ДСӘДМ ұйымдастырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының аясында Алматыда 21,8 мың медициналық қызметкер МӘМС жүйесінің негізгі қағидалары бойынша білім алатын болады.

Бүгін Алматыда құрамына қала әкімдігінің өкілдері, ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті аймақтық департаментінің директоры Тілеухан Әбілдаев, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Валихан Ахметов, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті әкімшілік департаментінің директоры Василий Девятко, ҚазҰМУ кафедра жетекшісі, профессорҚұралбай Құрақбаев қаланың 95 медициналық ұйымдарының басшыларына семинар өткізді.

Шара барысында ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлері МӘМС-ті енгізу бойынша барлық сұрақтарға жауап алды. Жуырда медициналық ұйымдардың басшылары МӘМС жүйесінің қағидалары туралы өз қызметкерлеріне айтып береді.

Жалпы алғанда, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарымен қаланың 8,5 мың дәрігері мен 13,3 мың орта медициналық қызметкер қамтылатын болады.

Медициналық қызметкерлермен кездесу – ҚР ДСӘДМ-нің биыл өткізетін кең көлемді ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының алғашқы кезеңі болатыны ертеректе айтылған болатын. Әрі қарай МӘМС жүйесінің қағидалары, медициналық сақтандыруды енгізу кезеңдері мен оның ұтымды жақтары туралы тұрғындар мен жұмыс берушілерге егжей-тегжей түсіндірілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталады.

Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен (әрі қарай - ТМККК) әрі қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардың қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді.

Азаматтардың денсаулығын қорғаудың жалпыға бірдей құқығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылмаған азаматтарға 2020 жылға дейін ТМККК аясында амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады. МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МӘМС жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісім шарт негізіне жүзеге асырылады. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет, жұмыс берушілер, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (әрі қарай - ӘМСҚ) жарна төлеуді бастайды. Ерекше санаттағы азаматтар үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7% құрайды.

Сонымен қатар мөлшерлеменің көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан 7%-ға сатылай өсетін болады. Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардың кірісінің 7% құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады. Жалдамалы жұмысшылар жарнаны 2019 жылдан бастап 1%, 2020 жылдан 2%-дық мөлшерде төлейтін болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры (әрі қарай - ӘМСҚ) жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады, оның ішінде 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен қатар, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмыскерлері.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына:

- балалар;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

- ҰОС ардагерлері мен мүгедектері;

- мүгедектер; - жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар; - интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;

- техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар;

- бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;

- жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;

- зейнеткерлер;

- ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер;

- уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар жатады.

Айта кету керек, МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмектің көлемі ӘМСҚ-ға төленетін жарна көлеміне тәуелді емес. Ең бастысы, жарна уақытылы әрі үнемі төленіп тұруы тиіс.

Қазақстанда қолданыстағы тәжірибеге сай ӘМСҚ-ға түсетін жарналарды бақылау ісін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіне жүктеу ұсынылады.

Сарапшылардың болжамы бойынша МӘМС-ті енгізгеннен соң еліміздегі медициналық көмек көрсетудің деңгейі айтарлықтай өсетіні, сондай-ақ, дәрігерлердің жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болады. Ауруханалар жоғарғы санатты жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер ала алатын болады. МӘМС адамға тексеруден өтуіне, қажет болған жағдайда өз қаржысын жұмсамай ем алуына мүмкіндік береді.

 
0
0
423

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналистерді алдағы келе жатқан кәсіби мерекелері ‒ Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

Салтанатты кездесуге «КТК» телеарнасындағы «Черный квадрат» бағдарламасының шеф-редакторы Валерий Тараканов, сондай-ақ, республикалық және жергілікті БАҚ-тың басшылары мен журналистері қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде облыстық соттың төрағасы сот жүйесі жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге журналистердің қосқан үлестерін ерекше атап өтіп, оларға жаңа заңнамалар мен облыс соттарының жұмысына енгізілген жаңалықтарды насихаттауда белсенділік танытқандары үшін алғыс білдірді.

Кездесу аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судьясы Виталий Мирошников баяндама жасап, қатысушыларды облыс соттарының ақпараттық жұмысы, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының заң үстемдігін қамтамасыз ету бөлігін жүзеге асыру барысы туралы хабардар етті, сонымен қатар Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл Тұжырымдамасының негізгі қағидаларымен таныстырды.

Кездесудің қонағы В.Тараканов өз сөзінде әріптестерін мерекемен құттықтап, Москвада өткен ХVIII Detective FEST Халықаралық фестивалінде «Черный квадрат» бағдарламасының екі кубок пен үш диплом алғанын, «КТК» телеарнасының жобасы ең үзіктердің бірі деп табылғанын айтып өтті. «Біздің бағдарлама фестивальда 57 елден келген бәсекелестердің арасынан озып шықты. Бұл жетістікке бағдарламаның кезекті шығарылымдарын дайындауда белсенділік танытқан облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов пен облыстың кейбір судьяларының да еңбегі бар»,- дей келе, В.Тараканов Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасына ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы үш судьяның төрағалық етуімен қаралған істердің негізінде түсірілген сюжеттері фестивальдің жеңімпазы деп табылғандықтан, В.Тараканов фестивальда алған дипломдарының көшірмелерін оларға табыс етті.

Облыс судьялары қауымдастығы атынан іс-шараға шақырылған барлық журналистерге облыстық сот төрағасының алғыс хаты және естелік сыйлықтар тапсырылды.

БАҚ өкілдері атынан «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Б.Тайжан, «Отырар - TV» телекомпаниясының директоры В.Куликова, «Дөңгеленген дүние» газетінің Бас редакторы Т.Орманов облыстық сот төрағасына жылы лебіздері мен журналистерге көңіл бөлгені үшін рахмет айтып, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс атқаруға дайын екендіктерін білдірді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/ontustik-kazakstan-oblystyk-sotynyn-toragasy-zhurnalisterdi-ksibi-merekelerimen-kuttyktady

0
0
710