Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізудің тиімді әдістері
2016 жылдың 28 маусым күні «БҚО бойынша Болашақ» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізудің тиімді әдістері» атты семинар-тренинг өтті.
Шараға жастар ұйымдарының көшбасшылары, әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылар, ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі, үкіметтік емес ұйым жетекшілер мен журналисттер қатысты.
Семинар-тренингте белгілі интернет жүргізушілер Нартай Әшім, Максим Рожин, Артур Нигметов өз ойларын ортаға салып, әлеуметтік желіні дамыту бойынша шеберліктерін көрсетті.
