Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақкөл ауданындағы дөңгелек үстел

А.ж. 28 маусымда Ақкөл ауданының орталық мәдениет үйінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел отырысына аудан басшылығы, мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары, жастар, үкіметтік емес ұйымдардың, құқық қорғау органдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Қ. Жапақов өз сөзінде мемлекеттік қызмет имиджін арттырудың, мемлекеттік қызмет ардагерлері мен жас мамандар арасындағы тәжірибе алмасудың, мемлекеттік аппараттың кәсібилігінің арттырудың қажеттілігін атап өтті.

Іс-шара барысында Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев «Мемлекеттік қызметтің адамгершілік қағидалары» тақырыбындағы баяндама оқыды. Баяндамада тұлғаның өзін өзі дамытуына, ұрпақтар сабақтастығына, мемлекеттік қызметтің қағидаттарына зор мән берілген.

Дөңгелек үстел аяқталған соң, қатысушылардың ұсыныстары мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын анықтайтын Манифестке енгізілді.

0
0
571

Осы тақырып бойынша

Ақкөл ауданындағы дөңгелек үстел - Yvision.kz