Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты мен облыс әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында татуласу рәсімдері институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты жағдайда қол қойылды.

Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов, облыстық мәслихаттың хатшысы Қамытбек Айтөреев, облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, Шымкент қаласының аудандық және оған теңестірілген соттарының төрағалары мен судьялары, ОҚО бойынша соттар әкімшісінің басшысы мен облыстық, аудандық соттардың кеңсе меңгерушілері мен мамандары, сонымен қатар арнайы шақырылған қонақтар ‒ доғарыстағы судьялар, Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның ресми бөлімінің алдында қонақтарға облыстық сот ғимаратына экскурсия ұйымдастырылып, ондағы  мұражай, кітапхана және сот мәжіліс залдары көрсетілді және электронды сот ісін жүргізудің ерекшеліктері таныстырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұлов өз сөзінде бұл құжаттың маңыздылығын және оны бекіту қоғамдағы жанжал деңгейін төмендетуге ықпал ететін дауларды сотқа дейінгі реттеу институтын, соттағы татуласу рәсімдерін жан-жақты дамыту және табысты енгізу бойынша өзара әрекеттестікті нығайту және оған қолайлы құқықтық орта туғызудың қоғамдық-саяси маңыздылығын атап өтті.

Облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов бүгінгі қол қойылатын өзара ынтымақтастық туралы меморандумның маңыздылығы мен уақыт талабына сайкестігін атап өтіп: «Меморандум Мемлекет Басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған идеяларына толықтай сай екендігін айтып, дауларды (жанжалдарды) реттеудің сотқа дейінгі және соттан тыс институттарын жан жақты дамыту және белсенді түрде енгізу, сот өндірісінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану, сондай-ақ алқабилерге үміткерлердің тізімдерін қалыптастыру мәселесінде өзара әрекеттестікті күшейтуге мүмкіндік береді», - деді.

Осыдан кейін Меморандум аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы облыстық соттың татуласу рәсімі бойынша үйлестіруші-судьясы Нұрлан Биболов баяндама жасады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы, облыстық сот жанындағы Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі Хасан Бациев Меморандумды қолдайтынын айтып, осы бағытта атқарылатын жұмыстардың оң нәтиже беретініне сенімділігін білдірді.     Меморандумға қол қою барысында тараптар аталған бағытта ынтымақтастыққа және тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге әзірліктерін жеткізіп, көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда бір-біріне жетістіктер тіледі.

Қол қою рәсімінен соң өңір басшысы Шымкент қаласының Әл-Фараби және Қаратау аудандық соттарында болып, соттардағы информациялық технологияларды енгізу бойынша жұмыстарымен танысты.

http://sud.gov.kz/kaz/news/ontustik-kazakstan-oblystyk-soty-men-oblys-kimdigi-arasynda-ozara-yntymaktastyk-turaly

 
5
5
752

Осы тақырып бойынша

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты мен облыс әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды - Yvision.kz